15
маларынан жəне Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті
реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық іс-əрекеттерді жүргізу заңдар мен нормативтік
құқықтық актілермен бірге Нұсқаулықтарға, Ережелерге не-
гіз деледі. Оған Қазақстан Республикасы нотариустарының
нотариаттық іс-əрекеттерді жасау тəртібі туралы, Қазақстан Респу-
бликасында нотариаттық іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі, Қазақстан
Республикасы нотариустарының депозиттік операцияларға есеп
жүргізу тəртібі туралы нұсқаулықтары, Нотариустардың сынақтан
өтушілері туралы, Нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар
беру тəртібі туралы, Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, т.б. ережелері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: