болмысын түсіндіруге болатын әмбебап эдіс деп карастырады. Осыдан келіп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мэніне айналдырып, герменевтикаға универсалды (әмбебаптык) мэн берді (Гадамер). Сөйтіп, герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияньщ пәні адамдардың катынасы ретінде түсінілген адамдар әлемі болып табылады. Сөйтіп, тек осындай атынастарда ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жатады, мәдени жэне ғылыми кұндылыкгар туындайды. Ал, когамдагы әлеуметтік қайшылыктар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жаткан кұбылыстар. Жалпы алғаңда, аталған философиялық ілімдер, эр қайсысы өз кағидалары тұрғысынан заманымыздың күрделі проблемаларын шешу жолдарын карастырып, казіргі кездегі ғылымдар колданып отырған жаңа тәсілдерді түсініп, осыған орай соны мәселелер көтеріп, философия тарихында өзіндік із калдырып отырған дүниетанымдык көзкарастар. Осы ерекшеліктерді қазіргі замандағы шығыс елдерінде дамып отырған философиялык бағыттардан кең көлемде байкауға болады.
4-ТАК>ЫРЫП. БОЛМЫС. ОНТОЛОГИЯ «Онтология» термині грек тілінде екі сѳз тіркесінен тұрады: «ontos» - болмыс, «logos» - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап колданылады, бірак оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала калыптасты. Онтологияда «болу» деген касиетке ие болатын барлык нэрселер мэнін ашуға негізделетін болмыс мэселесінін