41
Нотариаттық палатаның қызметі ҚР Нотариат туралы заңымен
жəне жарғымен реттеледі. Нотариаттық палата заңды тұлға болып
табылады жəне заңда белгіленген тəртіппен тіркелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының əрбір облысы, республикалық маңы-
зы бар қалалары мен астанасында бір нотариаттық палата құрылады.
Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы
Республикалық нотариаттық палатаға бірігуге құқылы.
Нотариаттық палатаның өкілеттігі:
- жекеше нотариустарға
жалпы басшылық жасап, олардың
қызметін үйлестіріп отырады;
- мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүше-
лерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді жəне қор ғай ды,
нотариаттық істі дамытуда оларға көмек көрсетіп, жəрдем береді;
- жекеше нотариустар нотариаттық іс-əрекеттер
жасау кезінде
нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- жекеше нотариустың лицензиясының күшін тоқтата тұру, кері
қайтарып алу жəне тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
- нотариаттық іс-əрекет жасау нəтижесінде зиян келтіру салда-
рынан туындайтын міндеттемелер
бойынша азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастырады;
- жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауап-
кершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы жəне
жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін-
детті сақтандыру туралы ҚР заңдарының өзге де талаптарын бұзу
жағдайлары туралы аумақтық əділет органдарын хабардар етеді;
- жекеше нотариустарды
сынақтан өткізу мен оқытуды
ұйымдастырады;
- өз мүшелерінің қызметіне байланысты істер бойынша сот
белгілеген сараптама шығындарын өтейді;
- жекеше нотариусты кəсіптік міндеттері мен əдепті бұзғаны үшін
нотариустың ар-ождан кодексіне сəйкес жауапқа тартады;
- жекеше нотариустардың қызметтік іс-əрекеттеріне
азаматтар
мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарайды.
Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған іс-əрекет терінің
заңдылығы туралы мəселені қараған кезде нотариустан жасалған
нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтерді, ал қажет болған жағ дай-
ларда өз түсініктемелерін, соның ішінде кəсіптік əдептің сақтал мауы тура-
лы мəселелер бойынша түсініктемелерін табыс етуді талап ету ге құқылы.
Нотариаттық палата жарты жылдың жəне
жылдың қорытындылары
42
бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақ тық əділет ор-
ганына өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
Нотариаттық палата өз қызметін жарғы негізінде атқарады.
Жарғыда: атауы, қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлері; палатаның
құқықтары мен міндеттері; мүше болу мүшелікті тоқтата тұру жəне
одан айрылу шарттары мен тəртібі; мүшелердің
құқықтары мен
міндеттері, жауапкершілігі; басшы органдарды құру тəртібі, олардың
атқаратын қызметтері мен өкілеттік мерзімі; мүліктің қалыптасу көздері
жəне мүлік пен табысты пайдалану тəртібі; жарғыға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тəртібі; палатаны қайта құру мен тарату тəртібі;
таратылған жағдайдағы мүліктің тағдыры, т.б. көзделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: