Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет43/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтары:
1. Қандай шағылыстыруды дигибридті деп атаймыз?
2. Қандай шағылыстыруды талдаушы будандастыру деп атаймыз?.
3. Талдаушы будандастыруда белгілер қандай сан қатнасында ажырайды?
4. Мендельдің ІІІ заңының мәні неде?
5. Дигибридті будандастыруда Ғ2-де қандай ажырау байқалады?
6. Дигибридті будандастырудың моногибридті будандастырудан қандай ерекшеліктері бар?
7. Дигибридті будандыстыруда гаметалар түзілуін қалай анықтауға болады?
8. Талдаушы шағылыстыруды селекционерлер не мақсатта қолданады?


Бақылау есептері:



  1. Адамда қой көзді белгі А) көк көздіден (а) басым, шаштың сары түсі (в) қараға (В) қарағанда рецессивті, бұйыра шаш (С) тура шаштан (с) басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Мынадай АаввСс генотипі бар еркек, генотипі ааВвСс әйелмен некеге отырады. Ата-анасының фенотипін анықтаңдар. Генотиптері ааввсс, АаВвСс, АаввСс балалардың тууылуының ықтималдығын табыңдар.

2. Күйеуі – көк көзді солақай. Оның әке-шешесі және әйелі қой көзді оңқай. Әйелінің шешесі көк көзді солақай. Осы белгілерді анықтайтын гендер әр хромосомада орналасқан. Әкесінің белгісі бар бала тууының ықтималдығы қандай?.
3. Ерлі-зайыптылар: еркек – гетерозиготалы сары шашты (доминантты белгі) және секпілсіз, әйел – қоңыр шашты бетінде секпілі (доминантты белгі) бар. Осы ерлі-зайыптылардан шашының түсі сары және бетінде секпілі бар бала тууының ықтималдығын анықтаңдар?
4. Адамда бұйыра шаш, тура шаштан басымдылық көрсетеді. Терінің пигментациясын анықтайтын ген, пигментацияның жоғын бақылайтын геннен басым келеді. Әке-шешесінің терісі қалыпты пигментациялы және бұйра шашты отбасында альбинос тура шашты бала дүниеге келеді Ата-анасының генотипін және бұйыра шашты, терісі қалыпты пигментелген бала тууының ықтималдығын табыңдар?
5. Әкесінің қан тобы – ІІ, резусы оң, ал шешесінікі қан тобы – ІІІ, резусы теріс. Осы отбасында фенилкетонуриямен ауыратын қан тобы – ІІІ, резусы теріс бала туылған. Ата-анасының және баланың тиімді генотипін анықтаңдар.
6. Фенилкетонурия және сфероцитоз ауруының дамуын бақылайтын гендер аутосомды-доминантты типте тұқым қуалайды. Ген гомологты емес аутосомдарда орналасқан. Сау бала тууының ықтималдығы қандай, егер ата-анасы дигетерозигота болса.
7. Көк көзді оңқай еркек,қой көзді оңқай әйелге үйленеді. Олардан екі бала туылады, біреуі – қой көзді солақай, екіншісі көк көзді оңқай. Осы еркектің екінші қой көзді оңқай әйелінен 9 қой көзді барлығы оңқай балалары болады. Үш ата-ананың әр қайсының генотипі қандай?
8. Адамда көздің көрмеуінің екі түрі бар, екі түрі де аутосомды-рецессивті типті тұқым қуалайды. Осы ауруларды анықтайтын гендер әр хромосомада орналасқан. Осы отбасында көзі көрмейтін бала тууының ықтималдығын анықтаңдар, егер әке-шешесі қалыпты көреді, екі әжесінің көзінің ауруы бірдей типті, аталарының шежіресін талдағанда ауру болмаған.
9. Будандастыру жағдайында аллельдердің өзара әсерінің типін (1) және ата-анасының тиімді генотиптерін (2) анықтаңдар. Егер бірінші ұрпақтың белгілері 2:1, ал екінші белгі бойынша 3:1 қатынасына ажыраса.
10. Қан тобы О еркек, қан тобы АВ әйелге үйленеді. Әйелдің әкесі гемофилиямен ауырады. Отбасы балаларының түрлі фенотиптерінің ықтималдығын анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет