санау жүйелерінде, бірінде уакыт интервалы кыска, екіншісінде - үзак, әр түрлі болып көрінетін кырының кеңістіктік-уакыттык сипаттамасының тек бір жағы ғана. Кеңістіктік интервалда да - дененің ұзындығында да осылай. 5.2 Философия категориялары Философияның методологиялык функциясы ең алдымен танымдык жэне практикалык эрекеттің жалпы, универсалды алғышарттарын (ережелері мен принциптерін) калыптастырумен байланысты болады жэне ол ең жалпы ұғымдардың - категориялардың көмегімен жүзеге асады. Категорияларға мыналар жатады: «бүтін» жэне «бөлік», «жүйе», «күрылым», «элемент», «байланыс», «катынас», «форма» жэне «мазмұн», «жалпы», «ерекше» жэне «жалкылык». Дэл осьшардың көмегімен алуантүрлілік тұтастығының философиялык принципі методологиялык маңызына ие болады. Жоғарыда келтірілген категориялардың барлығы өзара байланысты. Біз талдауды олардың ішіндегі ерте кезден белгілісі «бүтін» жэне «бөлік» ұғымдарынан бастаймыз. Бүл ұғымдар нені білдіреді? Олардың мағынасын аныктау оңай емес. Ол үшін жеке тәжірибеге, мысалдарға сүйенейік. Мысалы, біз 2, 4, 6, 8 сандарын дұрыс бөлік, 0 , 1 , 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 жэне т.б. натуральды сандардың көпшілігі дейміз. Адаскан екі қой - отардың бөлігі жэне цех - заводтың бөлігі, ми, бүйрек, бауыр және т.б. жеке органдар бүтін ретіндегі адам ағзасының бөліктері. Жекелеген заттар өзін күрайтын бөліктерге бөліне алатындығы ерте кездегі адамдар үшін үлкен жаңалык болды. Адамдар күрделі міндетгерді карапайымға бөліп және бөліктері бойынша шешіп үйренді. «Бөлік» жэне «бүтін»