аркылы анып білуге бел байлайды. Бул поцесс абсолюттік идеяның мақсатшлыққа құштарлыгын кѳрсетеді. Ѳйткені, абсолюттік идеяның, әуел бастан-ақ негізгі мақсаты - ақикатка жету, ал ақикаттың өзі - абсолюттік идеяның өзі болғандыктан, бұл мақсатын жалпы дүние жүзілік тарихтың даму порцесіндегі адамдардың іс-эрекеті негізінде 81
жүзеге асырады. Демек, таным процесі дегеніміз антропологиялык адамдарға “таза акыл-ой санасының енуі” (феноменология дегеніміз осы) арқасында адамдар танып-білуші — субъектіге айналып, объектіні (өзінің баска түрін) тануға ұмтылады да, өзімен (абсолютгік идея — субъект ретінде) табиғаттың (абсолютпк идея объект ретінде) арасында «чтпгаяпяй айырмашылыктың жок екенін байкайды. Ал объект - табиғат үстіндегі жамылгысын ысырып тастап, өзінін ақылды екенін түсініп, акикат тілімен сөйлей бастайды. Сөйтіп, танып-білуші рух та, танылуға тиісті рух та өзгереді: бір жагынан танылған зандылыктар, касиеттер объектіні абсолюттік идеяныи бұрынғы, “өзінде болған” кезінен басқаша қылып өгертсе, екінші жағынан, танымның өзі байып, жаңа сатыға көтеріледі. Гегельдің пікірінше, сезімдік тэжірибе аркылы кездейсок, бір- бірімен байланыссыз накты кұбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал затгарға тэн жалпылыкты, мәнді біз тек акыл-ой күші аркылы ғана білеміз. Онда да, адамдардың емес, олардан тыс, объективті рухтың, басқаша айтканда, жалпы рухани тәжірибенің аркасында ғана біле аламыз. Себебі, жеке адамның өсіп-дамуы - жалпы адамзат тарихының рухани дамуы белгілі заңдылықтарға (таза авсыл-ойдың логикасына) сәйкес өрбіп отыратындықтан, оны жеке адамдар танып-біле алмайды,