Секторлы диаграмманың – көмегімен көріністің құрамын бейнелейді. Мысалы: аурушаңдық пен тұрғындардың өлім себептерінің құрамы өзіндік көлеміне қарай шеңбердің белгілі бір бөлігін алып жатады.
Мүсінді немесе көлемді диаграмма. Бұл жағдайда статистикалық шамалар әртүрлі мүсіндермен бейнеленеді. Мысалы: ауруханадағы жату орындарының динамикасы төсек-орнының бейнесімен, ал тұрғындардың табиғи өсімі адамдардың бейнесімен суреттеледі.
Картодиаграмма – бұл статистикалық шамаларды географиялық карталарда бейнелеу болып табылады. Онда абсолюттік деректер мен әртүрлі көрсеткіштер бейнеленуі мүмкін. Картада бейнелеу үшін әртүрлі бояулар қолданылады. Көріністің жиілігін көрсету үшін бояудың қоюлылығы да әртүрлі болады. Картодиаграмма – географиялық картадағы әртүрлі диаграммалардың бейнесі.
Экстенсивтік көрсеткіштер – статистикалық жиынтықтың ішіндегі белгілі бір көріністің алатын орнын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер әрбір көріністің құрамын анықтайды. Мысалы: Кентау қаласының бас педиатры қала емханаларында істейтін медицина қызметкерлеріне мынадай тапсырма берді:
0-4 жасқа дейінгі балалардың инфекциялық ауруларының ішінде қызылша ауруының алатын орнын анықтау (%);
0-4 жасқа дейінгі балалардың қызылшамен ауыру деңгейін анықтау;
Әрбір 10 000 балаға шаққанда қалада қанша медбикенің жұмыс істейтінін анықтау;
қаланың қай ауданында 0-4 жасқа дейінгі балалардың қызылшамен ауыруы мен ауыру деңгейі қандай екендігін анықтау қажет.
Бұл тапсырманы орындау үшін 1994 жылы Кентау қаласында мынадай деректер жиналды: Кентау қаласындағы 0-4 жасқа дейінгі балалар саны 8000. Анықталған инфекциялық аурулардың барлығы – 1600, оның ішінде қызылша ауруы – 320. Қаладағы емханалар – 150 медбике жұмыс істейді. Ал 0-14 жасқа дейінгі балалар саны – 25000.
1 сұрақ. 0-4 жасқа дейінгі балалардың инфекциялық ауруларының құрамындағы қызылша ауруының салмағын есептеу үшін төмендегідей мәліметтер алынады():
== %
Достарыңызбен бөлісу: |