15-есеп. Егер әйелі де, еркегі де ақшыл болса, олардан қара бала туылуы мүмкін бе?
16-есеп. Әйелі де, еркегі де негр отбасында, ата-анасымен салыстырғанда ақшыл бала тууы мүмкін бе?
17-есеп. Қойлардың кейбір тұқымында жүнінің ұзындығы орта есеппен 40 см, ал кейбіреулерінде 10 см болады. Қойлардың жүндерінің айырмашылығы бірдей әсер ететін 3 жұп генге байланысты. Ғ1-де және Ғ2-де ұрпақ қандай болады?
18-есеп. Қызыл түсті дәнді бидай өсімдігін ақ түсті дәнді бидаймен будандастырғанда, бірінші ұрпақта өсімдіктер барлығының дәні қызыл түсті болды. Ал Ғ2 кезінде белгілер ажырады. Белгілер қалай тұқым қуалайды? Бастапқы өсімдіктердің генотипі қандай? Егер бірінші ұрпақтың өсімдігін ақ түсті дәнді өсімдікпен кері будандастырса, қандай ұрпақ шығады?
19-есеп. Қызыл дәнді бидай өсімдігін өзара будандастырғанда, ұрпағында белгілер 15 өсімдік қызыл түсті дәнді, 1 өсімдік ақ түсті дәндіге ажыраған. Дәннің түсі әртүрлі болған. Будандастыруға алынған өсімдіктердің және әртүрлі даралардың генотипін анықтаңдар.
11-жұмыс
Тақырыбы: Гендердің тіркес тұқым қуалауы Мақсаты: Белгілердің тіркес тұқым қуалау ерекшеліктері және кроссинговермен танысу.
Құрал-жабдықтар:
Жаңадан дайындалған тамағы бар пробиркалар.
Дрозофила шыбынының қалыпты қанатты денесі сұр және денесі қара қанаты жетілмеген мутанттар түрлері. «Толық тіркесу», «толық емес тіркесуге»және «кроссинговерге» арналған кестелер.
Тапсырмалар: Дрозофила шыбынының қалыпты қанатты денесі сұр түрімен қанаты жетілмеген денесі қара шыбынмен шағылыстыру жүргізу.