Щыздырып өцдву. Тот баспайтын болаттын, механиқалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үшін қыздырып өңдеу қолданылады. Болатты қыздырып өңдеудің мәні металды белгілі бір температураға дейін қыздырып, сол температурада үстап тұрып және соңынан жайлап немесе тез суытуында. "Шынықтыру" деген термин болаттын, қаттылығын жоғарылату дегсн емес, ол 1100°-1200°С қыздырылған затты тез суытып тұрақты аустиниттік құрылым алу. Қыздырып өңдеудің негізінде металдың екінші рет кристалдану құбылысы жатыр. Кристалдардын, сұйық құймадан қүрылуын бірінші рет кристалдануы деп атаймыз.
Темір құймалары сұйық күйден қатты күйге көшкенде цементит (темірдің қөміртегімен қосылысы) атты қүрылыс түзеді. Егер одан ары суытатын болсақ цементит бұзылып, темір қүрамындағы көміртегініқ қатты ерітіндісі түзіледі - аустенит. Тот баспайтын болаттын, аустенитті құрылысы механикалық көрсеткіштері бойынша еқ жақсысы болып есептелінеді. Бірақ біз жайлап суытқан кезде бүл құрылыс тұрақсыздық көрсетіп 875°С жаңа перлит деген құрылыс түзеді. Ол цементит бөліктерінің темірмен қосылысынан туындайды.
Егер болатты қайтадан қыздыратын болсақ, онын, құрылысындығы өзгерістер кері бағытта сол тәртіппен өзгереді. Бұл мсталдың екінші рет кристалдануы деп аталады. Тот баспайтын болаттық аустениттік құрылысы ең тиімді болғандықтан оны сол қалыбында сақтап қалу керек. Ол үшін тот баспайтын болатты 1100-1200°С дейін қыздырып,тез суық суга сала
қою қажет. Бұл жағдайда кристалдық қүрылысы бұзылмастан аустениттік қүрылысы сақталады.
Tic протезін салу тәжірибесінде тот баспайтын болатты қыздырып өңдеу,оны жұмсарту үшін де қолданылады, мысалы: механикалық өңдеуден кейін, қалыптағаннан кейін. Ол үшін 500°С дейін қыздырып ауада жайлап суытады. Ауызға салынатын қандай да болмасын тот баспайтын болаттан жасалған протездіқ қүрылысы аустенитті болу керектігін естен шығармау керек.