Фиксациялау және фиксациядан кейін материалдарды жуу Фиксациялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Фиксациялаудың жалпы ережесі:
Бекіткіштерді таңдап алу зерттеу жұмыстарының мақсатына сай болуы қажет.
Бекіткіш ерітінділердің көлемі, фиксацияланатын материалдардың көлемінен 50 есе артық болуы шарт. Материалдарды бекіткенде жалпақ табанды, диаметрі 1,5 – 2 см пробиркаларды қолданған жөн.
3. Фиксацияға жаңадан өсірілген материалдарды алу керек.
4. Тамыр өсінділері ұзындығы – 5-7 мм болғанда, кесіп бекіткіш ерітіндіге салады. Әр вариантқа 10 - 20 тамыршадан салады.
Бекіткіш ерітіндісінен кейін материалды жууға тура келеді. Егер материал сулы фиксаторда бекісе, сумен ал спиртті фиксаторда болса, спиртпен жуады. Бұдан кейін материалдарды крандағы ағынды судан 1-24 сағат бойы өткізеді.
Жуылған материалдарды біртіндеп 80% спирт ерітіндісіне ауыстырады. Өсінділерді дәкеден жасалған қапшық этикеткасы түбі жалпақ пробиркаға ауыстырады да, оған біртіндеп спирттің (20–10 және 80%) ерітіндісіне ауыстырып әр концентрацияда 30 минуттан ұстап, 80% ерітіндісіне ұзақ уақыт сақтайды.
Өсімдіктер хромосомасын ацетокарминмен бояу Ацетокармин ядролық бояғышқа жатады. Жасушаның ядросы мен хромосомасын ашық анық етіп көрсетеді. Кармин ерітіндісін 45% сірке қышқылында дайындайды.
Ацетокарминды дайындау Кері мұздатқышы бар колбаға 55 мл дистилденген суға және 45 мл мұзды сірке қышқылын құйып, оған 2-5 гр кармин салады да 30-60 минут су моншасында қайнатады. Бұл жұмысты желдеткіші бар шкафтың астында орындаған дұрыс. Қызыл-күрең кармин ерітіндісін суытқаннан кейін, қағаз фильтрден өткізіп, мықты жабылатын шыныдан жасалған бюкске сақтайды.
Хлоралгидрат ерітіндісін дайындау 2 мл дистилденген суға 5 гр хлоралгидрат ұнтағын ерітеді.
Арпа және бидай өсімдіктер жыныс клеткаларының мейоз жолымен бөлінуінің фазаларын, қоршаған орта факторларының (пестицидтердің) мутагендік қасиетін анықтау мақсатында тест-жүйе ретінде қолдану.
Көп жағдайда пестицидтердің мутагендік әсерін өсімдіктердің тамыр өсіндісінің меристемалық клеткаларындағы хромосома жиынтығында болатын өзгерістердің сан және сапа жағынан түзілуіге қарай анықтайды (клеткалар митоздық жолмен бөлінеді). Бұл тәсілді әмбебап (универсал) деп айтуға болады, себебі алынған нәтижелердің қорытындысын тарата алмаймыз. Көпшілік авторлардың айтуынша, тестжүйе ретінде өсімдіктердің мейотикалық клеткаларын қолдануға болатыны белгілі. Біздің пікірімізше, мейоздың фазаларында хромосомалардың өзгеруін анықтауға, хромосомалардың пестицидтерге сезімталдығын және табиғи популяцияда осы өзгерістердің (стерильді, жартылай стерильді) әсерін байқауға болады.
Бұл тест жүйенің пайдаланудың мақсаты – ауылшаруашылығында өсімдіктердің ауруларына, зиянкестерге, арамшөптерге, т.б. қолданатын пестицидтердің, фунгицидтердің, инсектицидтердің мутагендік қасиетін анықтау. Қойылатын талап, дәнді дақылдар тұқымын егудің алдында 30 күн бұрын, фунгицидтермен ауыл шаруашылығында қолданатын дозасына сәйкес келеді (Ауыл шаруашылығы мен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нұсқа бойынша). Тұқымдарды еккеннен кейін оның шығымдылығын анықтап, фенологиялық бақылау жүргізеді. Жыныс клеткалары жетіле бастаған уақытта өсімдік сабағындағы соңғы жапырағы мен алдыңғы жапырағының арақашықтығы 2 – 5 см болғанда, жапырақ ішіндегі жас масақты Карнуа немесе Ньюкомера фиксаторымен өңдейді. Әр вариант бойынша 50 өсімдіктің тозаңын зерттейді. Тозаң клеткаларын ацетокармин, Фельген ерітінділерінде бояп, уақытша препарат жасайды.
Әр препараттан клетканың мейоздық бөлінуінен (Диакинез, Метафаза І және ІІ, Анафаза І және ІІ) фазаларын тауып, ондағы клеткалардың жалпы санын, оның ішінде мутацияға ұшыраған клеткалардың санын анықтау керек. Мутацияға ұшыраған клеткалардың хромосомалары диакинезде-унивалентті (бір сыңары жоқ) метафаза І және ІІ-де фрагменттер, ал анафаза І және ІІ-хромосомалардың хроматидтері екі полюсін жалғастырып (көпір) тұрады. Алынған цитогенеткалық мәліметтерді мына кестеге ендіру қажет (3-кесте).
Анализделінетін материалды белгілі бояғыш заттар арқылы бояу.
Анализделінетін материалды мацерациялау (ұлпа түзетін әртүрлі клеткаларды жұмсарту, бөлу әдісі).
Анализделінетін материалды фиксациялау.
Зертханада өсірілген арпа, бидай, пияз және скерда тұқымының тамыр меристемалық клеткаларының өсінділерін 0,1 см; 0,5 см; 1,0 см; 1,5 см мөлшеріне қарай Карнуа фиксаторымен бірнеше рет фиксация жасайды.
Фиксациядан өткен материалды мацерациялайды. Ол үшін күшті қышқылдар – 5% хром қышқылы, 1,2 н НСІ, ферменттер – 5% пектиназа, цитаза өңдеуден өткізеді.
6. Мацерация жасалынған материалды 45% сірке қышқылынан өткізіп, ацетокармин, ацетоорсеин бояу ерітіндісіне пробиркаға салып, су моншасында 25–30 мин. ұстайды.
7. Боялған материалды сорғыш қағаздан өткізіп, 45% сірке қышқылында 3-5 минут сақтайды. 45% сірке қышқылынан кейін материалды 0,5% хлоральдегидрат ерітіндісінде 10-15 мин. сақтап, зат шынысының үстіне қойып, боялған материалды аз ғана жұқа етіп, пинцет немесе алмаспен кесіп, зат шынысының аз ғана жұқа ортасына қояды. Бұдан кейін бір тамшы хлоральдегидрат ерітіндісін, не 45% сірке қышқылын тамызады. Жабын шынымен жауып, ерітіндіні сорғыш қағазбен сорғызып, басбармақпен немесе препаральды инемен жайлап басады. Препаратты тазалап, микроскоп астында қарап, зерттелетін заттардың суретін салады.