ауырлықтары мен мұктаждықтары бар, өзіне өзінен тыс бірдеңеге ұтылу тэн біздін эмпирикалық өміріміз, өзіндік максат емес жэне бола алмайды; керісінше өмірге мағыналық берудің бірінші шарты, оның соңынан мағынасыз кудалай беруді, оны оның өзі үшін мағынасыз ысыраптауды токтату, сөйтіп оны жоғарғы, акталуы өз өзінде болатын бірдеңеге арнау. Бірақ бұл жоғарғының өзі өмір болуы - біздің өміріміз соған келіп кұятын, толыктай соған сіңіп кететін өмір болуы керек. Игічіктегі өмір немесе игілікті өмір немесе игічік өмір ретінде - міне, біздің ұмтылыстарымыздың максаты осы. Кез-келген парасатты өмірлік максаттың қарама-карсылығы өлім, бейболмыс болып табылады. Ізделген игілік тек «мұрат», жеміссіз және накты болмайтын бірдеңе ғана бола алмайды, ол сонымен катар біздің өмірімізді орап алатын жэне оның соңғы, терең мэнін білдіретіндіктен ол өмірге соңғы канағаттануды беретін жанды болмыс болуы керек. Мұндай игіліктің нақты мысалын - мысалдан да жоғарысын - біз махаббаттан көреміз. Біз нағыз махаббатпен сүйгенде, біз одан нені іздейміз жэне бізді онда не канағаттандырады? Біз жеке қуаныштардың дэмін татқымыз келеме, сүйікті жанымызды жэне оған деген катынасымызды өзіміздің субъективті лэззаттануымыздың кұралы ретінде пайдаланғымыз келеме? Бұл нағыз махаббат емес, нэпсі кұмарлык болар еді жэне мұндай катынас ең алдымен жани бостыкпен, канағаттанбаудың суығымен және уайымымен жазалатын еді. Біз өз өмірімізді сүйікті жанымызға қызмет етуге арнағымыз келеме? Эрине келеді, бірак бұл кызмет ету біздің өз өмірімізді үмітсіздендіретіндей немесе кажытатындай болмаса екен дейміз; біз сүйікті жанымыз үшін