Оқулық «Нотариат туралы»


-тақырып. Нотариустардың іс-əрекетін қадағалау



Pdf көрінісі
бет94/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105
4-тақырып. Нотариустардың іс-əрекетін қадағалау
Нотариустар мынадай қызметтер, яғни клиенттердің құжаттарын 
бекіту жəне нөмірлеу жəне құжаттардың көшірмелерін т.б. бекітумен 
айналысады. Нотариустардың құқықтарына сондай ақ көмекшілері 
мен сынақтан өтушілерін игеру құқығын жатқызуға болады. ҚР аза-
маты ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Оған арнайы білім та-
лаптары қойылмаған. Азаматтық заңнаманың жалпы ережесі бойын-
ша, ол толық əрекетке қабілетті болуы тиіс. Нотариустың көмекшісі 
нотариустың тапсырмаларын, нотариустың нұсқауымен жəне 
жауапкершілігімен орындауға құқылы. Нотариустың нұсқауымен 
берілген тапсырмаларға Клиентпен ұсынылған құжаттарды тек-
серу, мəмілелерді жасау түрлерін қарау, нотариустың болмауы-
на байланысты нотариалдық құжаттарды алу уақытын клиенттер 
үшін маңыздылығын талқылау. Статистикалық есеп тапсыру үшін 
мəліметтерді дайындау, кіріс жəне шығыс жіберілімдерін тіркеу, 
істің наменклатурасы бойынша құжаттарды тігу, телефон байла-
ныстары бойынша хабарламаларды қабылдау, құжаттарды тізімдеу 
жəне əзірлеу жатады. Көмекші шарттық төлем немесе жалақы ала 
алады. 
Нотариаттық 
палата 
жеке 
практикамен 
айналысатын 
нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру жəне 
қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-əрекеттер жасау кезінде 
нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін 
құрылатын коммерциялық емес, кəсіптік, өзін-өзі қаржыландыратын 
ұйым болып табылады. Нотариаттық палата жеке практикамен айна-
лысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру 


166
жəне қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-əрекеттер жасау кезінде 
нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін 
құрылатын коммерциялық емес, кəсіптік, өзін-өзі қаржыландыратын 
ұйым болып табылады. 
Жасалған нотариаттық іс-əрекеттердің заңдылығын жəне 
мемлекеттік нотариустың жəне аудандық маңызы бар қалалардың, 
кенттердің, ауылдардың, селолардың, ауылдық округтердің əкімдері 
аппараттарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережелерін 
сақтауын бақылауды аумақтық əділет органы жүзеге асырады. Жеке 
практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық іс-
əрекеттерінің заңдылығын жəне іс жүргізу ережелерін сақтауын 
бақылауды аумақтық аумақтық əділет органы мен нотариат пала-
тасы жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тəртібін Қазақстан 
Республикасының əділет министрлігі Республикалық нотариаттық 
палатамен бірлесіп белгілейді. Нотариустың жəне аудандық 
маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер, əкімдер 
аппаратының лауазымды адамдарының салық заңдарын сақтауын 
бақылауды Қазақстан Республикасының салық қызметінің органда-
ры жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет