Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Хромосома құрамына кіретін зат: 1) нәруыз; 2) көмірсулар; 3) нуклеин қышқылдары; 4) майлар; 5) витаминдер. 51



бет119/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Кітап генетика

50. Хромосома құрамына кіретін зат:
1) нәруыз; 2) көмірсулар; 3) нуклеин қышқылдары;
4) майлар; 5) витаминдер.
51. Әйелдің кариотипінде хромосома саны қанша?
1) 23; 2) 69; 3) 46; 4) 92; 5) 48.
52. Адамда Y-хромосома хромосоманың қандай типіне жатады?
1) метацентрлік; 2) субметацентрлік;
3) акроцентрлік; 4) сақиналық.
53. Қан топтарын қанша аллельді гендер анықтайды?
1) 1; 2) 2; 3) 3; 4) 4; 5) 5.
54. Адамда жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын белгіні анықтаңдар:
1) қан тобы; 2) дальтонизм;
3) резус-фактор; 4) Даун ауруы.
55. Адамның кариотипінде неше тіркесу тобы болады?
1) 23; 2) 46; 3) 92; 4) 22.
56. Нуклеотидтің құрамына не кіреді?
1) нәруыз; 2) көмірсу;
3) фосфор қышқылының қалдығы; 4) азотты негіздер.
57. Тернер синдромымен ауыратын адамдардың хромосома жиынтығында қандай өзгерістер болады?
1) 21-жұптағы бір хромосома жетіспейді;
2) 21-жұпта үш хромосома бар;
3) 21-жұптағы екі хромосома жетіспейді;
4) 23-жұпта бір Х-хромосома жетіспейді.
58. Харди-Вайнберг заңы популяцияның қандай ерекшеліктерін анықтайды?
1) бір жұп аллельдер бойынша түзілген генотиптер тұрақты;
2) тұрақсыз;
3) бір жұп аллельдердің қатынасы тұрақты;
4) тұрақсыз.
59. Прокариотты организмдердің жасушасында не болмайды?
1) қабықша; 2) көмкерілген ядро;
3) цитоплазма; 4) рибосомалар.
60. Жануарлар жасушасында өсімдік жасушасымен салыстырғанда қандай органоид болмайды?
1) ядро; 2) цитоплазма;
3) хлоропласт; 4) хромосомалар.
61. Жасушасыз организмдер:
1) бактериялар; 2) көк-жасыл балдырлар;
3) ашытқылар; 4) вирустар.
62. Жасушада энергия бөліну арқылы жеңіл ыдырайтын молекула:
1) клетчатка; 2) нәруыздар;
3) нуклеин қышқылдары; 4) моносахаридтер.
63. Қуыстарында, қапшықтарында нәруыздар, майлар, көмірсулар жиналатын және олардың бір бөлігін жасушаның қажетіне жұмсайтын органоид:
1) митохондрия; 2) хлоропласт;
3) Гольджи жиынтығы; 4) лизосома.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет