Оқулық Сараптамашыға ескерту!


-тапсырма: Скерда (Crepis capillaris) өсімдігінің меристема клеткаларының хромосом жиынтығы (7-сурет). 7-сурет



бет21/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

1-тапсырма: Скерда (Crepis capillaris) өсімдігінің меристема клеткаларының хромосом жиынтығы (7-сурет).



7-сурет. Скерда өсімдігінің меристема клеткаларының хромосом жиынтығы

Крепис тұқымын 25°С термостатта өсіріп, меристемалық клеткаларын фиксация жасап, ацетокарминмен бояп препарат жасайды. Жарық микроскобы арқылы препаратты қарағанда, әрбір клетканың шектелуін, кейбір клеткалардың метафаза кезінде хромосомаларды көруге болады. Хромосомалар клетканың экваторында бос жатыр, ұршық жіпшелері бұзылған. Клеткада хромосом саны – 6, үш жұп. Олар таяқша тәрізді дене, бір-бірінен центромерасының орналасуы, иықтарының мөлшері арқылы ажыратылады (7-суретті қараңыз). Скерда өсімдігінің хромосома жиынтығы.


2-тапсырма: Қарақұмық өсімдігінің хромосомалар жиынтығы
Препарат жасау тәртібі жоғарыда көрсетілгендей. Микроскоп арқылы қарағанда кейбір клеткаларда хромосомалар көрінеді. Бұл клетка бөлімінің метафаза кезеңі. Хромосомалар жиынтығы – 36. Олар цитоплазмада жайылып жатқандықтан, зерттеуге болады.





8-сурет. Скерда өсімдігі хромосомасының тетраплоидты жиынтығы


3-тапсырма: Скерда өсімдігі хромосомаларының клеткадағы тетраплоидты жиынтығы (4n).
Препарат жасау тәртібі жоғарыда көрсетілгендей. Крепис өсімдігінің (тұқымын) тамыр өскіні термостатта 2-3 мм болғанша өсіріп, содан соң 12 немесе 24 сағатқа 0,01% колцихин ерітіндісіне қояды. Колцихин клетка бөлінуінің анафаза кезеңінде ұршық жіпшелеріне әсер етуіне байланысты хромосомалар полюстерге тартылмай қалады. Осының нәтижесінде клеткада екі еселенген хромосомалар жиынтығы түзіледі. Мұндай жиынтықты тетраплоидты дейді.
4-тапсырма: Адам хромосомаларының диплоидты жиынтығы.
Микроскоптың көмегімен препаратты көрген кезде, клеткалар бөліну кезеңінде екені байқалады. Клетканың шекарасы білінбейді. Цитоплазмада таяқша тәрізді хромосомалар және хромосомалардың жинағы көрінеді. Хромосомалар К-митоз (колцихиннің) әсерінен ұршық жіпшелер қалыптаспағандықтан оларды клетка полюстеріне тарта алмаған формасы – Х тәрізді болады.
Хромосомалар бір-бірінен формасы (пішіні) жөнінен ажыратылады. Кариотипте метацентрлі, субметацентрлі, акроцентрлі хромосомалар кездеседі. Хромосомалардың жалпы саны 46 (9-сурет). Хромосомалар жұп болады. Ал жыныстық хромосомалар тақ болып, формасы – метацентрлі және акроцентрлі келеді. Студенттер препараттан хромосомалар жиынтығын анықтап, суретін салып жұптарын іздестіруі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет