Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет99/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

6-есеп. Халқы жарты миллиондай қалада алкаптонурия аурумен ауыратын төрт адам кездескен. Бұл ауру аутосомды-рецессивті типті тұқым қуалайды. Осы популяциядағы гетерозиготалы даралардың санын анықтау керек.
Шешуі: 2 рq = 0,058.
7-есеп. Тея-Сакс ауруын бақылайтын ген аутосомды рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Аурудың жиілігі жаңа туғандардың милионнан біреуінде кездеседі (1000000:10). Осы популяциядағы рецессивті аллельді және гетерозиготалы даралардың жиілігін анықтаңдар.
Шешуі: Харди-Вайнберг формуласына салып, q және р-ның мәнін тауып, гетерозиготалардың жиілігін анықтаймыз.
Жауабы: q = 0,003 ; 2рq = 0,006.
8-есеп. Тәжірибеге алынған 1100 жапондықтардың М қан тобына 356 адам; МN қан тобына 519 адам; N қан тобына 225 адам тіркелген. Осы популяциядағы аллельдердің жиілігін және Харди-Вайнберг заңына сәйкес аллельдердің теориялық күтілудің жиілігін анықтаңдар. Шығару жолдарын жазыңдар.
Жауабы: рm= 0,560, qN = 0.440
ММ = 345 адам;
МN = 2рq = 542 адам;
NN = 213 адам.
9-есеп. Популяцияда фенотип жиілігін анықтау.
Фенотипте гомозиготалы жағдайда болатын рецессивті аллельдің популяциядағы таралу жиілігін білген жағдайда, доминантты аллельдің таралу жиілігінесептеп шығаруға болады.
Егер популяциядағы даралардың жалпы санын N белгілесек, А- белгісі бар даралардың саны – n1, а белгісі бар даралардың саны – n2 көрсетеміз. Сонда А фенотиптің жиілігі = n1/ N: а фенотипінің жиілігі = n2/ N. Егер фенотиптің жиілігі пайызбен берілсе, онда А фенотип жиілігі= n1. 100/ N: а = n2. 100/ N болады. Мысалы, бір ауданда тұратын 24 343 адамдардың қан топтарын тексергенде, бірінші топқа – 9271 адам, екінші топқа – 8643 адам, үшінші топқа – 4956 адам жатқан. АВО жүйесіндегі қан топтарының жиілігін анықтаңдар.
Шешуі: Бірінші қан тобының жиілігі – 9271/24 343 = 0,39 немесе 39 пайыз. Екінші қан тобының жиілігі – 8643/24343 = 0,355 немесе 35,5 пайыз.
Үшінші қан тобының жиілігі – 5000/ 24 343= 0,255 немесе 25,5 пайыз. Сонымен, ауданда тұратын адамдардың фенотиптерінің (қан топтарының жиілігі) қосындысы бірге (не 100%-ға) тең болады. n1+ n2 + n3 = 0,39 + 0,355 + 0,255 = 1; 39 % +35,5% + 25,5 = 100%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет