жалпылықты ерекшелеп бекітеді. Бірак барлык корытынды ғылыми теория калыптастыратындай теориялык бола алмайды. Мысалы, көбіне бірінші жэне екінші бастаулар деп аталатын классикалық термодинамиканың негізгі заңдарына токталайық: Сырттан энергия алмай жұмыс істейтін немесе сырттан алынған энергия мөлшерінен артык жұмыс істейтін мерзімдік двигательді жасау мүмкін емес. Жалғыз нәтижесі суык денеден ыстык денеге жылу формасында энергия беру болып табылатындай үдерістің болуы мүмкін емес. Бұл екі заң да жылу процестері мен осы процестерді пайдаланатын кұрылғыларын (пеіптер, бу машиналары жэне т.б.) сан мындап практикалық бақылаулардың нәтижесі болып табылады. Бірақ бұл корытындылар пікірге де ұксамайды. Мүның себебі неде? Оның себебі, ғылыми корытындылар (түйіндер) бакылаулар мен эксперименттердегі ортак жалпылыктарды ерекшелеп кана коймай, біркатар ерекше логикалык тэсілдерді колдануында да болып шыкты: - шектеулі көпшілік эксперименттерде кадағаланған жалпы сэттер мен қасиеттердің жылудьщ жұмысқа айналатын барлык мүмкін жағдайларына, жылу бөлудің барлык процестеріне, оның ішінде бақьшанбаған Ғаламның ең шалғай, қадағалау мүмкін емес пункттеріне де таралуымен сипатталатын универсалдандыру тэсілі; - жоғарыда сипатталған зандардағы үдерістердің "таза" күйінде, іске асатын, яғни, өйткені накты шындыкта олар жүзеге аспайтын шартгарын білдіретін идеалдандыру тәсілі: берілген жағдайда термодинамикалык жүйе (двигатель) сыртқы әлемнен мүлдем окшауланған жэне энергия алмасу (оның ішінде берілген жүйеге