Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет25/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Құрал-жабдықтар. Шағылыстырудың түрлеріне арналған кестелер. Генетикалық символика жазылған кесте. Дрозофила шыбынының дайын препараттары. Бидай масақтары жапсырылған парақ қағаздар.
Тапсырмалар:

  1. Генетикалық талдау (шағылыстыру жүйесіндегі тұқым қуалайтын белгілердің ұрпаққа берілуі және олардың ажырауы статистикалық әдіспен анықталуы).

  2. Терминдер мен символдар .

  3. Бидайдың бір жұп белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу.

  4. Х2-әдісімен гипотезаны тексеру.

  5. Бақылау хаттама толтыру.

Тапсырмаға түсініктеме
Генетикалық анализ – белгілердің тұқым қуалауы мен оның өзгергіштігін зерттеу мақсатымен жүргізілетін зерттеулер жүйесі. Генетикалық анализ немесе белгілер қанша гендермен бақыланатынын, бұл гендердің өзара қалай әрекеттесуін, қандай хромосомаларда орналасқанын, зерттелуші особьтар генотипінің, гендер әсерлері механизмінің қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді. Генетикалық анализдің көмегімен генетиканың көптеген теориялық проблемалары қалай шешілетіндігін ген теориясы туралы білімі жетілдіріледі, мутациялық өзгергіштіктің молекулалық механизмдері популяциялар генетикасынанда белгілердің ұрпаққа берілуі туралы мағлұмат алады.
Генетикалық анализдің басты элементі гибридолгия әдісі немесе шағылыстыру әдісі болып табылады.
Гибридологиялық талдаудың негізгі принциптері:

        1. Бір немесе бірнеше қарама-қарсы баламалылық белгілері бойынша шағылыстырылатын организмдердің ұрпақтарындағы жекелеген жұп белгілердің тұқым қуалауына талдау жасау;

  1. Келесі ұрпақтарда жекелеген баламалы жұп белгілері бойынша ажыратылатын гибридті организмдерді сандық есепке алынуы;

  2. Әрбір будан организмнің ұрпағына жекелеген талдау жасау.

Гибридологиялық әдісті ойдағыдай қолдану үшін бірнеше шарттарды сақтау қажет. Бастапқы ата-ана формалары тексерілетін белгілер бойынша ажырамайтын, «таза» гомозигота болуы керек. Өздігінен фертильді организмдерде ата-аналар формаларының таза болуы олардың бірнеше (3-4) ұрпақ бойына өздігінен тозаңдануы және сұрыпталуы арқылы іске асады. Бұл жануарларда және өздігінен стерильді өсімдіктерде жақын туыстық шағылысулар мен сұрыптау арқылы жүреді. Әрбір белгінің генетикалық құрылымы (структурасы) анықталғаннан кейін олардың бірлесіп тұқым қуалауы зерттеледі. Әрбір ұрпақтың барлық дараларына анализ жасалады және алынған мәлімдемелер статистикалық жолмен өңделеді.
Гибридологиялық анализ әдетте, шағылыстырулар системасынан тұрады, оған: бірінші ұрпақ алу, бірінші ұрпақ гибридтерін өзара шағылыстыру арқылы екінші ұрпақ алу және қайтара шағылыстыру немесе беккросстар деп аталатын, яғни оған бірінші ұрпақ буданын ата-аналарының әрқайсысымен шағылыстыратын екі шағылысу кіреді.
Анализдеуші шағылыстыру – Ғ1 ұрпақ буданын рецессивті атасымен шағылыстыру. Ол белгілердің тұқым қуалау сипатын зерттеу кезінде, генетикалық карталар жасау үшін, селекциялық мақсаттар үшін пайдаланылады, зерттелуші особьтардың генотипін (гомо немесе гетерозиготалығын) анықтау үшін үлгі әдіс есебінде қолданылады.
Гибридологиялық әдіспен қатар генетикалық талдаудың басқа да әдістерін қолданады. Мұндай әдістерге: генеалогиялық (шығу тегі шежіресін зерттеу және құру) егіздік, цитогенетикалық, дене клеткаларын будандастыру әдісі, биохимиялық және т.б. әдістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет