Сызықты диаграмма – көріністің даму бағытын көрсетеді. Оның көмегімен тұрғындардың табиғи өсімін, балалар өлімінің барысын көрсетуге болады. Егер бір диаграмма бірнеше көріністі бейнелесе, оларды әртүрлі сызықтармен сызады. Бірақ диаграммада төрт сызықшадан артық қолдануға болмайды.
Радиалды диаграмма – шеңберлі координат жүйесінде құрылады. Ол көріністің даму барысын белгілі бір уақыт айналымында бейнелеу үшін қолданылады.
Жазық диаграммалар немесе бағаналы диаграммалар көріністің өзгерісін немесе статистикасын бейнелеуге қолданылады. Мысалы: аурухананың жататын орнының бірнеше жылдық өсімін әртүрлі биіктікте төртбұрыштармен бейнелеу. Тікбұрыштардың көмегімен көріністің құрамын да көрсетуге болады.