Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет27/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Символдар. Г. Мендель организмдерді будандастыру барысын сипаттау үшін символдарды пайдаланды. Бұл үлгілер генетикада осы уақытқа дейін қолданады. Ата-аналық формалар Р әрпімен белгіленеді (лат. Parentes – ата-ана). Будандастыру үлгісін жазғанда, бірінші орынға аналық, одан соң аталық белгілер жазылады.
Аналық ♀ белгісімен (Шолпан құдайының айнасы), аталық ♂ белгісімен (Марс құдайының қалқаны мен найзасы), будандастыруды–х (көбейту) белгісімен, будандарды Ғ әрпімен (латын. Filius – ұрпақ), ал бірінші, екінші, үшінші ұрпақтар Ғ1 , Ғ2 , Ғ3,.... болып белгіленеді.
Гендерді латын әліпбиінің әріптерімен белгілейді. А – доминантты (басым) ген, а – тұншыққан ген, АА – доминантты гомозигота, Аа – бір белгі бойынша гетерозигота, аа – рецессивті гомозигота. Гендерді латын әліпбиінің кез келген әріптерімен белгілеуден басқа кейбір зерттеу нысандарында гендерді белгілеудің қабылданған ережесі бар. Осы ережеге сәйкес, гендерді анықтайтын белгілердің бірінші немесе алғашқы екі әрпімен белгілейді. Мысалы, дрозофила шыбынының денесінің қара түсін анықтайтын генді b әрпімен (black – қара) белгілесе, ал жетілмеген қанатты белгісін анықтайтын генді Vq (vestiqial – жетілмеген) әріптерімен көрсетеді. Осы гендердің қалыпты белгілерін анықтайтын доминантты аллельдерін «+» белгісімен (b+, Vq +) жазады.
Генетикалық формулаларды жазған кезде гомологты хромосомаларда орналасқан аллельді гендерді бір-бірінің артына қояды. Мысалы, Аа,АаВв, АаВвСс, т.б. Кейде хромосомаларда орналасқан гендердің байланысын көрсету үшін хромосомаларды екі сызықша түрінде көрсетеді. Мысалы, АаВв . Бұл формула бойынша дигетрозиготадағы аллельді гендер Аа және Вв екі түрлі жұп хромосомаларда екенін көрсетсе, ал аллельді гендердің екі жұбы бір жұп гомологты хромосомада екендігін А және В доминантты гендер бір хромосомада, олардың рецессивті а және в аллельдері екінші хромосомада екенін көрсетеді (АаВв).
Зерттеу объектілері. Генетикалық зерттелуші объектілерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Айқын көрінетін тұқым қуалайтын белгілердің болуы;

  2. Даму циклінің қысқа және көбею мүмкіндігінің зор болуы;

  3. Зертханада немесе дала жағдайларында өсірудің қарапайымдылығы;

  4. Хромосомалар санының аз болуы.

Генетикалық зерттеулер үшін ең қолайлы объектілер – бұршақ, жүгері, арпа, бидай, дрозофила, тышқан, үй қояны, микроорганизмдерден – ішек таяқшасы (E.coli) мен пішен таяқшасы (Bacillus subtilis), саңырауқұлақтардан – аскомицеттер ашытқы саңырауқұлақ, нейроспора, бір клеткалы жасыл балдыр хламидоманада, т.б.
Біздің практикумда зерттеу объектілері ретінде бидай мен дрозофила қарастырылады.
Бидай едәуір қолайлы, жақсы зерттелген генетикалық объект. Өздігінен тозаңданатын бір үйлі (қос жынысты гүлі болады) өсімдік. Қазіргі кезеңге дейін жұмсақ бидай хромосомаларының генетикалық карталары жасалды. Бидай масағының, дәнінің түсі, қылтықтануы, түктілігі, т.б. бидай түршелерін анықтауға пайдаланылады. Генетикалық анализ үшін осы белгілер алынады.
Практикалық жұмыс. 1. Тәжірибе. Бидайдың бір жұп белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу (10-сурет).
Әрбір студент ата-аналар формалары мен F1, буданының масақтары жапсырылған парақ қағаз алады. Олар фенотипі бойынша қандай белгі доминантты, қандай рецессивті екенін шешуі керек, әріптермен және генетикалық бейнелердің көмегімен шағылыстыру сызбанұсқасын жазу керек, F 2 және F талдаушы шағылыстырудағы ажыраулардың қандай болатынын алдын ала болжауға тиісті. Онан соң оқытушы студенттерге F2 және F талдаушы шағылыстырудағы ұрпақтары бойынша ажыраулардың сандық мәндерін береді, студенттер оған статистикалық Х2 (хи – квадрат) әдісімен талдау жасайды (осы әдісті 6-жұмыстан қара). нәтижелері бақылаулар хаттамасына жазылады (1-тәжірибе хаттамасының үлгісін қосымшадан қара).
Бақылаулар хаттамасына тәжірибенің нөмірі, зерттеудің мақсаты, тәжірибенің нәтижелері, ол нәтижелерді түсіндіруге қажетті бастапқы (нөлдік) гипотеза, статистикалық өңдеу, шағылыстыру сызбанұсқасы мен қорытындылар жазылады. Хаттамалар арнайы дәптерге енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет