Оқулық «Нотариат туралы»


 Қазіргі жағдайлардағы нотариат жəне оның рөлі



бет9/109
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118774
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

2.3. Қазіргі жағдайлардағы нотариат жəне оның рөлі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқық-
тары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы инсти-
туттарды одан əрі жетілдіруді талап етеді.
Адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау




23
жүйесіндегі маңызды тетігі Адам құқықтары жөніндегі уəкіл инсти-
туты болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын
құру Қазақстандағы демократияның дамуындағы үлкен қадам бол-
ды. Осы институт қызметінің нəтижелігін арттыру мəселесін қарау
керектігін тəжірибе көрсетіп отыр.
Құқық қорғау институттары жүйесіндегі жетекші рөлге
азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізі болып табы-
латын нотариат ие.
Азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конституциялық
құқығын іске асыру əділ сот төрелігіне қол жеткізудің шарты мен
кепілі болып табылады. Осы құқықтың іске асырылу тетіктері
жетілдіруді қажет етеді.
Заңгерлік көмек көрсету жүйесінің өзі де жетілдіруді талап
етеді. Ең алдымен, табыс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек
көрсету жүйесін жақсарту қажет.
Маңызды міндеттердің бірі – нотариат қызметінің жүйесін
жетілдіру. Нотариаттың азаматтық айналымдағы қатынастардың
қосымша тұрақтылығын жəне заңдық қауіпсіздігін, азаматтар мен
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауды
қамтамасыз ететін құқықтық инфрақұрылымның бір бөлігі ретіндегі
рөлін нормативтік-құқықтық айқындау қажет. Нотариаттың ұлттық
моделі нотариаттың көмегіне барлық ел аумағында қол жеткізуді
қамтамасыз етуге тиіс.
Қазақстан Республикасындағы нотариат – құқықтар мен
фактілерді куəландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-əрекеттерді
жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат міндеттерін нотариус орындайды. Ол:
1. ҚР Нотариат қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық
актілерінің талаптарына сəйкес нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға;
2. Азаматтарға жəне заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді
түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге
пайдаланылуы болдырмау үшін,
жасалған нотариаттық іс-
əрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге;
3. Кəсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі
болған мəліметтерді құпия ұстауға;
4. ҚР-ның заңдарына сəйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-
əрекеттер жасаудан бас тартуға;




24
5. Кəсіптік əдепті сақтауға;
6. Əділет органына жəне нотариаттық палатаға өз іс-əрекеттеріне
түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-əрекеттер ту-
ралы мəліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке
түсініктемелер, оның ішінде кəсіптік əдеп талаптарын сақтамау
мəселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.
Нотариус сотта немесе басқа құзіретті органда іс туындаған
жағдайда, егер кейіннен дəлелдемелерді табыс ету мүмкін емес не-
месе қиын болады деп топшылауға негіз болса, мүдделі тұлғалардың
өтініші бойынша қажетті дəлелдемелерді қамтамасыз етеді. Нотари-
ус мүдделі тұлғалар өзіне өтініш жасаған кезде соттың немесе басқа
құзіретті органның қарауында жатқан іс бойынша дəлелдемелерді
қамтамасыз етпейді.
Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын негізгі белгі
болып, оның юрисдикциялық, құқық қорғаушы қызметі табыла-
ды. Бір жағынан, бұл қызмет Əділет министрлігінің құқықтық
қорғау мен заң қызметін ұйымдастырудың жалғасы болып табы-
лады. Өйткені мемлекеттік жəне жеке нотариустар реестрін ҚР
Əділет министрлігі жүргізеді. Екінші жағынан, нотариат пен сот
азаматтық айналымдағы бастапқы жəне кейінгі бақылауда бірдей
қызмет атқарады.
Сондықтан да, олардың қызметі тығыз байланысты. Сот
нотариаттық қызметке арыздар мен одан бас тарту арыздарын
қарастырса, нотариаттық актілер сотта немесе арбитраждық сотта
қаралады. Бірақ кейбір қызметтерді жасаған кезде нотариаттық ор-
ган сот сияқты: АІЖК нормаларын қолданады.
Нотариаттық қызметтің пəніне құқықтар мен фактілерді
шоғырландыру жəне жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау кезінде пайда болатын қатынастар жатады.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, “Нота-
риат туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі
заңынан жəне Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті
реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Азаматтардың заңды мүдделері мен субъективтік құқықтарын
қорғауды ұйымдастыру қызметін ҚР-да құрамына нотариат та
кіретін органдар жүйесі атқарады. Оған, біріншіден, мемлекеттік
нотариаттың кеңселері мен жеке практикамен айналысушы нота-
риустар, нотариаттың іс-əрекет жасауға уəкілетті атқарушы билік
органдарының лауазымды тұлғалары, ҚР консулдық мекемелердің




25
лауазымды тұлғалары, бас дəрігер, қарттар мен мүгедектер үйінің
бастығы, нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілетті əскери
мекемелердің басшылары кіреді.
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту мен кəсіпкерліктің
дамуына, меншік нысанының алуан түрлілігіне байланысты нотари-
ат реформасы қажет болды. Сол себептен 1997 жылы 14 шілдеде
“Нотариат туралы” заң қабылданды.
Бұл реформаның нəтижесінде экономикалық кеңістікте 2:
біріншісі – мемлекеттік кеңседегі нотариус,
екіншісі – жеке практикамен айналысушы нотариус қызмет
ететін болды.
Олардың айырмашылығы мынада: мемлекеттік нотариус
нотариаттық қызмет үшін түсетін пайданы мемлекетке береді де, ол
үшін нақты жалақы алады, ал жеке практикамен айналысатын нота-
риус барлық ақшаны өзіне алады (салық пен заңда көзделген басқа
жағдайларды қоспағанда).
Нотариаттың азаматтық қоғамдағы маңызы өте зор. Нотариус-
тар адамдарға толық меншік иесі болуына көмектеседі, құқықтық
тəртіптің орнауына белсенді қатысады. Шынымен де, қазіргі кездегі
жаңа меншік құқықтық қатынастарының пайда болуына байланы-
сты көптеген азаматтар нотариустың көмегіне жүгінеді. Өйткені
нотариус заңды тұлғалар мен азаматтардың заңды мүдделері мен
сөзсіз құқықтарының кепілі болып табылады.
Нотариат – мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде қаралады.
Бұл жүйеге ҚР Əділет министрлігі, мемлекеттік нотариустар, жеке
практикамен айналысушы нотариустар, консулдық мекемелер мен
атқарушы биліктің лауазымды тұлғалары жəне ерекше жағдайда
нотариаттық іс-əрекеттер жасауға өзге де уəкілетті лауазымды
тұлғалар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет