Тақырыбы: Моногибридті шағылыстыруда белгілердің бірінші ұрпақта Ғ1 және екінші ұрпақта Ғ2 тұқым қуалауын талдау. Мақсаты: 1. Моногибридті шағылыстыру кезінде белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарымен таныстыру.
Құрал-жабдықтар:
1. 5 аналық, 5 аталық өсімдіктер.
2. Ғ1 –10, Ғ2 –30-40 өсімдік.
3. Бидай, асбұршақ, жүгері және арпаның тұқымдары.
Тапсырмалар: 1. Буданмен жұмыс істегенде негізгі терминдерді түсіндіру.
2. Аналық және аталық өсімдіктерді алынған белгілері бойынша зерттеу.
Бірінші ұрпақтың буданын анализдеп, доминантты және рецессивті белгілерді анықтау.
Екінші ұрпақтың өсімдіктерін анализдеп, зерттеуге алынған белгілердің ажырау заңдылықтарын дәлелдеу.
Х2 тәсілін пайдалана отырып, тәжірибеде алынған мәлімет пен теориялық болжау бойынша алынатын мәліметтің дәлдігін анықтау.
Тапсырмаларға түсініктеме: Моногибридті шағылыстыру деп баламалық (қарама-қарсы) жұп белгі бойынша ерекшеленетін ата-аналық формаларды шағылыстыруды айтады. Басқа белгілері есепке алынбайды. Мысалы, Г.Мендельдің тәжірибесінде бұршақ өсімдігінің аталық гүлі сары, ал аналық өсімдігі – ақ немесе керісінше, болуы тиіс.
Будандастырудың бірінші ұрпағында ата-анасы біреуінің ғана белгісінің басым болуын Г. Мендель доминанттық (басым болу) деп атады. Буданда екінші баламалы белгіні тұншықтырушы белгіні доминантты деп, ал тұншыққан белгіні рецессивті деп атады.
Бірінші ұрпақта будан бірдей болатындықтан, бұл Мендельдің бірінші заңы немесе бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы деп аталатын болады.
Егер бірінші ұрпақ будандары өздігінен тозаңданса, онда екінші ұрпағында ата-аналық белгілер пайда болады.
Екінші ұрпақты будандардың доминанттық пен рецессивті белгілердің белгілі бір сандық қатынас түрінде ажырауы, ажырау заңы немесе Мендельдің екінші заңы деп атайды. Белгілер фенотип және генотипі бойынша ажырайды. Фенотип деп тұқым қуалайтын (доминантты, рецессивті) белгілердің сыртқы ортада көрінуін айтады, ал генотип болса, организм белгілердің дамуын анықтайтын гендер жиынтығы.
Өсімдік тұқымының түсі: мысалы, фенотип – қарақошқыл, ақ, сары, асыл. Бойы биік, аласа, т.б. генотип-гомозиготалы (АА, аа) гетерозиготалы (Аа) болады.
Гомозигота деп бір геннің бірдей (доминантты/АА), не рецесивті (аа) аллелі бар организмдерді айтады.
Гетерозигота деп бір геннің екі түрлі /біреуі доминантты, екіншісі рецессивті (Аа) аллелі бар организмдерді айтады. Аллель дегеніміз – бір геннің әртүрлі күйде болуы.