179
Өсімдік
объектілері:
Кіресгүлділер
және
Қалампырлар
тұқымдастары
гүлдерінің
фиксациялық
спирттік
материалы,
тұқымдастар өкілдерінің кептірілген үлгілері.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Кіресгүлділер тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша
өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: жапырақтың орналасуын,
жапырақтардың пішінін, олардың сабаққа бекітілу тәсілдерін,
мамықтанудың болуын зерттеңіз. Өсімдіктің біржылдық немес
көпжылдық екенін анықтаңыз.
2. Анықталатын өсімдіктің гүлін препараттаңыз, оның бөліктерінің
суретін салыңыз.
3. Анықталып жатқан өсімдіктің жемісін зерттеңіз, альбомда оның
құрылымының суретін салыңыз. Қырыққабат
(Brassica) және Шомыр
(Raphanus) тектері үшін бұршаққынша құрамында тұқымы жоқ
тұмсықтың бар болуы тән. Лунник
(Lunaria) және Жауылша
(Alyssum)
тектерінің өкілдерінде бұршаққынша кең қалқанды, аралықпен,
қатарлас келген жармамен болады. Жұмыршақта
(Capsella) және
Қанатжемісте
(Thlaspi) аралық бұршаққыншаның жармаларына
перпендикулярлы орналасқан. Майракебісте
(Bunias) және Бүйрекбетте
(Neslia) аралық біртұқымды болып келеді, сондықтан оны
бір жаңғақ
тәрізді бұршаққынша деп атайды.
4. Өсімдік айырғышты қолданып, Кіресгүлділер тұқымдасының
өсімдік тектері мен түрлерін анықтаңыз.
5. Қалампырлар тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша
анықталып
жатқан
өсімдіктің
сыртқы
түрін
зерттеңіз.
Бөбежапырақтардың бар ма екеніне назар аударыңыз.
6. Бинокулярмен гүлдің құрылымын қараңыз. Гүл күлтелерде
шашақ-күлтесерік бар ма екенін, жапырақтың кесілу деңгейін, аналық
аузындағы бұтақтардың санын, гүл күлтелер мен жапырақ бөліктерінің
биіктік ара қатынасын белгілеңіз.
7. Өсімдік айырғышты қолданып, Қалампырлар тұқымдасы өкілінің
тегі мен түрлерін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: