1-есеп. Жұмыршақ өсімдігінің түрі екі жұп полимерлі гендерге байланысты – А1 а1 және А2 а2. Бір доминантты гені бар өсімдіктің (А1 және А2 ) жемісі үшбұрышты және екі, үш, төрт доминантты гені жоқ (а1а2 а1а2.) өсімдіктің жемісі жұмыртқа пішінді болады. Гендері бойынша дигетерозиготалы А1 және А2 өсімдіктер будандастырылған. Фенотипі бойынша Ғ1-дегі ажырауды анықтаңдар.
Шешуі: ата-аналарының генотипі белгілі: А1 а1А2 а2 және А1 а1А2 а2. Екі гетерозиготалы гаметалардың төрт типін түзеді:
А1 А2 ;А1 а2 ; а1 А2 ;а1 а2 ; ол 16 генотип түзеді.
Р ♀ А1 а1 А2 а2 Х ♂ А1 а1 А2 а2
Г А1 А2 А1 а2 а1 А2 а1 а2 А1 А2 А1 а2 а1 А2 а1 а2
♀ ♂
|
А1 А2
|
А1 а2
|
а1 А2
|
а1 а2
|
А1 А2
|
А1А1 А2 А2
|
А1 А1 А2 а2
|
А1а1 А2 А2
|
А1 а1 А2 а2
|
А1 а2
|
А1 А1 А2 а2
|
А1 А1 а2 а2
|
А1а1 А2 а2
|
А1 а1 а2 а2
|
а1 А2
|
А1 а1 А2 А2
|
А1 а1 А2 а2
|
а1а1 А2 А2
|
а1а1 А2 а2
|
а1 а2
|
А1 а1 А2 а2
|
А1 а1 а2 а2
|
а1а1 А2 а2
|
а1а1 а2 а2
|
барлық алынған генотиптердің тек біреуінде ғана доминантты ген болмайды, ол жемістің пішіні жұмыртқа тәрізді болады, қалғандары үшбұрышты.
Жауабы: фенотипі бойынша ажырау 15:1 қатынасында жүреді.
Белгілердің полимерлік тұқым қуалау жағдайында, екінші ұрпақта пайда болған организмдер белгілері жағынан ата-аналық түрлерімен салыстырғанда не басым, не әлсіз болуы мүмкін. Мұндай құбылысты трансгрессия деп атайды.
Тапсырмаларды орындау:
Генотипі А1 А1 А2 А2 А3 А3 аналық жүгерінің собығын қарап, собығындағы дән қатарының санын анықтаңдар.
Генотипі а1 а1 а2 а2 а3 а3 аталық жүгері собығын қарап, собығындағы дән қатарының санын анықтаңдар.
Ғ1 ұрпақ буданындағы жүгері собығындағы дән қатарының санын анықтаңдар.
Ғ2 ұрпақтағы жүгері собығын қарап, дән қатарының саны бойынша топқа бөліп, 10-кестеге енгізіңдер.
10-кесте
Жүгері собығының дән қатарының санының полимерлі тұқым қуалауы
Ата-аналық сорт және олардың будандары
|
Зерттелген собықтар
|
Дән қатарының саны
|
20
|
18
|
16
|
14
|
12
|
10
|
5
|
♀
|
6
|
6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
♀
|
6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
6
|
Ғ1
|
10
|
-
|
-
|
-
|
10
|
-
|
-
|
-
|
Ғ2
|
65
|
16
|
|
15
|
21
|
14
|
7
|
1
|
Осыдан полимерия құбылысы бойынша қорытынды жасаңдар.
Бақылау сұрақтары мен есептер.
1.Полимерия деген не? Қандай белгілерді полигенді белгілер дейді?
2.Кумулятивті полимерия деген не?
3. Гендердің өзара әсерінің қандай типтері Мендельдің заңына сәйкес келмейді.
4. Трансгрессия деген не?
5. Сыртқы орта гендердің қөрінуіне әсер ете ме?
Есептер.
1-есеп. Адам терісінің түсі жинақталу (кумуляция) полимерия типті бірнеше жұп гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде анықталады. Генотипте доминантты ген көп болса, адам терісінің түсі қара болады. Негр мен ақшыл адамнан туған баланы мулат деп атайды.
А. Егер негр қыз (А1 А1 А2 А2) ақшыл жігітке (а1 а1 а2 а2) тұрмысқа шықса, олардың болашақ ұрпақтарының қаншасы негр, мулат және ақ түсті болады?
Ә. Егер екі мулат (А1 а1 А2 а2) үйленсе, олардың балаларының ішінде негр, ақ түсті, мулат балалар бола ма?
2-есеп. Қойлардың кейбір тұқымы жүнінің ұзындығы орта есеппен 40 см, ал кейбіреулерінде 10 см болады. Қойлардың жүндерінің айырмашылығы бірдей әсер ететін 3 жұп генге байланысты. Ғ1 -де және Ғ2 -де ұрпақ қандай болады?
3-есеп. Жасыл түсті жүгеріні бір-бірімен будандастырғанда 15/16 өсімдік жасыл, 1/16 өсімдік ақ болған. Аталық және аналық өсімдіктердің генотипін анықтап, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
4-есеп. Әйелдердің сүт бездерінен сүттің бөлінуін полимерлік гендер анықтайды. Анардың сүті өз баласына жеткілікті, оның генотипі L1 L1 L2 L2. Әселдің сүті мүлдем жоқ. Анардың сүті мол болғандықтан, өз баласын және қосымша Әселдің баласын емізеді. Анар мен Әселдің генотипін анықтаңдар.
5-есеп. Швед генетигі Г. Нильсон-Эле 1908 жылы қызыл түсті тұқымды бидай өсімдігін, ақ түсті бидай өсімдігімен будандастырып, тұқымы қызыл түсті бидай өсімдігін алды. Осы алынған бидай өсімдігін кейбір сорт тармақтарымен (линия) будандастырғанда Ғ2-де ажырау 15/16 түсті; 1/16 ақ түсті қатынасында болып шыққан. Дәндердің түсі қан қызылдан ақшыл қызылға дейін болған. Бұл құбылыс генотипте болатын доминантты гендердің санына байланысты екенін көрсетеді. Ал рецессивті гомозиготалы болса (а1 а1 а2 а2) дәндердің түсі ақ болады.
А. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гаметалар түзе алады: А1 А1 А2 А2; ә) А1 а1 А2 а2; б)А1 а1 А2 А2; в) а1 а1 А2 А2; г) а1 а1 а2 а2?
Ә. Мынадай будандастыруда алынатын ұрпақтар дәндерінің түстерін анықтаңдар: а) А1 а1 А2 а2 х а1 а1 А2 А2 ; ; ә) А1 а1 А2 а2 х а1 А1 а2 а2.
б) А1 а1 а2 а2 х а1 а1 А2 А2; в) А1 а1 а2 а2 х А1 а1 А2 А2 .
6-есеп. Бидай өсімдігі жаздық және күздік болып бөлінеді. Жаздық белгісін А доминантты екі полимерлі гендер бақыласа, ал күздік белгісін сол гендердің рецессивті аллелдері анықтайды. Мынадай будандастырудың нәтижесінде алынатын будан өсімдіктердің генотиптері мен фенотиптерін анықтаңдар:
а) А1 А1 А2 А2 х а1 а1 а2 а2; ә) А1 А1 а2 а2 х а1 а1 а2 а2;м
б) А1 а1 а2 а2 х а1 а1 а2 А2; в) А1 а1 А2 а2 х А1 а1 А2 а2.
7-есеп. Кейбір үй қоянның тұқымының құлағының ұзындығы 30 см, ал басқа тұқымыныкі 10 см. Құлақтарының ұзындығының айырмашылығы бірдей әсер ететін екі жұп генге байланысты:
L1 L1 L2 L2 – құлағы ұзын, І1І1І2І2 – құлағы қалыпты. Ғ1 ұрпақтың қояндарының ұзындығы қандай және Ғ2 ұрпақтағы даралардың генотиптерін анықтаңдар.
8-есеп. Адамда бойдың биіктігі бір-бірімен тіркеспейтін 3 жұп генмен анықталады. Бойдың биіктігі сол гендердің өзара полимерлік әрекеттесуіне байланысты болады. Кейбір аласа адамдардың популяциясында тек рецессивті гендердің болуына байланысты бойының биіктігі 150 см, ал ең биік адамдардың бойы 170 см, өйткені оларда тек доминантты гендер болады.
9-есеп. Сорго өсімдігінің биіктігі рецессивті гомозиготалы 4 жұп геннің (карлик) аллельдерімен анықталса, 40 см-ге тең, ал биіктігі доминантты гомозиготалы 4 жұп геннің аллелдерімен анықталса, онда 240 см-ге тең. Сабақтарының биіктігінің айырмасы осы төрт геннің әрекетімен бақыланып, кумулятивті қасиет көрсетеді.
А. Генотипі А1 А1 А2 А2 А3 А3 а4 а4 өсімдік, а1 а1 а2 а2 а3 а3 А4 А4 өсімдікпен будандастырылса, ата-ана өсімдіктерінің сабағының биіктігі қандай болады ? Ғ1 ұрпақ өсімдіктерінің биіктігі қандай? Ғ2 кезіндегі өсімдіктердің сабағының биіктігінің күтілу өзгергіштігін және биіктігі бойынша әр кластағы өсімдіктердің күтілу жиілігін анықтаңдар.
Ә. Генотипі А1 А1 а2 а2 А3 А3 а4 а4 өсімдік, а1 а1 а2 а2 а3 а3 А4 А4 өсімдікпен будандастырылса, ата-ана өсімдіктерінің сабағының биіктігі қандай болады? Ғ1 ұрпақ өсімдіктерінің биіктігі қандай?
10-есеп. Адамда аллельді емес гендер А1 және А2 меланиндердің (қоңыр және қара түсті пигменттер) түзілуін және терінің қоңыр түсін анықтайды. Ал рецессивті гендер а1 және а2 ақ түсті бақылайды. Белгілердің көріну дәрежесі генотиптегі доминантты аллельдердің санына байланысты. Аллельді емес гендердің әрекеттесу типін анықтаңдар.
11-есеп. Рецессивті гомозиготалы н гені бойынша адамдардың эритроциттерінде А және В антигендер түзілмейтіндіктен, адамның қан тобі І болады. ІА және ІВ гендері жұмыс істеу үшін адамның генотипінде Н гені болуы қажет. Аллельді емес гендердің әрекеттесу типін анықтаңдар.
12-есеп. Жасыл түсті жүгері өсімдігін бір-бірімен будандастыр-ғанда 15/16 өсімдік жасыл, 1/16 ақ болған. Аталық және аналық өсімдіктердің генотипін анықтап, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
13-есеп. Қызыл масақты бидайды ақ масақты бидаймен будандастырғанда Ғ1-де ұрпақтардың барлығы қызыл масақты болған. Қызыл масақты бидайларды бір-бірімен будандастырғанда Ғ2 кезінде 82 қызыл, 5 ақ масақты бидай алынған. Ата-анасының генотипін анықтап, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
14-есеп. Бидай өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда Ғ2-де алынған ұрпақ 3 жаздық, 1 күздік болып ажыраған. Бастапқы ата-аналық формалардың генотипін анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |