Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


кесте. Әр жанға балап есептегенде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы (АҚШ долларымен есептегенде)



бет61/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

25 кесте. Әр жанға балап есептегенде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы (АҚШ долларымен есептегенде)


Елдің атауы

1980 жылы

1990 жылы

2000 жылы

2010 жылы

Америка Құрама Штаттары

1068

2686

3572

4396

Австралия

663

1314

1892

2494

Канада

727

1720

2358

3164

Франция

698

1539

2173

3016

Германия

811

1591

2219

3243

Италия

571

1300

2036

2896

Жапония

517

1190

1972

2654

Финляндия

517

1292

2009

2818

Голландия

696

1283

2164

2942

Швеция

855

1263

2371

3012

Швейцария

839

1760

2384

3353

Ұлыбритания

458

977

1711

2376

Америка Құрама Штаттарының денсаулық сақтау саласына жұмсайтын қаржысы 1980 жылы 1 жан басына балап есептегенде 1068 долларды құраса, 1990 жылы оның деңгейі 2,5 есеге (2686 доллар), 2000 жылы 3,5 есеге (3572 доллар), 2010 жылы 4,2 есеге (4396)жоғарылады. Франция, Германия, Ұлыбритания, Канада мемлекеттерінде де әрбір 10 жылда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жұмсалатын қаржы 2 есеге артып отырған. Дәл осындай жағдай барлық экономикасы дамыған мемлекеттерде байқалады. Осыған қарағанда, экономикасы дамыған мемлекеттерде әлеуметтік саланы қаржыландыруға айтарлықтай көңіл бөлетіндігі көрініп тұр.

Экономикасы нашар дамыған елдердегі денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы дамыған елдердегі көрсеткіштен 10 еседен аса кем болып қалыптасқан. Егер дамушы елдерде 10000 тұрғынға 10-нан 30 төсек-орынға дейін келсе, дамыған елдерде 60-120 төсек-орыннан келеді. Егер дамушы елдердің әрбір дәрігеріне 5000 –нан 50000 дейін тұрғын келсе, дамыған елдердегі әрбір дәрігерге 500-1500 тұрғын келеді.

Кедейлік, жалпы және медициналық мәдениеттің төменділігі, денсаулық сақтау саласының нашар дамуы тұрғындар денсаулығының қалыптасуына да кері әсерін тигізеді. Оның ішінде, тұрғындардың аурушаңдығы, мүгедектігі, аналар мен балалар өлімі, жалпы өлім көрсеткіші аса жоғары деңгейде қалыптасқан. Даму үстіндегі мемлекеттерде патологиялардың эпидемиялық түрлері байқалады.

Дамыған елдерде ең жиі кездесетін денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік денсаулық сақтау қызметі түрінде қалыптасқан. Ұлыбританияда 1948 жылы денсаулық сақтау саласында жүргізілген оңтайланудың арқасында жалпы ұлттық мемлекеттік денсаулық сақтау қызметі құрылды. Осы қызмет жалпы Ұлыбритания халқына тегін медициналық көмек бере бастады. Бірақ, озық медициналық көмекті аламын деушілерге стационардан жалпы төсек-орынның 5 % бөлініп, оны ақылы түрде жүзеге асырады. Ақысыз медициналық көмектің құрамында рецептпен болмашы ақшаға берілетін дәрі-дәрмектер, протездер, көзілдіріктер және тағы басқа көмектер бар.

Медициналық көмек пен медицина мекемелерінің жұмысы 85-87 % мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Қалған қаржы жеке меншік көздерден және ерікті сақтандыру қорынан алынады. Денсаулық сақтау саласының бюджеті өнеркәсіп орындарына және жеке тұлғаларға салынатын салықтан түзеледі. Парламенттің шешіміне сай өкімет орны бұл қаржыны денсаулық сақтау министірлігінің құзырына береді.

Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау жүйесі өзіне тән құрылымдық ерекшеліктермен сипатталады. Оның ішінде, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен дәріханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері, фармацевтері, тіс және көз дәрігерлері бар. Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек жүйесінің, госпитальдардың, ауруханалық қызметтің, госпитальдар жанындағы емханалардың дәрігер-мамандары бар, оның қатарында стоматологтар мен офтальмологтар және стационардың өзге мамандары қарастырылған.

Қоғамдық муниципалитетке қарасты денсаулық сақтау қызметінде және санитарлық-гигиеналық мекемелерде дәрігерлер мен әлеуметтік медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Ұлыбритания мен Уэльстегі денсаулық сақтау саласында 60000 дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың әрбір үшінші дәрігері жалпы тәжіриибелік жүйеде, 30 % - госпитальдарда, қалғандары муниципиалдық мекемелерде жұмыс атқарады.

Аталған секторлардың барлығы денсаулық сақтау министірлігінің бақылауымен және басқаруымен жұмыс істейді. Сонымен қатар әр сектордың өзіндік құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек секторы немесе жалпы тәжірибелік дәрігерлер арнайы қамқорлық комитетінің бақылауында болады. Ол комитеттің құрамында әкімшілік, кәсіподақ, денсаулық сақтау салаларының және қоғамдық ұйымдарының мүшелері бар. Стационардың жұмысы ауруханалар кеңесінің бақылауына алынған. Оларды трастар деп атайды және осындай кеңестер әрбір ауданда және аймақта ұйымдастырылған. Кеңестердің құрамы да қамқорлық комитетінің құрамына сәйкес қалыптастырылған. Муниципиалдық сектор жергілікті әкімшілікке бағынады. Госпитальдың дәрігерлері мен жергілікті денсаулық сақтау саласының мамандары бекітілген тарифтер бойынша еңбек ақы алады. Жалпы тәжірибелік секторындағы дәрігерлерге немесе дәрігерлер тобына еңбек ақы қатаң тарифтер бойынша төленеді.

Алайда жалпы тәжірибелік секторда еңбек ететін дәрігерлер саны шектеулі болады. Жеке мамандықтар бойынша дәрігерлік кеңес госпитальдар құрамындағы емханада жүзеге асырылады. Ұлыбританиядағы мемлекеттік жүйедегі медициналық қызметтің кемшіліктері де аз емес. Оның ішіндегі ең маңыздысы, қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады. Бұл елде денсаулыққа бағытталатын қаржы жалпы табыс көзінің 6,5 % -ын ғана құрайды. Сондықтан медицина мекемелерінде заманауи аппараттар мен қондырғылар жеткіліксіз. Стационарға жату үшін кезекке тұру қажет. Денсаулық сақтау жүйесін басқару барынша орталықтандырылған. Ал, профилактикалық жұмыс медицина мекемелері мен дәрігерлерінің негізгі міндетіне айналмай отыр. Осы кемшіліктерді жою мақсатында денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруды жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынуда және мекеме басшыларының құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, үш сектордың жұмысын ұштастыру мәселесі де қолға алынуда. Соңғы жылдары медициналық профилактикаға баса көңіл бөлінуде.

Медициналық сақтандыру жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген Отто фон Бисмарктің сақтандыру заңдарынан кейін Германияда ендіріле бастады. 1883 жылы қабылданған осындай заңның бірі «Науқастануға байланысты жұмысшыларды сақтандыру» деп аталды. Осындай заңдар Россияда (1912 жыл), Францияда (1915 жыл) қабылданды. Денсаулық сақтаудың сақтандыру жүйесі алғаш рет Германияда Отто Фон Бисмарктің заңдары бойынша ендірілгендіктен «Бисмарк жүйесі» деп аталып кетті.

Бұл жүйе бойынша медициналық көмек беру жұмысшылардың, қызметкерлер мен шаруалардың еңбек ақысынан белгілі бір пайыздық мөлшерде алынатын және өнеркәсіп қожалықтарының табысынан және мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көзінен жүзеге асырылады. Еңбек ақыдан бөлінетін және өнеркәсіп қожалықтарының табысынан бөлінетін қаржы көздері медициналық сақтандыру қорының негізгі бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджеттен сақтандыру қорына бөлінетін қаржы болмашы көлемде болады және ол қаржы төмен деңгейде әлеуметтік қамтамасыздандырылған тұлғаларды (мүгедектер мен жасөспірімдер, соғыс ардагерлері) медициналық сақтандыруға арналып жұмсалады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көзіне жалпы ұлттық медициналық профилактикалық бағдарламалар жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандырудан түсетін қаржы медициналық көмекке кететін шығынды толық өтей алмайды. Сондықтан медициналық көмекке қажетті қаржының белгілі бір бөлігі ерікті сақтандырылғандардың есебінен және жеке кәсіпкерлердің бөлген қаржысымен толтырылады.

Сақтандыру медицинасын басым етіп қалыптастырған елдердің ішінде Германия мен Франция денсаулық сақтау саласын дамытуда жақсы нәтижелерге жетіп отыр. Алайда осы жүйедегі елдердің сақтандыру медицинасын ұйымдастыру жолдары әртүрлі.

Германияда медициналық сақтандыру жүйесі 1883 жылдан бастап жұмыс жасайды. Медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады. Осы жүйедегі медицина науқастарға, жарақаттанғандарға, жүктілердің босануына көмек береді. Оны жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, білікті дәрігер мамандардың көмегімен емханалық жағдайда және стационарда жүзеге асырады. Науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Медициналық сақтандыруға мемлекеттің жалпы табысының 8 % жұмсалады. Ол денсаулық сақтау саласына бөлінетін шығынның (жалпы табыстың 13 %) 61,5 % құрайды. Сонымен, бұл мемлекеттің әрбір тұрғынын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 2000 доллардан астам қаржы жұмсалады. Осы қаржының 60 % әлеуметтік сақтандыру қорынан, 15 % мемлекеттік қаржыдан, ал 15 % - әр адамның жеке қаржылай салымынан құралады.

Денсаулықты сақтандыру шараларын 1200 сақтандыру кассалары жүзеге асырады. Олар бір ассоцацияға біріктірілген. Осы ассоцация қаржының жұмсалуын және дәрігерлердің сақтандыру медицинасы аясында атқарған медициналық-әлеуметтік жұмыстарын бақылайды. Кассалардың бірнеше түрлері бар. Оның ішінде, жергілікті сақтандыру кассалары (сақтандырылғандардың жұмыссыз отбасы мүшелері үшін) тұрғындардың өмір сүру аумағында ұйымдастырылады. Өндірістік сақтандыру кассалары жұмысшылардың еңбек ету орындарында, өндірістік сала бойынша (кеншілер, ауыл шаруашылық мамандары, металлургтер ж.т.б.) ұйымдастырылады. Бұл мемлекет тұрғындарының 90 % сақтандыру медицинасымен қамтылған.

Дәрігерлер мен сақтандыру ассоциациялары белгілі бір мерзімге медициналық қызмет тарифтерін тағайындайды. Оларды бірліктер немесе пункттер түрінде көрсетеді. Сақтандыру дәрігерлері мен ұйымдары осы тарифтың шегінен шықпауы тиіс. Денсаулық сақтау ісін басқару Федеральдық денсаулық сақтау министірі жүзеге асырады. Муниципиалдық мекемелер жергілікті әкімшілікке бағынады. Жалпы барлық медицина мекемелері федеральдық, аймақтық (облыс) және жергілікті әкімшіліктің құзырына қарайды. Алайда денсаулық сақтау ісін басқару органдары сақтандыру кассалары мен ассоциацияларына билік жүргізе алмайды.

Францияда сақтандыру медицинасының қаржылай қорының 13,5 % жұмыс иелерінің салымынан, 6,5 % сақтандырушылардың қаржысынан және мемлекеттің сақтандыру қорына бөлген қаржысынан түзеледі. Әлеуметтік сақтандырудың 20 астам түрі бар. Оның ішінде науқастануға, жүктілікке, босануға байланысты медициналық сақтандыру белсенді жұмыс атқарады. Сақтандыруға жалпы денсаулық сақтау ісіне жұмсалатын қаржының 75 % шығындалады. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын өзге шығындар жеке адамдардың салымымен және ерікті медициналық сақтандыру қаржысымен жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандыру саласында 90 астам компания жұмыс атқарады. Олардың жұмысын бір Жалпыұлттық компания қадағалайды. Осы компаниямен медицина мекемелері мен дәрігерлер келісім шартқа отырады. Ал медициналық қызметтің бағасын өкімет белгілейді және оны үнемі қайта қарап отырады. Медициналық көмекке кететін шығынды әлеуметтік сақтандыру қоры толығынан өтей алмайды. Оның шамасы жалпы шығынның 75 % жетеді және сақтандырумен тұрғындардың 80 % қамтиды. Әдепкіде науқас медициналық көмекке қажетті шығынды толығынан өз қалтасынан өтейді. Ал сақтандыру ұйымы науқасқа медициналық көмекке жұмсалған шығынның 70-90 % қайтарады.

Сақтандыру мекемесінің және сақтандыру медицинасы мекемелері мен дәрігерлерінің жұмысын жалпы ұлттық сақтандыру компаниясы, сақтандыру кассаларының (компанияларының) ассоциациясы, дәрігерлердің кәсіподағы, еңбек, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министірліктері қадағалайды.

Франция мемлекетіндегі сақтандыру медицинаның құрлымы мен басқару жүйесі өзге елдердегі құрлым мен басқару жүйелеріне ұқсас болып қалыптастырылған. Франциядағы денсаулық сақтау ісінің негізгі қызметкері жалпы тәжірибелік дәрігер немесе отбасылық дәрігер болып табылады.

Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) денсаулық сақтау жүйесі нарықтық экономикаға барынша бейімделген. Бұл мемлекетте денсаулық сақтауды ұйымдастырудың жеке бір түрі басымдылыққа ие болған емес. Алайда, денсаулық сақтаудағы негізгі ұйым – жеке меншіктегі ерікті медициналық сақтандыру қоры болып табылады. Бұл жүйемен АҚШ тұрғындарының 80 % қамтылған. Сақтандырудың осы түрінің қаржысымен медициналық көмектің 35 %, оның ішінде ең қымбат ауруханалық дәрігерлік көмек көрсетіледі. Медициналық көмекке жұмсалатын жалпы шығынның 40% мемлекеттік бюджеттен және қоғамдық бағдарламалар қорынан қаржыландырылады. Оның ішіндегі ең басты қоғамдық бағдарламалар «Медикэр» (65 жастан асқан адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін) және «Медикеид» (кедейлер мен жұмыссыздарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін) деп аталады. Бұл бағдарламалар ХХ ғасырдың 60 жылдары парламенттің шешімі бойынша қабылданған. Медициналық көмекке жұмсалатын қаржының өзге бөліктері тұрғындардың өз төлем ақылары (20 % астамы) және діни, қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан түскен қаржы көздерінен түзеледі.

Америка Құрама Штаттарының денсаулық сақтау ісіне жұмсайтын қаржысы жалпы ішкі табыстың 15 % құрайды және әр жан басына балап есептегенде 4000 доллардан асады. Бұл елде 2000 астам медициналық сақтандыру компаниясы жұмыс атқарады. Олардың арасында «Көк крест» және «Көк қалқан» атты екі ірі компания ауруханалық және ауруханадан тыс медициналық көмекті сақтандыру жұмысымен айналысады. Олар өздерін коммерциялық компанияларға жатқызбайды және барынша пайда табуға ұмтылмайтындықтарын айтады. Алайда олардың табыстары кез келген комерциялық ұйымдардың табысынан бірнеше есеге артып түседі. Медициналық сақтандырудың түрлері өте көп. Оның ауруханалық, дәрігерлік, емханалық, хирургиялық және тағы басқа түрлері белгілі. Егер медициналық көмектің барлық түрлерінен сақтандырылсаңыз да, медициналық көмекке жұмсалған шығыныңызды толық қайтарып ала алмайсыз. Осыған қарамай АҚШ тұрғындарының 17 % -ғана сақтандырылмаған. Себебі бұл елдегі көрсетілетін медициналық көмектің құны өте жоғары және тоқтаусыз өсу үстінде.

Қазіргі күні АҚШ-та ерікті сақтандырудың орнына арзан жеке медициналық көмекке сақтандыру жасайтын ұйымдар көбее түсуде. Оның ішінде, ауруханалық көмектің жеке және негізгі түрлеріне сақтандыру белең алуда. Ерікті сақтандырудың кеңінен таралуына басты себеп, оны жұмыс берушілердің қолдауында жатыр. Салықты азайту және жұмысшылар қолын сақтап қалу үшін ірі өндірістік компаниялар өз жұмысшыларын сақтандыруға көп қаржы бөлуде. Шындығында бұл қаржылай шығындарды өндірілген тауарлардың өзіндік бағасына қосады.

Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау мекемелері мен мамандарының 8-10 % ғана құрайды. Денсаулық сақтау департаменті (министірлігі) барлық медицина мекемелерінің жұмысын үйлестіреді, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қадағалауды қамтамасыз етеді, дәрілерді өндіру және сату ісін бақылайды, тағамдық қоспаларды тексереді және таратылуын қадағалайды, өзіне қарасты медицина мекемелерін жеңілдіктермен көмек беретін компанияларға қолдануға береді. Ал, Ұлттық денсаулық сақтау институты медицинаның өзекті мәселелері бойынша зерттеу бағдарламаларын орындап, мамандарды даярлау ісін үйлестіреді. Жеке ұйымдардың саны аса көп емес, бірақ барлық медицина мекемелерінің, клиникалардың жартысынан астамы жеке меншікте болып қалуда. Бұл мекемелердегі медициналық қызметтің сапасымен қатар бағасы да аса жоғары.

АҚШ-та қайырымдылық, миссионерлік, діни медициналық сипаттағы мекемелер де аз емес! Олар конфессиялар мен меценаттардың бөлген қаржысына қызмет көрсетеді. Тегін медициналық көмек беретін мекемелер жоқ, алайда жеңілдіктермен қызмет көрсететін ұйымдар бар. Олар тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарына емдеу, профилактика және реабилитация шараларын тегін ұйымдастырады. АҚШ-та денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қыруар қаржы медицина тәжірибесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізуге және медициналық көмек сапасын тоқтаусыз арттыруға жол ашады.

Денсаулық сақтау саласында 200 астам халықаралық медицина ұйымдары мен ассоциациялар жұмыс атқарады. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық балалар қоры (ХБҚ) немесе ЮНИСЕФ, Ғылым мен Мәдениет саласының Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық атом энергиясының агенттігі (МАГАТЕ) және тағы басқа ұйымдар бар. Денсаулық сақтау саласындағы ең ірі және маңызы үлкен халықаралық ұйым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып табылады (ВОЗ - ДДСҰ).

Бұл ұйым 180 халықаралық медицина ұйымдарымен, агенстволармен және ассоциациялармен байланыс орнатқан. Халықаралық медициналық ұйымдардың тарихы 1851 жылы Парижде өткен эпидемияларға қарсы күрес мәселесіне арналған халықаралық конференциядан бастау алады. Осы және одан кейін өткен конференциялар эпидемияларды ауыздықтауға бағытталған бірлескен халықаралық санитарлық конвенция қабылдап, эпидемияға қарсы ірі күрес шараларын бүкіл жер бетінде жүзеге асыруға жол ашты. 1907 жылы Рим қаласында өткен конференцияда Халықаралық медицина ұйымын құру туралы шешім қабылдады. Оны Халықаралық қоғамдық гигиена бюросы (ХҚГБ) деп атауды жөн деп тапты. Бұл бюро Париж қаласында орналасты және 1946 жылға дейін жұмыс істеді. ХҚГБ ұйымдастыру туралы конвенцияға 55 мемлекет қосылды. Бұл бюро халықаралық санитарлық конвенцияларды, карантиндік ережелерді сақтауды, карантиндік аурулар туралы деректерді таратуды қамтамасыз етті. 1923 жылы Ұлттар лигасын құрғаннан кейін денсаулық сақтау ұйымы тағайындалды.

Бұл ұйымның шешетін мәселелері ХҚГБ –ның жұмыстарына сәйкес болды. 1946 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының І басты ассамблеясында жаңа денсаулық сақтау ұйымын құрып, оның құзырына денсаулық сақтау ұймының міндеттерін жүктеу туралы шешім қабылданды. 1946 жылдың 19 маусымынан 11 шілдеге дейінгі аралықта Нью – Иорк қаласында өткен халықаралық конференцияның отырысында 51 мемлекеттің делегациясының қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы қабылданды және ХҚГБ –ны тарату туралы шешім қабылданды. Ал 1948 жылдың 7 сәуірінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 26 мүше мемлекеттері делегацияларының қолдауымен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) жарғысын бекітілді. Осыдан бастап ДДСҰ толыққанды халықаралық ұйым болып қалыптасты. Бұл ұйымның жарғысын да «Барлық жер беті халықтары арасында мүмкін болған денсаулықтың ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізу» мақсаты көрсетілген. Сондықтан әр жылдың 7 сәуірінде Халықаралық денсаулық күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты барынша кең ауқымда қарастырады және оны «тек ауру мен кемістіктің жоқтығы емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік бақуаттылық» деп есептейді.

ДДСҰ – ның қызметі жалпы бағдарламаға сай әр 5-7 жылға жалғасады,

жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлы түрде 2 жыл деп қарастырылады.

Соңғы қабылданған бағдарламаның негізігі бағыттары:



  • ұлттық денсаулық сақтаудың негізгі шарттары негізінде 1970 жылы қабылданған денсаулық сақтау жүйесінің дамуын жүзеге асыру;

  • ДДСҰ Алматы конференциясында алғашқы медициналық- санитарлық көмекті дамыту туралы декларациясын жүзеге асыру;

  • адамдар қорын дамыту немесе мамандарды даярлау және олардың біліктігін арттыру;

  • әртүрлі топтағы тұрғындардың денсаулығын қорғау және күшейту;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы күрес; иммунизация және вакцинация жұмысын күшейту;

  • тұрғындардың рухани денсаулығын арттыру,жүйкесін күшейту және қорғау;

  • денсаулық сақтау мәселелері бойынша толық ақпаратты тарату;

  • Ғылыми медициналық зерттеу бағдарламаларын одан әрі кеңейту, кеңес беру және техникалық көмек беру мәселері.

1981 жылы ДДСҰ қабылдаған стратегияға сәйкес ″ 2000 жылға қарай жаппай дені саулыққа қол жеткізу″ бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл міндетті 1980 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Х. Маллер былайша түсіндірді: ″ Әрбір адамның және әрбір отбасының бақуаттылығы, олардың салауатты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастырады″. ″Барлығына дені саулық ″ деген ұғымды медициналық-демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштермен сипаттауға да күш салынды.

Медициналық – демографиялық көрсеткіштердің қатарында нәрестелер өлімі, туылғандағы нәрестенің салмағы, орташа өмір сүру ұзақтығы,медициналық көмекке қойылатын талаптар бар. Ал медициналық қөмекті қамтамасыз етуде аса маңызды деп алғашқы медициналық- әлеуметтік көмекті дамыту мәселесі қарастырылады. Бұл мәселені шешуге ДДСҰ арнайы бағдарламасы жасалған.Айта кететін мәселе, ДДСҰ –ның кең ауқымды бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жалғыз осы ұйымның күші жетпейтіндігі анық.

Сондықтан ДДСҰ-ның бағдарламаларын жүзеге асыруға осы ұйымға мүше елдердің денсаулық сақтау ұйымдары белсене араласуы қажет. Ал ДДСҰ-ы әрбір елдің денсаулық сақтау ұйымдарына сараптама жасауы, техникалық және кеңес беру жұмыстарын атқаруы тиіс.Дәл осы мәселе бойынша, ДДСҰ-ын көп жылдар бойы басқарған М.Кандау мырза ″ДДСҰ міндетті әрбір елдің денсаулық сақтау жүйесінде қалыптасқан өзекті мәселесін өз бетінше шешуге үйрету ″ деп атап көрсеткен.

Соңғы дүниежүзілік ассамблеяда ″Барлығына бірдей дені саулыққа қол жеткізу″ стратегиясын 2000 жылдары одан ары жалғастыру туралы шешім қабылданды. ДДСҰ- ның бюджеті осы ұйымға мүше елдердің жарнамаларынан тұрады. Осы бюджеттің 25% Америка Құрама Штаттарынан түседі. Кеңестер Одағының тарауынан кейін пайда болған тәуелсіз елдердің барлығы ДДСҰ-на мүше болып енді.

Сонымен ДДСҰ-ына қазіргі таңда 192 ел мүше болып отыр.ДДСҰ-ның секретариатының құрылымы орталықтандырылмаған. Оның 6 аймақтық бюролары ұйымдастырылған: Европа елдеріне, Америкаға, Шығыс Жерорта теңізі аумағы елдеріне, Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне, Тынық мұхиттың батысында орналасқан елдерге, Африкадағы сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан елдерге қызмет көрсететін бюролары бар. Осы бюроларда және ДДСҰ-ның штаб-квартирасында 4,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

ДДСҰ жыл сайын өтетін дүниежүзілік ассамблеясына барлық осы ұйымға мүше елдердің делегациясы қатысады. Ассамблеяның арасында атқару комитетінің сессиясы болып тұрады. Атқару комитетіне 30 мемлекеттен тағайындалған делегаттар қатысады.Олардың ішінде АҚШ, Россия, Ұлыбритания ,Франция,Қытай Республикасының делегаттары атқару комитетінің тұрақты мүшелері болып табылады. ДДСҰ өзекті мәселерді талқылауға және кеңес беру жұмыстарына 1000 аса белгілі денсаулық сақтау саласының қайраткерлерін тартады.

Бұл ұйым шығаратын басылымдар ішінде 20 астам журналдар мен жұмыс құжаттары, оның ішінде ДДСҰ бас директорының есебі, статистикалық материалдар комитеттер мен кеңес құжаттары бар. Сонымен қатар, атқарушы комитеттің және ассамблеяның есептері де қарастырылған.″ДДСҰ бюллетені″,″Денсаулық сақтау ісінің халықаралық форумы″, ″Дүниежүзінің денсаулығы″ деген белгілі журналдар, монографиялар мен техникалық баяндамалар жүйелі түрде баспадан шығып, барлық ұйымға мүше елдерде таратылады.

ДДСҰ ең табысты шараларының қатарына безгек ауруына, көптеген аса қатерлі жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған иммунизация мен вакцинация жұмыстарын айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет