1-есеп. Адам сперматозоидінің бірінде жетіспеушілік бар. Осы хромосоманы алған адам ауру болады. Осы адамның ұрпақтары қандай болып тууы мүмкін?
2-есеп. Даун синдромымен ауыратын баланың хромосома жиынтығы 47 болудың орнына 46 болған. Цитогенетикалық зерттеулер нәтижесінде оның 15-ші хромосомасы қалыпты түрінен ұзынырақ болған. Ауру баланың шешесінің, оның шешесінің де 45 хромосома жиынтығында 15-хромосома ұзын екені анықталған. Осы отбасындағы құбылысты қалай түсіндіруге болады?
3-есеп. Егер адамның зиготасында 21-ші хромосома артық болса, одан Даун синдромымен ауыратын бала дүниеге келеді. Ал сол хромосома жетіспесе, бала ерте даму кезінде өледі. Егер 45 хромосома жиынтығы бар, 21-хромосомасы мен 15-хромосомасы транслокацияға ұшыраған әйел, күйеуі қалыпты болған жағдайда қандай зиготалар түзіледі?
Семинар сабақ 16-жұмыс
Тақырыбы: Молекулярлық генетикаға арналған есептерді шығару жолдары.
Мақсаты: Студенттерге нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі және нәруыз синтезі туралы білімдерін тереңдету мақсатында беріледі.
Құрал-жабдықтар: ДНҚ, РНҚ құрылысына арналған кестелер, модельдер, суреттер, т.б. көрнекі құралдар.
Тапсырмалар: 1. ДНҚ және РНҚ құрылысына және синтезіне арналған есептерді шығару.
2. Нәруыздың синтезіне арналған есептерді шығару.
Тапсырмаларға түсініктеме:
ХХ ғасырда жаратылыстану ғылымдары саласында ең ірі жаңалық ашылды. Ол – 1953 жылы Джеймс Уотсон, Френсис Крик және Розалин Франклин сияқты американ және ағылшын ғалымдарының ДНҚ молекуласының құрылысын ашуы еді. Осы жаңалық негізінде тұқым қуалаушылықтың сыры ашылды. Бұл зерттеуге сәйкес ген дегеніміз – белгілі бір нәруыздар синтезі арқылы ДНҚ молекуласында жазылған генетикалық ақпараттардың үнемі жүзеге асырылып отыруы. Бұған мысал ретінде көбелектің дамуын айтуға болады. Алдымен жұмыртқалар пайда болып, одан дернәсіл шығады, кейін олар қуыршаққа айналып, одан көбелектер ұшып шығады. Яғни көбелек тіршілігінің түрлі кезеңінде әртүрлі нәруыздар жүйесі қызмет атқарады.
Сондықтан қышқылдар мен нәруыздар тіршіліктің маңызды биопо-лимерлеріне жатады.