Өсімдіктер микроспорогенезін зерттеу, тозаңның құрылысымен танысу.
қараша
3
12
Студенттер дала практикасында істелген жұмыстары бойынша есеп беріп, қорытынды жиналыс өткізу.
тамыз
Барлығы
26
Тапсырмалар: 1. Генетикалық участкені агротехникалық жағынан дайындау: топырақты, егілетін дақылдарды дайындау, тыңайтқыштар енгізу, арамшөптерін тазарту.
Бақылау сұрақтары: Дала практикасының қандай маңызы бар?
Тәжірибе учаскесіндегі егілген дақылдардың түрлері.
Тәжірибе учаскесін күтудің жолдары.
Тапсырмаларды орындау
Генетикалық учаскені ұйымдастыру және жоспарлау Институт немесе мектеп жанындағы генетикалық учаскені ұйымдастыру, онда жүргізілетін генетикалық жұмыстарды алдын ала жоспарлау студенттердің дала практикасының қажетті бөлігі болып саналады. Студенттер мұнда мәдени өсімдіктердің коллекциясымен (алуан түрлілігі) танысып, шағылыстырулардың түрлері, орындалудың әдістерін игеріп, гибридологиялық анализ арқылы белгілердің сапа және сан жағынан тұқым қуалайтын заңдылықтарын анықтайды.
Генетикалық участкенің көлемі, онда егілетін дақылдардың түріне, сорттарына, орындалатын тапсырмалардың санына байланысты. Алдын ала ескеретін мәселе болашақ учаскеде егілетін дақылдардың санын, жүргізілетін тәжірибелермен тапсырмаларды сызбанұсқаға түсіріп алған жөн. Участкенің жері тегіс, топырағы құнарлы, су және жарықпен қамтамасыз етілетіндей болуы қажет. Участке негізінен: коллекциялық және тәжірибелік екі бөлімнен тұрады. Коллекциялық бөлімде сол ауданда, не облыс бойынша өсірілетін дақылдардың алуан түрлі сорттары және жабайы түрлері егіледі. Ал тәжірибе бөлімінде шағылыстыруға алынатын дақылдардың сорттары егіліп, шағылыстыру жұмыстары осында жүргізіледі. Егілетін дақылдардың сорттарын алғашқы кезде, ғылыми-зерттеу мекемелерінен, селекциялық станциялардан алып, оны жылда толтырып отыру қажет. Әрбір дақылдың сортынан 500-1000 дән болса жеткілікті. Ал келесі жылға, жаңа өнімнен дайындаған дұрыс.
Генетикалық участкеде әр жүйенің атыздың ұзындығы 1 м2 (астық тұқымдастарда), арақашықтығы 15 м. Онда егілетін тұқымның саны 25 болып, 3-6 см тереңдікте қолмен егіледі. Студенттер әр жүйеде егілген дақылдардың түрін, сорттарын арнайы дәптеріне жазып, бақылау жұмыстарына бос орын қалдырады. Дала практикасының дәптері студенттердің есеп беретін құжаты ретінде қаралады.
Участкеде егілетін дақылдарды күту, арамшөптерін тазарту, сумен қамтамасыз ету, жинау, топырақтың құнарлығын арттыру, т.б. агротехникалық жұмыстар студенттердің үлесінде болады.