Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет100/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

10-есеп. Аустралияда тұратын негізгі халықтарының қан топтарын зерттегенде, М-қан топтарын 22 адам, МN-қан тобында 216 адам, N-қан тобында 492 адам анықталған. Популяцияның генетикалық құрамын анықтаң дар.
Шешуі: МN жүйесінде қан топтарының тұқым қуалауы екі жұп аллельдер LM LN және генотиптердің түрлерімен LM LM LM LN LN LN анықталады. Егер М-генінің жиілігін р-символмен белгілесек, онда N-генінің символын q әрпімен белгілейміз. Сонда р2 – ММ генотиптің жиілігін популяцияда зерттелінген адамдардың қосындысына бөлеміз: = 22/730 = 0,03. 2рq МN = 216/730 = 073; q2- NN =492/730 = 0,67. Харди-Вайнберг формуласына енгіземіз: р2 +2рq + q2 = 0,03 + 0,3 + 0,67 = 1,0. М-генінің жиілігін р:. р = р2 + 1/2 (2рq) = 0,03 + (0,3/2) = 0,18 мына тәсілімен табуға болады. N-генінің жиілігі – q = q2 + 1/2 (2рq) = 0,67 + (0,3/2) = 0,82. Сонда р + q = 0,18 + 0,82 = 1,0-ге тең.
Егер гомозигота жиілігінің бір нұсқасы ғана белгілі болса, онда басқа жолмен есептеп шығаруға болады. Мысал ретінде мына есепті шығарып көрелік. Бір ауданда тұратын халықты зерттегенде, альбинизм ауруының кездесу жиілігі 40000:1 біреуі кездесетін болған. Популяцияның генетикалық құрамын анықтаңдар.
Шешуі: Альбинизм белгісі рецессивті түрде тұқым қуалайды. Рецессивті аллельдің жиілігін q символымен белгілесек, популяциядағы альбинизм белгінің жиілігі немесе аа генотиптің жиілігі q2 = 1/40 000-ге тең. Сонда а генінің популяциядағы жиілігі q = = 1/200. р + q = 1 тең болғандықтан, сау қалыпты аллельдің А жиілігі: р = 1- q = 1-1/200 = 199/200 формуламен анықталады. Ал гетерозиготалы даралардың жиілігі: генотип: Аа = 2рq = 2 х 1/200 х 199/200 = 398/40000, ал қалыпты сау аллельдің жиілігі: АА = -р2 = (199/200)2 = 39601/40000. Сонымен бұл популяциядағы генотиптердің жиілігі: 1аа : 398 Аа : 39601 АА қатынаста болады.
11-есеп. Ірі қараның популяциясында ала түсті мал 64% немесе 0,64%, ал қызыл түсті малда кездесу жиілігі 36% немесе 0,36 болатыны анықталды. А доминантты гені қызыл түсті, ал сол геннің а рецессивті аллелі ала түсті белгілейді. Популяциядағы гомозиготалы және гетерозиготалы жиілігін анықтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет