Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет103/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   120
Жұмыстың 
мақсаты
Кіресгүлділер 
және 
Қалампырлар 
тұқымдастарының тектері мен түрлерін анықтауды үйрену. 
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар 
(бинокулярлар), іреуіш инелер, төсеніш шынылар, кішкентай 
қысқыштар, өсімдіктерді айырғыштар. 


179 
Өсімдік 
объектілері
Кіресгүлділер 
және 
Қалампырлар 
тұқымдастары 
гүлдерінің 
фиксациялық 
спирттік 
материалы, 
тұқымдастар өкілдерінің кептірілген үлгілері. 
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Кіресгүлділер тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: жапырақтың орналасуын, 
жапырақтардың пішінін, олардың сабаққа бекітілу тәсілдерін, 
мамықтанудың болуын зерттеңіз. Өсімдіктің біржылдық немес 
көпжылдық екенін анықтаңыз. 
2. Анықталатын өсімдіктің гүлін препараттаңыз, оның бөліктерінің 
суретін салыңыз. 
3. Анықталып жатқан өсімдіктің жемісін зерттеңіз, альбомда оның 
құрылымының суретін салыңыз. Қырыққабат (Brassica) және Шомыр 
(Raphanus) тектері үшін бұршаққынша құрамында тұқымы жоқ 
тұмсықтың бар болуы тән. Лунник (Lunaria) және Жауылша (Alyssum) 
тектерінің өкілдерінде бұршаққынша кең қалқанды, аралықпен, 
қатарлас келген жармамен болады. Жұмыршақта (Capsella) және 
Қанатжемісте (Thlaspi) аралық бұршаққыншаның жармаларына 
перпендикулярлы орналасқан. Майракебісте (Bunias) және Бүйрекбетте 
(Neslia) аралық біртұқымды болып келеді, сондықтан оны бір жаңғақ 
тәрізді бұршаққынша деп атайды. 
4. Өсімдік айырғышты қолданып, Кіресгүлділер тұқымдасының 
өсімдік тектері мен түрлерін анықтаңыз. 
5. Қалампырлар тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
анықталып 
жатқан 
өсімдіктің 
сыртқы 
түрін 
зерттеңіз. 
Бөбежапырақтардың бар ма екеніне назар аударыңыз. 
6. Бинокулярмен гүлдің құрылымын қараңыз. Гүл күлтелерде 
шашақ-күлтесерік бар ма екенін, жапырақтың кесілу деңгейін, аналық 
аузындағы бұтақтардың санын, гүл күлтелер мен жапырақ бөліктерінің 
биіктік ара қатынасын белгілеңіз. 
7. Өсімдік айырғышты қолданып, Қалампырлар тұқымдасы өкілінің 
тегі мен түрлерін анықтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет