Оқулық «Нотариат туралы»


-тақырып. Нотариаттық қызметтің даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет93/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   105
2-тақырып. Нотариаттық қызметтің даму кезеңдері
Қазақстанда 
құқықтық 
мемлекет 
құру 
азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы 
институттарды одан əрі жетілдіруді талап етеді. Адам жəне аза-
мат құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі маңызды 
тетігі Адам құқықтары жөніндегі уəкіл институты болып табыла-
ды. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын құру Қазақстандағы 
демократияның дамуындағы үлкен қадам болды. Осы институт 
қызметінің нəтижелігін арттыру мəселесін қарау керектігін тəжірибе 
көрсетіп отыр.Құқық қорғау институттары жүйесіндегі жетекші 
рөлге азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізі бо-
лып табылатын нотариат ие. Азаматтардың білікті заңгерлік көмек 
алуға конституциялық құқығын іске асыру əділ сот төрелігіне қол 
жеткізудің шарты мен кепілі болып табылады. Осы құқықтың іске 
асырылу тетіктері жетілдіруді қажет етеді. Заңгерлік көмек көрсету 
жүйесінің өзі де жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен табыс деңгейі 
төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту қажет.


165
3-тақырып. Нотариат органының жүйесі
Нотариатты Қазақстан Республикасында органдар жүйесі, со-
нымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес 
нотариалдық қызметті іске асыру құқығы берілген лауазымды 
тұлғалар құрайды.Бұл жүйеге,мемелекеттік нотариалдық кеңселерде 
жұмыс істеуші нотариустар немесе жеке тəжірибемен айналы-
сушылар, сонымен қатар, заңнамаға сəйкес ерекше жағдайларда 
ғана нотариалдық əсерлермен айналысуға құқығы бар лауазымды 
тұлғалар кіреді. Нотариаттық жүйеге кіретін органдар өкілеттілігі 
əртүрлі. Нотариалдық əсерлерді толық көлемде мемлекеттік 
нотариалдық қеңселерде жұмыс істейтін нотариустар, əрі жеке 
тəжірибеленушілер атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет