Динамикалық қатар және оның көрсеткіштері. Динамикалық қатар деп статистикалық бірыңғай шамалардың қатарын айтады. Ол қандай да бір көріністің уақыт ағымына қарай өзгерісін көрсетеді. Динамикалық қатарды құрайтын сандар қатардың деңгейі болып табылады. Олар обсолюттік, салыстырмалы, немесе орташа шамалардан тұруы мүмкін.
Динамикалық қатарды анықтайтын негізгі көрсеткіштерге жататындар
Абсолюттік өсу (кері кету) – соңғы жылдың және алдыңғы жылдың көрсеткіштер айырмасы.
Өсу жылдамдығы – абсолюттік өсудің алдынғы жылдағы көрсеткішке проценттік қатынасы.
1%-тік өсімнің (кемудің) құндылығы абсолюттік өсудің өсім жылдамдығына қатынасы.
Даму жылдамдығы – кейінгі және алдынғы деңгейдің проценттік арақатынасы.
Графикалық бейнелеу – бұл статистикалық шамаларды көрнекті етіп көрсетуге қолданылады. Графикалық бейне абсолюттік немесе салыстырмалы шамалар бойынша құрылуы мүмкін. Графикалық бейненің мынадай түрлері бар: