Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Жүйе және шаруалыққа жүйелік жағдай жасау. Қазақстан республикасында Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін және экономикалық қатынастарды қалыптастыру



бет64/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
5.2. Жүйе және шаруалыққа жүйелік жағдай жасау. Қазақстан республикасында Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін және экономикалық қатынастарды қалыптастыру.
Кеңестер Одағы дәуірінде қалыптасқан денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділігі өте төмен болады. Жағдайдың осылайша қалыптасуына денсаулық сақтау жүйесінде орын алған аса маңызды кемшіліктер себеп болды. Олардың ең бастысының бірі, медициналық көмекті тұтынушылар өзінің сұранысына сай сапалы дәрігерлік көмек алуға және қалаған дәрігеріне медицина мекемесіне еркін қаралуға құқығы болмады. Ескі денсаулық сақтау жүйесі ауруханалар мен емханалар және дәрігерлер арасында бәсекелестіктің қалыптасуына жол бермеді. Сондықтан медицина саласында сапалық өзгерістер өте баяу дамыды. Тұтынушылар арасында медициналық қызмет туралы мәліметтер мүлдем болмады, ал оның сапасы мен құны туралы деректер жарияланбады. Сапасы төмен және тегін медициналық көмек тұрғындардың өз денсаулығына деген қамқорлығын және жауапкершілігін арттыра қоймады. Аса білікті және жоғарғы сападағы медициналық көмекті алу мүмкіндігі шектеулі болды. Осы кемшіліктердің барлығы да денсаулық сақтау жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті реттеудің экономикалық механизмдерінің жасалмауынан туындады. Сондықтан Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев мырзаның тапсыруымен 2020 жылға дейінгі медициналық көмекті берушілер арасында бәсекелестікті қалыптастыруға алып келетін экономикалық механизмді ендіру туралы тапсырыс берілді. Сонымен қатар, тұрғындардың және өндіріс қожалықтарының жұмысшылар денсаулығына жауапкершілікпен қарауын арттыру мәселесін шешуге бағытталған жүйелі шараларды күшейту қажеттілігі атап көрсетілген. Аты аталған тапсырысты жүзеге асыру үшін Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жасалды. Оның негізгі мақсаты пациенттердің өзі қалаған пациенттердің өзі қалаған дәрігері мен медицина мекемесінде еркін емделуге және денсаулық сақтау мекемелері мен дәрігерлер арасында ашық бәсекелестік қалыптасуына негізделген денсаулық сақтау саласын басқару моделін енгізіп, бұл жүйенің әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділігін барынша жоғарылату болып табылады.

Бұл жүйенің негізі:



  • Кепілдендірілген тегін медициналық қызмет аясында берілетін медициналық көмекті бір мемлекеттік орталықтан төлеу;

  • Еліміздің медициналық-әлеуметтік кешенін басқаруда экономикалық мезанизмдерді қолдану;

  • Пациенттердің емделетін дәрігері мен медициналық ұйымдарды өз еркімен таңдау шартын ендіру;

  • Медициналық көмекті көрсету үрдісінің ашықтығы және бәсекелестік ортаны қалыптастыру болып табылады

Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің міндеттері:

  1. Стационарлық және стационардың орнын басатын медициналық көмек аясында кепілдендірілген тегін медициналық көмекті қаржыландыратын бірегей төлегішті құру;

  2. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің соңғы нәтижелеріне қарай қаржыландырудың жаңа моделін тәжірибеге ендіру;

  3. Денсаулық сақтау жүйесі субьектілерін басқарудың заманауи шарттарын тәжірибеге ендіру, мәліметтердің электронды жүйесін және салалық статистикасын дамыту;

  4. Аккредитация жүргізу, денсаулық сақтау субьектілерінде ішкі аудит жүйесін дамыту және медициналық қызметтің сапасын тәуелсіз сараптау шараларын жүзеге асыру;

  5. Еңбек ақыны төлеуді соңғы нәтижелеріне қарай жүзеге асыру.

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойған мақсатын орындау және осыған сай қаражатпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттің, жұмыс қожалықтарының және азаматтардың бірлескен жауапкершілігі қарастырылады. Қазақстан республикасы денсаулық сақтау ісінің Біріңғай Ұлттық жүйесін ендіру екі кезеңде жүзеге асырылады.

Оның 1 кезеңі 2010 жылдан 2015 жылға дейін жалғасады. Бұл кезеңде науқастарды стационарда және стационардың орнын басатын мекемелерде емдеу барысында (психиатрлық, инфекциялық және туберкулез ауруларынан басқа патологиялар) кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін қаржыландыратын бір төлемгерді құрады.

Екінші кезең 2016 жылдан 2020 жылға дейін жалғасады. Бұл кезеңде жеке бастың денсаулығы мен қоғамдық денсаулықтың қалыптасуына мемлекеттің, қожалықтардың және азаматтардың біріккен жауапкершілік балансы анықталады.

Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыру нәтижесінде мынандай табыстарға қол жеткізіледі:



  1. Әртүрлі қожалықтағы медицина ұйымдары арасында бәсекелестік орта қалыптасуы және пациенттердің дәрігерді және медицина ұйымын өз еркімен таңдау шарты ендіріледі;

  2. Тұрғындардың, саланың және мемлекеттің сұранысын қанағаттандыратын, тарифтік саясаттың өзгеруіне және бірегей төлемдер шартына негізделген, соңғы нәтижеге иек артатын кепілдендірілген тегін медициналық көмекті қаржыландырудың озық моделі жасалады;

  3. Денсаулық сақтау субьектілерін электронды ақпараттық жүйенің және салалық статистиканың дамуы негізінде жасалған басқарудың заманауи шарттары қолданысқа ендіріледі;

  4. Медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді Халықаралық стандарттарын ендіру арқылы (аккредитация, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ішкі аудит жүргізу) пациенттер сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі;

  5. Медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын олардың жұмысында қол жеткізген соңғы нәтижелеріне сүйене отырып тағайындау әдісі ендіріледі;

  6. Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен және тұрғындардың қалтасынан бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігі артады. Оның ішінде, стационарлық звеноның жұмысын барынша тиімді ұйымдастыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы жетілдіріледі.

  7. Медициналық қызмет көрсету саласында ашық антикорупциялық орта қалыптасады және неформалдық төлем азаяды;

  8. Адамдардың өз денсаулығын сақтауға деген ынтасы артады және мемлекет пен азаматтардың денсаулықты қорғаудағы бірдей жауапкершілік шарты қалыптасады.

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ендіруден дұрыс нәтижелерге қол жеткізу механизмдері:

  1. Медициналық қызмет көрсетушілер үшін нақты экономикалық ынталандыру;

  2. Қолданылған шаралардың нәтижелілігін бағалауға және медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын соңғы қол жеткізген табыстарына сай қалыптастыруға арналған көрсеткіштер жүйесін қолдану;

  3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қызметтік жауапкершілігін нақты етіп бөлектеу;

  4. Денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту;

  5. Жеке бастың денсаулығына және қоғамдық денсаулыққа мемлекеттің, жұмыс қожалықтарының және азаматтардың бірегей жауапкершілігінің балансын анықтау механизмін ендіру;

  6. Барлық жұмыстардың ашықтығын, қадағалауда болуын және коррупциялық элементтерден толық арылуын қамтамасыз ету.

Концепцияны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері:

Концепцияны жүзеге асыру үш бағытта жүреді, оның ішінде, денсаулық сақтау саласында әкімшілік оңтайландыру, медициналық қызметтің сапасын тоқтаусыз арттыру және денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ісін жетілдіру жұмыстары бар. Денсаулық сақтау саласында әкімшілік оңтайландыру жұмысы мынандай жолдармен жүзеге асырылады:



  • орталықтың және жергілікті деңгейдің мемлекеттік ұйымдарды иелену және басқару қызметіне, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті сатып алуына шектеу қойылады. Осы міндетті шешу мақсатында бірегей төлемгер тағайындалады. Ол Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министірлігі болуы тиіс;

  • бюджеттік заң бойынша мемлекеттік қызмет оны алушыларға барынша жақын орналасуы қажет. Денсаулық сақтау Министірлігінің Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ақысын төлейтін жергілікті аумақтық органының жоқтығын есепке ала отырып, осы міндет әрбір облыста медициналық қызметтің төлемін қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органына жүктеледі;

  • аймақтық медициналық қызметтің төлемін қамтамасыз ету комитеті осы күнге дейін жұмыс істеп келген медициналық қызмет көрсету және фармацевтика саласын бақылау комитетін қайта құру арқылы ұйымдастырылады;

  • денсаулық сақтау субьектілеріне басқарушылық шешімдерді қабылдауда автономиялық құқық беріледі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелер қазыналық өнеркәсіпке, ал қазыналық өнеркәсіп, шаруашылық жүргізу құқығы бар өнеркәсіпке айналады;

  • денсаулық сақтау субьектілерінің автономиялық құқығын арттыру жұмысы мен мекеме басшыларын менеджмент сұрақтары бойынша қайта даярлау жұмысымен, бір кезеңде іске асырылады;

  • медициналық қызмет сапасын сырттай мемлекеттік бақылау құқығы жаңа құрылып жатқан тәуілсіз сараптаушылар институтына беріледі. Осы шара пациенттер мен медицина қызметкерлерінің мемлекеттік бақылау қызметіне деген сенімділігін арттырып, бақылау орындарындағы коррупцияның төмендеуіне алып келеді;

  • медициналық қызмет сапасын тоқтаусыз арттыру міндетін шешу жұмысы бағалаудың екі сатылы моделін жасау арқылы шешіледі: сырттай бағалау, мемлекеттік органдардың және іштей бағалау (аудит), денсаулық сақтау ұйымының күшімен жүзеге асыралады.

  • Ұйымдастырылып жатқан жүйе жергілікті қызмет міндеттерінің 3 % ғана орталық деңгейге берілуін қамтамасыз етеді. Азаматтардың денсаулығы қорғау қызметінің 97 % жергілікті атқарушы әкімшіліктің қолында қала береді.Жалпы соматикалық ауруларға арналған аумақтық емдеу-профилактика ұйымдары жергілікті атқарушы әкімшіліктің коммуналдық меншігінде қалады, ал үкімет денсаулық сақтау министірлігі арқылы, медициналық қызметті сатып алушы (төлемгер) ретінде жұмыс істейді.

  • Бақылау қызметінің әдістемелері қайта қаралады, ол бақылау-қадағалау шараларынан сапа индикаторларын және медициналық көмектің нәтижелілігін тоқтаусыз мониторлау жүйесіне көшеді. Бұл жағдай мемлекеттік бақылау жүйесінің ашықтығын арттырады. Денсаулық сақтау жүйесінің есебін, тұрғындардың осы сала туралы көзқарасын баспасөз және электронды ақпарат құралдарында кеңінен жариялауға және рейтингтік бағалау жүйесін енгізуге жағдай туады. Сонымен денсаулық саласында жүргізілетін оңтайлау осы жүйені тиімді және ашық басқару жүйесіне өтуді қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ұйымдарын мемлекеттік қалыпты шамаларға сай қайта құрып, оларды басқарудың кәсіби институтын ендіруге және бұл саладағы коррупцияны барынша төмендетуге жағдай туғызады. Медициналық қызметтің сапасын тоқтаусыз арттыру үшін медициналық көмектің әрбір кезеңінде жоғары сапа қамтамасыз етілуі қажет. Оны іштей жүргізілетін сапаны басқару қызметі бақылайды. Іштей аудит қызметінің құқығы әрбір денсаулық сақтау ұйымында одан ары күшейтіледі. Оның міндеті ұйымда пайда болған өзекті мәселелерді анықтап, олардың шешу жолын жасау және тәжірибеде жүзеге асыру болып табылады. Ішкі аудит қызметі тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымы көрсеткен қызметінің сапасы туралы арыздарын бастапқыда өзіне бағыттайды, ал уақыт өткен сайын бұл арыздардың санын барынша азайтуға жағдай туғызады.

  • Аккредитацияны, іштей аудит қызметін, тәуелсіз сараптау комиссияларын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу медициналық көмек беру үрдісінің ашық болуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына және пациенттердің дәрігерді және медицина ұйымын өз еркімен таңдауына жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет