144
Фитоценоздардың көпшілігі сол немесе басқа климат зонасына нақты
орналасқан. Олар зоналық өсімдіктер деп аталады. Климат факторлары
макро- и мезорельефпен түрленуі мүмкін. Мысалы, өзен аңғарында
немесе жартастарда жылу мен ылғалдың ара қатынасы плакорларға
қарағанда өзгеше. Мұндай жерлерде өсімдіктердің зоналықтан
айырмашылығы бар. Ол экстразоналық климат өсімдіктері деп аталатын
аталмыш жерге қарайтын көрші жатқан климат зонасының
қоғамдастығымен ұсынылуы мүмкін. Басқа типі белгілі бір климат
зонасына нақты орайласпайтын және бірнеше немесе тіпті
көпзоналардың өзіндік мекен ортасында өсетін қоғамдастықты
білдіреді. Мұндай формациялар
бейаймақтық немесе интрааймақтық,
өсімдіктер типтері болып топтастырылады.
Интрааймақтық өсімдіктер айқындалған зонаға жіңішке
орайластығын білдірмейтін және бірнеше зоналарда кездесетін
қоғамдастықтармен ұсынылады.
Мұндай қоғамдастықтарға рельефтің
белгілі бір типтерінде барлық зоналарда кездесетін, әсіресе, тайга мен
тундра зоналарында дамыған әртүрлі мибатпақтар жатады. Сондай-
ақ шалғындықтар кеңінен таралған.
Өсімдіктердің (жануарлардың, саңыракқұлақтардың) әрбір түрі жер
қабатының тек белгілі бір аумағында -
ареалында қоныстанады. Жер
бетінде табиғат жағдайлары ұқсас болмағандықтан ареал шекаралары,
ең алдымен, сыртқы орта факторларына байланысты: физико-
географиялық (суаттар мен құрлықты бөлетін жаға жолдары, таулы
жүйелер жазық түрлері мен жазықтар үшін — тау түрлері үшін);
белдеулік (температуралық жағдай және жауын-шашын жағдайы);
эдафикалық (химиялық және механикалық және жер қыртысының
құрамы); биотикалық (ағзалардың басқа түрлері өзара әрекеттесуі —
ағзалардың тіршілік әрекеті
процессі, мысалы эпифиты және т.б.
ортаның өзгеруі).
Ареалдың екі негізгі
құрылымдық типтері: жеке үзіндіден тұратын
тұтас ареал және
дизъюнктивтік, немесе бөлшектелген
.
Достарыңызбен бөлісу: