Есептер. 1-есеп. Бұқаның инсулин нәруызының молекуласында 51 аминқышқылы бар делік. ДНҚ-да екі көршілес орналасқан нуклеотидтің бір-бірімен арақашықтығы 34*10-11метрге тең болса, онда бұқаның инсулинін кодондайтын ДНҚ молекуласының бір бөлігінің ұзындығы қандай болмақ?
2-есеп. Инсулиннің В полипептидтік тізбегінің бір бөлігі 8 аминқышқылын құрайды. Олар: глицин---------изолейцин---------валин--------глутамин--------глицин--------цистеин--------аланин. Полипептидті тізбекті кодондайтын ДНҚ молекуласы үлескісіндегі кодонның құрамын және орналасу ретін жазыңдар.
3-есеп. 6 триплеттен тұратын геннің үлескісінде мутация нәтижесінде үшінші триплетте аминқышқылдар орын ауысқан, гуаниннің орнына цитозин түзілген: ААЦ----ТАТ-----ГАЦ-----АЦЦ----ГАА----ААА. Полипептидтегі аминқышқылдарының мутацияға дейінгі және одан кейінгі құрамын жазыңдар.
4-есеп. Нәруыздың құрамына 400 аминқышқылы кіреді. Егер ДНҚ молекуласындағы екі нуклеотидтің арақашықтығы 3,4*10-4мкм болса, оны бақылайтын геннің ұзындығы қандай болмақ?
5-есеп. 400 аминқышқылынан тұратын нәруыз түзілуді бақылайтын геннің молекулалық массасын анықтаңдар. Нуклеотидтердің орташа молекулалық массасы – 300.
6-есеп. Геннің үлескісі ТГГ ТУГ ЦАГ ГАГ ГГГ ТТТ нуклеотидтер құрамынан тұрады. Егер: а) сол жағынан оныншы нуклеотид жоғалса; ә) 10-, 11- және 12-нуклеотид жоғалса, радиацияның әсерінен аминқышқылдар қалай өзгереді? Олардың кодондайтын аминқышқылдарының құрамы қалай өзгеретінін анықтаңдар.
7-есеп. Нәруыз тізбегі: валин-----лейцин-----гистидин-----серин-----изолейцин аминқышқылдарынан тұрады. Нәруыз синтезін бақылайтын геннің құрамындағы нуклеотидтер қатарын анықтаңдар.
8-есеп.Егер адениннің А саны 600 мыңға, гуаниннің Г саны 2400 мыңға тең болса, ДНҚ молекуласының еселенуіне бос нуклеотидтердің қандай түрлері және қаншасы жұмсалады?
9-есеп. Егер барлық нуклеотидтердің 22%-ын құрайтын 880 гуанинді нуклеотидтер болса, ДНҚ молекуласының кесіндісінде неше аденинді, тиминді, цитозинді нуклеотидтер бар?
10-есеп. ДНҚ-ның бір молекуласында тиминдік нуклеотид жалпы барлық нуклеотидтердің 16%-ын құрайды. Басқа қалған нуклеотидтер түрлерінің пайыздық мөлшерін анықтаңдар.
11-есеп. Зерттеушілердің пікірі бойынша адамның бір жыныс жасушасы ядросындағы ДНҚ молекуласының ұзындығы жуықтап алғанда 10,2 см болады. Бір жасушаның ДНҚ-сында қанша жұп нуклеотидтер бар?
12-есеп. Егер бір вирус 200 мың жұп нуклеотидтерден тұратын болса;
егер бактериядағы барлық нуклеотидтердің саны вирустағыдай 100 есе көп болса, бір бактерияда;
дрозофила шыбынының бір гаметасында ядросындағы нуклеотидтердің жалпы саны 200 млн жұпқа тең болса, ДНҚ молекуласының жалпы ұзындығы неге тең (нанометрмен алғанда)?
Дрозофила шыбынының, бактерияның және вирустың ДНҚ молекуласының жалпы ұзындығын салыстырыңдар. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер саны мен организмдердің күрделілігінің арасында қандай байланыс бар?
Барлық организмдерде ДНҚ молекуласының құрылымы және құрамы бірдей болғанымен, оның ұзындығы әртүрлі. Мұны қалай түсіндіруге болады?