59
тапсырыс орталықтандырылған тəртіппен аумақтық əділет органы
не аумақтық нотариаттық палатаның жазбаша тапсырысы бойынша
жүзеге асырылады.
Мөрлер арнайы ашылып жүргізілетін, нөмірленген, жіппен
бауланған жəне тиісті органның мөрімен бекітілген журналға
қолдары қойылғаннан кейін ғана беріледі. Журнал қатаң есеп-
ке алынған жəне тұрақты сақталатын құжат болып табылады.
Нотариус мөрі куəландыру жазбасының мəтінінде нотариаттық
куəландыру немесе құжатты куəландыру кезінде, қаулыда неме-
се тапсырмада олардың өз қолдарын бекіту үшін пайдаланылады.
Мөрді нотариаттық қызметке қатысы жоқ құжаттарға соғуға жол
берілмейді. Мөрдің дұрыс пайдалануы мен сақталуы жөніндегі
жауапкершілік нотариусқа жүктеледі. Мөр жоғалғанда немесе
ұрланғанда нотариус аумақтық əділет органына немесе нотариаттық
палатаға жедел хабар беруге міндетті.
Мемлекеттік нотариус қызметтен босатылған жағдайда не жеке
практикамен айналысатын нотариустың лицензиясы тоқтатылғанда
немесе кері қайтарылып алынғанда аумақтық əділет органы жəне
нотариаттық палата нотариус мөрін алу жəне бұдан əрі осы мақсатқа
пайдалануға болмайтындай етіп бедерін кетіру жолымен комиссия-
лы түрде жою шараларын қолданады, бұл жөнінде акт жасалынады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясы
тоқтатыла тұрған жағдайда мөр уақытша сақтауға аумақтық əділет
органына тапсырылады. Жеке мөрлерді пайдалану үшін тек көк
жəне қою көгілдір бояғыштарды қолдануға болады, қара немесе
түрлі-түсті бояғыштарды қолдануға болмайды.
Жойылған мөрлердің күшін жойғандығы жəне жарамсыздығы ту-
ралы хабарды əділет органдарының республикалық жəне жергілікті
басылымдарында жариялау қажет
Достарыңызбен бөлісу: