Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


тарау. Маңызды жұқпалы және жұқпалы емес сырқаттылықтардың эпидимиологиясы



бет43/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95
3 тарау. Маңызды жұқпалы және жұқпалы емес сырқаттылықтардың эпидимиологиясы.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік салада ұстанып отырған саясатының негізгі мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайының деңгейі мен сапасын барынша жақсарту, әлеуметтік көмектің жалпыға бірдей қол жетімділігін арттыру, медициналық көмектің сапасын арттыру және тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты жою болып табылады. Тұрғындардың денсаулығы еліміздің әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуының маңызды тетігі деуге болады. Қазіргі таңда тұрғындар денсаулығының ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы атқаратын ролі дұрыс бағалана бастады. Оны еліміздің стратегиялық қуаты деп қарастыру жиі байқалады.

Кеңестер Одағының ыдырауынан кейін орын алған әлеуметтік-экономикалық тоқыраулар тұрғындар денсаулығына өте қуатты кері әсерін тигізді. Осы жағдайдың одан ары ушығуына тұрғындардың қартаюы, созылмалы аурулар мен мүгедектік оқиғалары деңгейінің артуы, емдеу және медициналық диагностика әдістері құнының барынша қымбаттауы да өзіндік әсерлерін тигізді. Алайда 2000-2010 жылдары Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық реформа осы қиындықтар мен әлеуметтік келеңсіздіктердің кері әсерін барынша төмендетуге алып келді. Алайда тұрғындар арасында қалыптасқан әлеуметтік маңызы үлкен аурулардың деңгейі мен даму бағыты айтарлықтай төмендей қойған жоқ.

«Әлеуметтік тұрғыда маңызды» деген түсініктің нақты белгісі ретінде осы күнге дейін кеселдердің тұрғындар арасында жаппай таралуы оқиғалары қарастырылады. Ал «эпидемия» деген термин жаппай таралған ауруларды сипаттау үшін, олардың тұрғындар арасында таралу пайызының және жыл сайынғы өсімінің артуын баса көрсету үшін қолданылады. Бірақ медициналық тиімділік жүйесін анықтайтын көрсеткіштердің міндеттерін шешуде әлеуметтік маңызды аурулардың негізгі белгісі дұрыс анықтала қоймаған. Әлеуметтік маңыздылықтың белгісі ретінде аурулардың таралуын алу, оның мынандай қырларына кері әсерін тигізеді.

1) Кеселі бар тұлғаның әлеуметтік ортадағы толыққанды қызметіне кедергі жасайды. Осы жерде айта кететін жағдай, Жапония мемлекетінде қант диабеті ауруының алғашқы профилактикасы, ерте диагностикасы, емдеу сапасы өте жоғары деңгейде болғандықтан осындай ауруы бар тұлғалардың орташа өмір сүру ұзақтығы мен еңбекке жарамдылығы жақсы сақталады. Сондықтан бұл ауру әлеуметтік маңызы үлкен кеселдердің қатарына жатқызылмайды.

2) Анықталмаған кеселі бар тұлғалар санының азаюы, әлеуметтік ортадағы осы аурулар санының төмендеуіне және әлеуметтік маңызының кемуіне нақты кепіл бола алады. Мысалы, диагностика сапасының артуы алғашқы жылдары осы аурулар санының көбеюіне алып келеді. Осы ауруларды дер кезінде және бастапқы кезеңінде сапалы емдеу, олардан туындайтын мүгедектік пен өлім оқиғаларының төмендеуіне себеп болады. Осылайша оның әлеуметтік маңыздылығы төмендейді. Сонымен, «Әлеуметтік маңыздылық» түсініктемесі мынандай белгілерді нақтылауды қажет етеді.

1.Әрбір ауру үшін арнайы медициналық қамтамасыздандыру жүйесінің қызметтік тиімділік көрсеткішін анықтауға және осы көрсеткіштерді әртүрлі мемлекеттік профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын критерии ретінде қалыптастыруға жағдай туғызады.

2.Осы аурулардың әлеуметтік маңыздылығын төмендетуге бағытталған қимылдардың түрлерін анықтайды. Әлеуметтік маңызы жоғары аурулар тек қана дамушы елдердің үлесіне тимейді, сонымен қатар олар дамыған елдерде де жиі ұшырасады. Алайда, дамушы елдердегі санитарлық-эпидимиологилық және экологиялық-гигиеналық жағдайдың нашарлығы, профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, өмір сүру салты мен сапасының төмендігі әлеуметтік маңызы үлкен патологиялардың таралу деңгейін барынша жоғары деңгейге көтереді. Осындай эпидимиялық жағдайдың одан ары ушығуына әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындардың көбеюі де айтарлықтай үлесін қосады. Олардың қатарына мигранттар, үйсіз-күйсіз жандар, түрмеде отырғандар және соғыс қимылы жүріп жатқан елдерден қашқан адамдарды жатқызуға болады. Елімізде қалыптасқан заңдылықтарға сай әлеуметтік маңызы үлкен кеселдермен ауыратын тұрғындарға медициналық-әлеуметтік көмек беріледі және диспансерлік бақылау орнатылады. Медициналық-әлеуметтік көмекке қажетті қаржылай шығындарды мемлекет өз мойнына алған Осы ауруларға көрсетілетін дәрігерлік-профилактикалық көмек арнайы ұйымдастырылған диспансерлік медицина мекемелерінде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет