Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет111/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

барлығы


оның ішінде

аласа
сары

аласа
қызыл

сары
биік

биік
қызыл



80

-

80

-

-



60

-

-

60

-

Ғ1

70

70

-

-

-

Ғ2

2416

1328

473

458

156




Ғ2–фенотип бойынша ажырау

9

3

3

1

Студенттер дала практикасы кезінде дигибридті шағылыстыруды арпа, бидай, жүгері, қызан, асбұршақ, алма, т.б. өсімдіктерде жүргізуіне болады.




Бақылау сұрақтары:

  1. Дигибридті шағылыстыруда белгілердің ұрпаққа берілуі қай заңға сәйкес жүреді?

  2. Ғ2 ұрпақта белгілердің ажырауы қандай сан қатынасында болады?

  3. Алынған ұрпақтардың ішінде жаңа белгілері бар ұрпақтар бар ма? Бар болса қанша болуы тиіс?



23-жұмыс


Тақырыбы: Аллельді емес гендердің өзара әсері кезіндегі тұқым қуалау
Мақсаты: Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу типтері. Комплементарлық, зпистаз және полимериялық гендердің өзара әсері кезінде белгілердің тұқым қуалау сипатымен таныстыру.
Құрал-жабдықтар:

  1. 10 аналық, 10 аталық өсімдіктер.

  2. Ғ1 –20; Ғ2 –80-100 өсімдіктер.

  3. Арпа, асбұршақ, жүгері, асқабақ, т.б.

Тапсырмалар:
1. Шағылыстыруға арналған аталық және аналық формалардың белгілерін зерттеу.
2. Белгілердің Ғ2 ұрпақта ажырау ерекшеліктеріне талдау жүргізу.
3. Тәжірибеден алынған нәтижелерді кестеге енгізу.


Тапсырмаларды орындау
Тірі организмде көпшілік гендердің әртүрлі аллельдері бір уақытта жұмыс істейді, олар әртүрлі жұп хромосомаларда орналасады. Егер бірнеше ген организмнің бір қасиетін (мысалы, гүлінің бояуын, жүннің ұзындығын, бидай масағының ұзындығын, т.б.) анықтайтын болса, ондай гендер өзара әрекеттесуі биохимиялық реакция деңгейінде немесе ферменттер деңгейінде болуы мүмкін.
Бұл организмдердің фенотипінің қалыптасуына әсерін тигізбей қоймайды. Осы құбылысқа байланысты аллельді емес гендердің Ғ2 ұрықта ажырауы Мендельдің 3-заңына сәйкес болмай, басқа сан қатынасында ажырауы мүмкін.
Гендердің өзара әрекеттесуінің: комплементарлық, эпистаз, полимерия сияқты негізгі типі бар.
Комплементарлық жағдайда, доминантты комплементарлық гендер генотипте бірге болса (А-В-), олар бір-бірін толықтыра отырып, жаңа белгінің (жаңа түзіліс) дамуын қамтамасыз етеді, ал ол гендер генотипте жеке болса (А-вв және ааВ-) онда мұндай жаңа белгі пайда түзілмейді. Сонымен комплементарлық деп өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгілерінің дамуын қамтамасыз ететін доминантты гендерді айтады. Гендердің комплементарлық әсерін, жүгерінің, асқабақтың, асбұршақтың, бидай, арпаның буданында зерттеуге болады. Осы құбылыста белгілердің Ғ2 ұрпақта ажырауы 9:3:4; 9:3:3:1 қатынасында ажырауы мүмкін. Мысалы, арпаның масағы мұртшасыз және мұртшалы екі сортын шағылыстырғанда Ғ1 ұрпақта – фуркаты (мұртшаның орнына үш қалақшалы өскін) масағы бар арпаның жаңа формасы пайда болады: Ғ1 ұрпақты будан өздігінен тозаңданғанда Ғ2 ұрпақта белгілер: фуркатты; мұртшасыз; мұртшалы немесе 9:3:4 мынадай сан қатынасында ажырайды.
6-үлгі
мұртшалы мұртшасыз фенотип
РР ♀ ААвв х ♂ ааВВ генотип
Ғ1 АаВв - фуркатты
дигетерозигота


АаВв; Аавв; ааВ; аавв


21-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет