Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Хромосомдық және геномдық мутациялар



бет89/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Хромосомдық және геномдық мутациялар
1-есеп. Екі үш сомиктерді Ааа және ААа қайыра шағылыстырғанда толық доминанттылық жағдайында қандай фенотиптер және қандай қатынастарда түзіледі. Аталық өсімдіктердің тек гаплоидты гаметалары ғана тіршілікке бейім.
Шешуі:
Тура шағылыстыру ♀Ааа х ♂ ААа. Аналық өсімдік 4 типті гамета, ал аталық өсімдік 2 типті гамета түзеді.







2Аа



А

аа



4ААа

4Аа

2АА

2Ааа

А

2ААа

2Аа

АА

Ааа

Ұрпағындағы фенотиптің қатынасы: 18А. Қайыра шағылыстыру ♀ААа х ♂ Ааа ананың өсімдік 4 типті гамета, ал аталық өсімдік 2 типті түзеді.








2Аа



АА

а

2аа

4Аааа

4ааа

2ААаа

2ааа

А

2ААа

2Аа

ААА

Аа

Фенотиптік қатынас 16А : 2а


2-есеп. Автотетраплоид өсімдікті, генотипі ААаа өсімдікпен шағылыстырғанда белгілердің фенотип бойынша ажырауы қандай қатынаста, егер толық доминанттылық және кездейсоқ хромосомдық ажырау болса?
Шешуі:
Генотипі Аааа тетроплоид өсімдік кездейсоқ хромосомдық ажырау жағдайында үш типті гамета 1АА : 1аа : 4Аа қатынаста түзеді. Осындай дараларды шағылыстырғанда ұрпағында төмендегідей ажырау байқалады.






АА

4Аа

аа

1АА

АААА

4АААа

ААаа

1аа

ААаа

4Аааа

аааа

4Аа

4АААа

16ААаа

4Аааа

Толық доминанттылық жағдайында фенотиптік қатынастар 35А : 1а; генотиптері 1АААА : 8АААа :18ААаа:8Аааа :1 аааа тең.




15-жұмыс


Тақырыбы: Хромосомалардың құрылымдық өзгерістерін зерттеу. Мутацияларды алу әдістері
Мақсаты: Хромосомалардың құрылымдық өзгерістер типтерімен танысу.
Құрал-жабдықтар: Микроскоп, суретін түсіруші аппарат, арпа, бидай, скерда өсімдіктерінің тамыр меристемасының өсінділері, Карнуа фиксаторы, 5% НСІ, хром қышқылы, цитаза, пектиназа, 15% сірке қышқылы, ацето-кармин, хлоральгидрат, зат және жабын шынылар, химиялық мутагендер (этиленимин, НММ).
Тапсырмалар: 1. Арпа, бидай және скерда өсімдіктерінің тұқымын химиялық мутагендер және гамма сәулелерінің белгілі дозаларымен өңдеп, 25°С термостатта өсіру.
2. Тұқымның тамыр меристемасының өсіндісін фиксациялау.
3. Материалдарды бояғыш заттар арқылы бояу, жұмсарту.
4. Уақытша препараттар жасау.
5. Дайын препараттардан хромосомдық өзгерістердің типін анықтаңдар.
Тапсырмаларға түсініктеме:
Тұқым қуалайтын немесе генотиптік өзгергіштікті: комбинативтік және мутациялық өзгергіштік сияқты екі типке бөледі.
Мутациялық өзгергіштік. Мутация деп хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның пайда болуы және қалыптасуы мутагенез деп аталады. Ал тұқым қуалайтын өзгерістерді тудыратын факторларды мутаген деп атайды. Мутациялық үдерістің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды. Олардың пайда болуы бірнеше кезеңдерді қамтитын үдеріс. 1901 жылы Голандия генетигі Гуго де Фриз «Мутациялық теория» деген еңбегінде мутация терминін енгізді.
Ч. Дарвин «Үй жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі» атты еңбегінде (1868) бірнеше тұқым қуалайтын өзгерістерді сипаттады. Жаңа Англияда (АҚШ) 1791 жылы қой өсіретін анкон фермасында аяқтары қысқа, денесі ұзын еркек қозы туылады. Бұл құбылыс ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында гендік мутацияның болуы арқылы түсіндірілді. Ч.Дарвин бұл қойларды «Жартылай кемтарлар» деп атаған. Малдардың аяқтарының қысқа болуы және жайылым кедергілерінен өте алмауы фермерлерге ұнайды. Фермерлердің сұрыптау жұмысын жүргізуі нәтижесінде анкон тұқымды қойлар пайда болды.
Қазір анкон гені туралы не айтуға болады? Белгілі бір себептермен қойлардың қаңқасын анықтайтын ген мутацияға ұшыраған. Оның қай кезде болғанын анықтау қиын, себебі ол рецессивті ген болғандықтан, ұрпақтан-ұрпаққа гетерозиготалы күйінде беріліп отырған.
Анкон гені бар қошқарды өз анасымен будандастырғанда, анкон тәрізді қойлар алынған. Оларды бір-бірімен шағылыстыру арқылы анкон тұқымы шығарылған.
Дәл осындай мутация 1919 жылы Норвегияда және 1966 жылы Донецк облысында Роза Люксембург совхозында цигай қойларында қайталанады. Мұндай мутациялар түлкілерде, қояндарда кездеседі.
Жалпы мутацияны эволюциялық үдерістің алғашқы материалдық негізі деп есептеген жөн. Мутациялық өзгергіштіктің барлық түрлері тірі организмдерге тән. Организмдердің ерекшеліктеріне: фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай мутациялар: морфологиялық, физиологиялық, гендік, хромосомдық, геномдық болып бөлінеді.
Хромосомалық мутациялар. Хромосомалар құрылысының (құрылымдық) өзгеруі. Олардың: хромосомдық және хромотаидтік мутациялар сияқты екі типін ажыратады. Көптеген хромосомалық мутацияларды препарат жасап, микроскоппен көре алады. Хромосомалық және хроматидалық мутациялардың: транслокация, инверсия, жетіспеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б. түрлері бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет