Оқулық «Нотариат туралы»


 Егеменді Қазақстанның нотариатының даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет8/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
2.2. Егеменді Қазақстанның нотариатының даму кезеңдері
Қазақстан Республикасын тəуелсіз мемлекет деп жариялаған 
соң нотариаттың дамыту кезеңдері пайда болды, атап айтқанда:
1994 жылы Қазақстанда Мемлекеттік заңдық реформаның 
бағдарламасы қабылданды;
1997 жылдың 14 шілдесінде «Нотариат туралы» заң қабылданды;
1997 жылдың желтоқсанында Əділет министрлігінен респуб лика-
ның мемлекеттік нотариустары іскерлік сараптаудан өтті. Іс керлік 
сараптау кəсiби бiлiмдерін тексеру ғана емес, оларды нарықтық 
ойлауға парасаттық жəне психологиялық тұрғыда бағыттады;
1998 жылдың 5 сəурінен бастап, нотариалдық іспен айналысу 
құқығына алғашқы лицензиялар берілді;
1998 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында нотариат тура-
лы 30-дан астам нормативтік актілер, сонымен қатар нотариалдық 
қызметті iске асыру туралы нұсқауқлықтар, нотариустардың iс 
жүргiзуi туралы нұсқаулықтары, құжатты ресiмдеудегi дұрыс-
тықтары туралы нұсқаулықтар, нотариалдық қызметті атқару 
құқығына ие болған лауазымды тұлғалар жəне т.б., құрастырылды;
1998-1999 жылдары республиканың облыстарында жеке но-
тариаттарды реттеу жəне үйлестіру үшін жаңа басқару органы – 
аймақтық нотариалдық палаталар құрылды.
2000 жылдың 18 ақпанында аймақтық нотариалдық пала-
та өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді, соның нəтижесінде 
республикалық нотариалдық палата құрылды.


22
2001 жылдың тамызында – «Қазақстандағы құқықтық реформа: 
нотариалдық жүйені реформалау» ТАСИС жобасы іске асырыла ба-
сталды. 
2001 жылдың қыркүйек айында республикалық нотариалдық па-
лата Афина қаласында өткен Латын нотариат одағының халықаралық 
конференциясына бақылаушы ретінде қатысты.
2003 жылдың 5 мамырында – «Нотариат туралы» Қазақстан 
Республикасының заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу» 
заңы қабылданды. Нотариалдық қызмет кəсiпкерлiк болып табыл-
майтыны жəне пайда табу мақсатын көздемейтіні туралы заңдық 
бекіту тапты. Бұдан былай нотариат ашық құқықтық институт жеке 
жəне заңдық тұлғалардың мүдделерін қорғайтын заңмен бекiтiлген 
жүйе болып табылды.
2011 жылдың 26 желтоқсанында – «Нотариат туралы» Қазақстан 
Республикасының заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу» 
заңы қабылданды. Заң нотариалдық əсерлердің кадрлық резерв 
туралы жағдайды жəне нотариустың бос қызмет орнының орнын 
басу жарысын болдырмауды жетілдіру жобасынан бас тартуға 
бағытталған. Əдiлеттiк органдарының құзырларынан əрбiр 
нотариалдық округ бойынша нотариустардың сандарын бекiту
нотариалдық қызмет көрсетуге лицензия алған тұлғалардың 
резервiн құрастыру, жеке нотариустың бос орнын басуға 
конкурстық таңдау өткізуден бас тарты. Нотариалдық қызметтiң 
ұйымы реттеледi, сонымен қатар нотариалдық кеңселерге деген 
талаптар орнатылады. Нотарус лицензиясын алуға үміткерлерді 
іскерлік сараптау кезіндегі жəне нотариус орнына үміткерлер, 
олардың қызметтерінің аумағын анықтау сайыстарын өткізер кез-
де коррупциялық факторлар жойылады.
Сайып келгенде, нотариаттың даму кезеңі мен қалыптасуына 
қарасақ, бұл институтқа өзгерістер енгізілді, дегенмен нотариустың 
құқықтық жағдайы тарихтың сан алуан өзгерістерінде өзгеріссіз 
қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет