Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


тарау. Денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы. Жоспарлау және қаржыландыру



бет62/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

5 тарау. Денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы. Жоспарлау және қаржыландыру.
Соңғы жылдары денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесі бағдарламаларын экономикалық тұрғыда бағалау мәселелері аса үлкен қызығушылық туғызып жүр. Оның негізгі себебі, денсаулық сақтау саласының шығыны тоқтаусыз және жылдам өсуіне қарамай, тұрғындардың денсаулығы мен жалпы бақуаттылығы баяу жақсаруда. Бұл жағдай мамандарды ойландырмай қоймайды. Денсаулық саласына жұмсалатын қаржының жылдан жылға артуына алып келетін себептердің қатарында жер беті тұрғындарының тез қартаюы, медицинаға заманауи және өте қымбат технологиялардың кеңінен ендірілуі, медициналық көмек сапасының артуына тұрғындардың артқан үміті сияқты мәселелер бар. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға кетіп жатқан шығынның артуы –әрбір елдің өкіметін алаңдатып отырған тек бір мәселе. Оның екінші жағы – медициналық көмек сапасының өте баяу жақсаруында болып отыр. Шындығында, медицина мекемелерінің көрсететін көмегі көбінесе жеткіліксіз, дәрігерлік мамандар арасында тығыз байланыс қалыптаспаған, аурудың алдын алуға қажетті медициналық көмек дер кезінде берілмейді және тұрғындардың сапалы медициналық көмекке деген сұранысы барлығына бірдей қамтамасыз етілмейді. Осы мәселелермен жиі ұшырасу, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың осы салаға бөлінетін қаржыны қысқартуға деген ниетін арттырады. Алайда денсаулық сақтау жүйесін тек шығындаушы сала деп қарастыруға болмай. Бұл сала өндірістік сала болып табылады. Шындығында, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаты тұрғындардың денсаулығын жақсарту арқылы, олардың еңбекке жарамдылығын арттыру және өмір сүру ұзақтығын жоғарылату болып табылады. Сондықтан денсаулықты медицина саласының тұрғындарға беретін тауары деп қарастыру қажет. Сонымен қатар, денсаулықты біздің экономикамыздың аралық тауары деп атауға болады. Денсаулықтан айрылған адам тауарды аз өндіреді және оның қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды. Ал тауар өндірмей және оны сатпай, ұлттық байлықты арттыру мүмкін емес. Сондықтан денсаулық сақтау саласын барынша жетілдіру, медициналық көмектің сапасын арттыру кез келген мемлекеттің стратегиялық мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет