Жауабы: Гүлдің пішіні бір жұп аллельдермен анықталады, зигоморфты белгі гүлі дұрыс белгіден басым.
2-есеп. Екі белгінің тұқым қуалауын талдау Белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Екі белгінің фенотип бойынша ажырауы ықтималдық теорияға сәйкес (1АА : 2Аа : 1аа) х (3В : 16) = 3ААВ : 6АаВ : 3ааВ : 1ААвв :2Аавв : 1аавв болады. Бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз – 234 : 16 = 16,6; тәжірибедегі ажырау – 39 : 16,6 = 2,3; 94 : 16,6 = 5,7; 45 : 16,6 = 2,7; 15 : 16,6 = 0,9; 28 : 16,6 = 1,7: 13 : 16,6 = 0,8 қа-тынаста болып, (≈) жуықтап алғанда 3: 6: 3: 1: 2: 1. Х2-әдісімен тексергенде (Х2 = 6,6, Р > 0,20) дұрыс шығады.
Жауабы: Белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Ғ2 – ұрпақта 39 қызыл зигоморфты өсімдіктер, олардың генотипі ААВВ және - ААВв, аавв.
Жауабы: 1. Гүлдердің түсі бір жұп аллельдер бойынша бақыланады және толымсыз доминанттылық көрсетеді.
2. Гүлдердің пішіні бір жұп аллельдермен анықталады, зигоморфты белгі, гүлі дұрыс белгіден толық доминанттылық көрсетеді.
3. Гүлдердің түсі және пішіні бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды.
4. Ата-аналық өсімдіктердің генотипі: қызыл, гүлі дұрыс – Аавв; сары зигоморфты – ааВВ.
5. Қызыл зигоморфты 39 өсімдіктің екі доминантты белгі бойынша гомозигота.
3-есеп. Көк көзді, оңқай еркек қой көзді оңқай қызбен тұрмыс құрады. Олардың екі перзенті бар. Қой көзді солақай және көк көзді, оңқай. Осы еркектің қой көзді оңқай тоқалынан (екінші әйелінен) 9-қой көзді,барлығы оңқай балалар дүниеге келген. Барлық ата-аналардың (екі әйел және бір еркектің) гено-типтерінің ықтималдығы қандай?
Берілген: Адам. Көздің түсінің және қолының оңқайлығының тұқым қуалауы.
1. Р ♀ қой көзді, оңқай х ♂ көк көзді, оңқай
↓
Ғ1 ♂ көк көзді, оңқай, ♂ қой көзді, солақай
2. Р ♀2 қой көзді, оңқай х ♂ көк көзді, оңқай
↓
9 қой көзді, оңқай
Шешуі: 1. А – қой көзді, а – көк көз, В – оңқай, в – солақай. Ер адамның генотипі – аавв, екі әйелдің генотипі АаВв.
2. Бірінші әйелден рецессивті белгісі бар балалардың тууы, оның генотипі екі белгі бойынша гетерозигота, ер адамның В – гені бойынша да гетерозигота екенін көрсетеді. Бірінші әйелдің генотипі – АаВв, еркектің генотипі – ааВв.
3. Екінші әйелдің 9 баласының барлығы қой көзді, оңқай болғандығы олардың екі ген бойынша гомозигота екенін білдіреді.
4. Екінші әйелдің генотипі гетерозигота екенін анықтау. Егер А гені бойынша гетерозигота болса, көк көзді жігітке тұрмысқа шықса, онда көк көзді бала тууының ықтималдығы тең, яғни екі баласының біреуі көк көзді болады. Балалардың тууы және гендердің ұрпаққа берілуі бір-бірінен тәуелсіз. Сондықтан қой көзді 9 баланың тууға ықтималдығы ( )9 = 0,002 тең. Егер әйел В гені бойынша а гомозигота болып, гомозиготалы еркекпен тұрмыс құрса, балаларының оңқай. Сонда 9 баланың оңқай болу ықтималдығы – ( )9 = 0,08. Белгілер тәуелсіз тұқым қуалайды, 9 баланың барлығының қой көз, оңқай болуының ықтималдығы – 0,002 х 0,08 = 0,00016