Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет113/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Тапсырмаларды орындау: Мутагендік факторлармен таныстыру, олардың өңдеу концентрациясын дайындау, дозаларын білу.
Қазіргі кезде мутациялық селекцияда, өсімдіктердің жаңа белгілерін алу үшін алуан түрлі химиялық қосылыстарды және гамма, күлгін сәулелерді пайдаланады. Оларды мутаген деп атайды. Көпшілігінде өсімдіктердің тұқымын мутагендермен өңдегенде, келесі ұрпақ өсімдіктерде керексіз, пайдасыз мутациялар жиі кездеседі. Дегенмен химиялық мутагендер және радиация сәулелерімен әсер ету арқылы бидайдың, арпаның, күнбағыстың, картоптың, т.б. дақылдардың жаңа сорттары шықты. Сонымен эксперименттік мутагенез селекцияның бір әдісі ретінде саналады. Мутация әсер етуші фактордың сапасына, организмнің генотипіне, физиологиялық күйіне, өңдеу ұзақтығына байланысты екені дәлелденген. Көбіне әсер етуші мутагендермен өсімдіктердің өсіп жатқан дәнін өңдеп, одан пайда болған бірінші ұрпақты М1 белгілейді. Өсімдіктердің тұқымы мен түйнегінен мутация алу үшін мутагендер және өңдеу әдісі төменде көрсетілген.
23-кесте

Дақылдар

Әсер ету әдісі

Мутагендер

Бидай, сұлы, арпа басқа астық тұқымдастар

Өңдеуге алынған тұқымның 500 дәнін таңдап алып, дәкеден тігілетін қапшыққа салып нитрозоэтилмочевина мен этилениминнің 0,005-0,01% ертіндісін дайындап, осы ертіндіде 16-18 сағат ұстап, 2 сағат бойы кранның ағынды суымен жуып, сорғыш қағазда кептіреді.
Гамма сәулелерімен әсер еткенде дозасы 5-10 гр болуы қажет. Содан соң учаскеге егеді.

НЭМ
ЭИ
Со60
немесе
С 137 гамма
сәулесі

Жүгері

Тұқым дәндерін дәке қапшығына салып, 0,01, 0,005% этиленимин немесе 0,005, 0,01, 0,12% нитрозоэтилмочевина ертіндісімен өңдеп, кептіріп, учаскеге егеді. Гамма сәулемен әсер еткенде дозасы 50-150 гр болуы қажет. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген дақылдардың тұқымын осы мутагендердің әр түрімен әсер етуге болады. Ол үшін әр дақылдың дәнін бір тобын (500) алдымен гамма сәулесімен әсер етіп, одан соң химиялық мутагендермен екінші рет өңдейді.

ЭИ
НЭМ
Гамма сәулелері+
ЭИ немесе керісінше ЭИ+гамма сәулелері

Картоп

Картоптың түйнегін: 0,012, 0,01, 0,06% нитрозометилмочевина, 0,05, 0,016, 0,012% диметилсульфанат, 0,05, 0,10, 0,20 , 0,30% нитрозоэтилмочевина химиялық мутагендердің ертіндісімен өңдейді..

НММ
ДМС
НЭМ

Қызанақ

Әсер ету әдісі, мутагендердің концентрациясы, астық тұқымдас дақылдарға ұқсас.

НЭМ



Ескерту: Өңделген (бақылау ретінде алынған) дақылдардың дәні тек сумен өңделеді.

Мутагендермен әсер еткен дәннен алынған өсімдік бірінші ұрпақ болып саналады. Оны М1 деп белгілейді. М2 ұрпақ алу үшін М1 ұрпақ өсімдігінің әрбір масағын жеке уатып, алынған дәндерін жеке жүйеге, тұқымы өңделмеген формасымен қатар егіп, М2 пайда болатын фенотиптік өзгерістерді салыстыра отырып анықтайды. Алынған мәліметтерді мынадай кестеге енгізеді.




24-кесте

Дақыл сорт

Мутагеннің концентрациясына
байланысты мутацияның жилігі

Мутацияның сипаты /формалары/

Бидай
Қарлығаш сорты

0,005


0,01


Су


Ерте пісетін, кеш пісетін бойы биік, аласа, масағының ұрықсыздығы, гүл шоғырлары өзгерген, т.б. белгілер.

0,17


1,42


0,01


Студенттерге мутагендердің концентрациясын дайындауда және дақылдардың тұқымын өңдеу барысында, олардың улы зат екенін ескертіп, жұмысты дәрігерлік қолғапты пайдаланып, ауасы желдетіп тұратын шкафта орындағаны қажет екенін түсіндіру керек.


Студенттер дала практикасы кезінде,
1. Бидай сабағының биіктігінің тұқым қуалауы;
2. Хромосоманың морфологиялық өзгеруін зерттеу.
3. Өсімдіктер микроспорогенезін зерттеу, тапсырмаларға материал жинап, зертханалық сабақтарда орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет