3.8. Пластмассаны полимерлік жолмен алу Алынған пластмассанын, физикалық, химиялык, көрсеткіштері жоғары болуы үшін дұрыс температуралық тәртіп болу керек. Жоғарғы температура полимерлік байланыстардың санын көбейтеді. Бүл процесс экзотермиялық реакция бойынша жүреді. Массаның ішкі температурасы 100°С аспау керек. Егер температура одан асып кетсе мономер қайнап, буға айналады,пластмассаның құрамында кеңістіктер (тесіктер) пайда болады.
Пластмассанын, физикалык, және механикалық көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген жағдайлардан төмендеітіндіктен полимеризация кезінде температуралық ережені қатан, сақтау керек.
Полимер мен мономердіқ қосындысын қамыр тектес кезеңінде қалыпқа (кювета) салып пресс-станогымен 30-40 минуттай қысым түсіреді. Сонан соң қалыпты 20-22° С суға салып, онын, температурасын бір сағаттын, ішінде біртіндеп 100° С жеткізеді де, 30 минут осы температурада ұстайды. Біртіндеп судык температурасын төмендетіп салқындатады, толық суыған кезінде қалыпты ашып, протезді өңдейді (егелеу, эрлеу және жалтырату).
3.9. Өз бетімен қатаятын пластмассалар Бұл пластмассалардың құрамына сыртқы температураныд әсерінсіз полимеризацияға кіретін акрилатты пластмассалар жатады. Егер де акрилатты пластмассалардың қүрамында реакцияны тездсткіштср (активатор) болса,сыртқы температуранын. осерінсіз полимеризация реакциясы жүргізіледі.
Өз бетімен қатаятын пластмассаларға протакрил, редрнт 02,03, норакрил, стадонт, карбопласт, акрилоксид және басқалар жатады. Бүлардың құрамында дисульфаномин және диметилпаратолуидин активаторлары бар.
Протакрил,редонт ортопедиялық стоматологияда сынған .ілмалы-салмалы протездерді жөидеу үшін және қозғалған тістерді бір-біріне байлап бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар ортодонтиялық аппараттарды жасау ушін ксңінен қолданылады.
Таблица 7
Полимеризациалау кезеқдеріндегі өзгерістер мен оларды тексеру дәрежелері.
кезеңдері
полимер мен мономердік қосындысынан алынган заттың физикалық және химиялық көрсеткіштері
тексеру дәрежесі
1. құмтектес
полимер мен мономер қосылганда поли-мердің (үнтақтын.) сыртқы қабатында химиялық реакция бар, сыртқы қабаты жұмсақ, ішкі қабаты қатты.
ұнтақпен сүйықть қосқан кезінде суга салынган құм тәріздес болып қорінеді.
2. к,ыл -тәріздес (созылмалы, жабысқыш)
мономер полимерге толық сіңіп, поли-мердің сыртқы қабыгы толық еріп, ішкі қабаты жұмсарады
қамыр тәріздес қолга жабысқыш созылып, қыл тэріздес болуы.
3. қамыр тә-різдес
полимер толық мономерде еріп, біртутас болуы
қолга жабыс-пайды жэне өте жұмсақ
4. резина
тәріздес
біртұтас, өте тыгыз, қаттылау
жұмсактау, колга алған кезде температурасы жогары жылу бөлінің шыгады.