Оқулық «Нотариат туралы»


құжат үлестің бөлінуі туралы белгі соғылып, құқықты иеленушіге  қайтарылады. 4



Pdf көрінісі
бет27/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
67
құжат үлестің бөлінуі туралы белгі соғылып, құқықты иеленушіге 
қайтарылады.
4. Некелік келісімшарт міндетті нотариаттық куəландыруға 
жатады. Нотариус некелік келісімшарт туралы мəмілелерді 
куəландырудың жалпы ережелеріне сəйкес куəландырады. Некелік 
келісімшартта тараптардың мүліктік құқығы мен міндеттері, сондай-
ақ ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін басқа шарттар да реттелінеді.
Некелік келісімшарттар неке тіркелгенге дейін жəне соны-
мен қатар тіркелгеннен кейін де куəландырыла береді. Неке 
келісімшарты жасалған соң жұбайлардың мүліктік келісім тəртібі 
ерлі-зайыптылардың неке кезіндегі жинаған мүліктерін иелену, 
пайдалану мен билеуде тең құқыққа ие болатындығы жөніндегі 
бірлескен меншіктің бекітілген заң тəртібінің орнына қолданылады.
Некелік келісімшарт, сонымен қатар жұбайлардың біреуінің не-
кеге дейінгі немесе неке кезіндегі сыйға тартылған немесе мұралық 
тəртіппен иеленген мүліктерін иелену, пайдалану мен басқару 
тəртібін өзгертуі мүмкін. Некелік келісімшарт жасау кезінде тарап-
тар өз қалаулары бойынша: 
1. Ортақ меншік тəртібін, не неке кезінде жинаған барлық 
мүліктеріне бөлек меншік тəртібін, жұбайлардың біреуінің 
болашақта иеленетін мүліктерінің бөлігіне немесе жекелеген 
түрлеріне меншік тəртібін таңдауға;
2. Бір-бірін асырау жөніндегі өздерінің құқықтары мен 
міндеттерін анықтауға;
3. Жұбайлардың табыстарына қатысу тəртібін белгілеуге;
4. Отбасының шығындарды бөлу тəртібін анықтауға;
5. Неке бұзылған жағдайда жұбайлардың əрқайсысына берілетін 
мүлікті анықтауға;
6. Некелік келісімшартқа жұбайлардың мүліктік қатынастарына 
байланысты кез келген өзге де жағдайларды енгізуге құқылы.
Сонымен қатар некелік келісімшартта көзделген құқықтар мен 
міндеттер белгілі мерзімдермен шектелуі не ерекше жағдайлардың 
туындауына немесе туындамауына байланысты болуы мүмкін. 
Некелік келісімшарт жұбайлардың келісімі бойынша кез келген 
уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін, бұл жағдайда некелік 
келісімшарттың өзгертілуі немесе бұзылуы туралы келісім міндетті 
түрде нотариаттық куəландыруға жатады. Некелік келісімшартты 
орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді. Нотариус 
жұбайларға мүлік жөнінде мəмілелер жасағанда нотариустың, со-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет