Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



бет23/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95
2. ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
Денсаулықты сақтауды ұйымдастыру жұмысы ерте заманда, алғашқы қауымның мүшелері бір-бірінің денсаулығына жауапты қарай бастағанда пайда болды. Содан бері үкімет пен медицина қызметкерлерінің ең негізгі міндеті денсаулыққа әсер ететін инфекциялық және эпидемиялық аурулардың, ал кейінгі кезде созылмалы беиэпидемиялық аурулардың алдын-алу, санитарлық жағдайды бақылау болып келеді.

Кеңестер Одағында қоғамдық бұрмалау, жоғарыдан түскен бұйрыққа сүйеніп басқару, жеке адамдарды қудалау, мемлекеттік меншікке негізделген және әлеуметтік бағыттан аластаған, қажетті көлемде қаржыландырылмайтын денсаулықты сақтау жүйесін құруға алып келеді.

Қазіргі кезеңде бар күшті денсаулықты сақтау жұмысын жетілдіруге бағыттап, қоғамдық денсулықты күшейту, медициналық көмекті арттыру және мемлекеттік жүйеден-денсаулықты сақтаудың қоғамдық жүйесіне көшуге жұмылдыру керек. Осындай келелі мәселелерді шешу үшін әлеуметтік медицина мен денсаулықты сақтау жұмысы статистикалық әдісті қолданады. Оның көмегімен өзгерістердің саны мен сапасын зерттеп заңдылықтарын анықтайды. Қазіргі кезде медициналық статистиканы қолданбайтын бірде-бір медицинаның саласы жоқ. Статистиканың әдістерін білу және оны қолданып, медицинаның мәселелерін шешу бүгінгі күннің талабы. Сондықтан медициналық оқу орыны студенттері, ғылыми қызметкерлер, дәрігерлер, емхана мен ауруханалардың басшылары статистиканың негіздерін терең білу керек. Статистиканы үйрену және қолдана білу студенттердің ойлау қасиетін арттырады және барлық өзгерістерге сын көзімен қарауға, ал болашақта өз қызметін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Статистикалық көрсеткіштерді түсіне білу диагностикалық, емдік және болжамдық шешімдерді қабылдауға, лабораториялық және медициналық аспаптармен зерттеудің қортындысын шығаруға, оған клиникалық баға беруге көмектеседі.

Статистиканың негізін білу жоспарлауға, өзгерістерді сараптауға және бағалауға арналған зерттеулерді жүргізуге, тұрғындардың денсаулығындағы және денсаулықты сақтау жұмысындағы өзгерістердің бағытын анықтауға, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қажет.

Көптеген биологиялық және медициналық зерттеулерде статистикалық әдістер дұрыс қолданылмайды. Сондықтан зерттеу нәтижелері зерттелген мәселелер бойынша дұрыс қортынды жасауға және тәжірибелік ұсыныстардың тиімділігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді. Көптеген қателіктер Стьюдент көрсеткішін шамадан тыс қолданудан және өзге статистикалық әдістердің бар екендігін білмеуден туындайды. Себебі барлық медициналық және биологиялық статистикаға арналған оқу кітаптарының алғашқы бөлімі көбінесе Стьюдент көрсеткішіне арналған. Керсінше, дисперсиялық сараптау әдісі оқулықтың соңғы бөлімінде келтірілген және оны дұрыс түсінуге студенттердің уақыты жетіспейді.

Сонымен қатар, медициналық еңбектерде бірнеше әлеуметтік топтарды зерттеу барысында алынған нәтижелерді салыстыру дұрыс жүзеге асырылмайды.

Жоғары оқу орындарындағы көп жылдық тәжірибеге қарағанда, студенттер математикалық статистика курсын тыңдағаннан кейін статистикалық әдістер мен медициналық міндеттер арасындағы байланысты ажырата алмайды. Сондықтан кез клген медициналық статистикаға арналған оқу құралында гипотезаны дәлелдеуге және емдеу тиімділігін бағалауға баса көңіл бөлуі қажет.

Ғылыми еңбектерді жарыққа шығаратын журналдарда статистикалық қателіктері көп жұмыстар жиі жарияланады. Оның негізгі себебі, ғылыми еңбектің авторлары мен журналдардың редакторларының статистика туралы түсінігі аса жоғары емес. Сонымен қатар, журналдарды шығаруға бөлінетін қаржы жетіспейді. Сондықтан, қаржылық мәселелерді шешудің бір жолы ретінде журналға жіберілген мақалаларды жариялау және осыған арналып аударылған қаржыны пайдалану болып табылады.

Медицина ғылымы мен тәжірибесі жаңа ХХI ғасырға аяқ басты. Жаңа дәрілер мен медициналық диагностикалық технологиялар ауруды емдеу технологиясын мүлдем өзгертті. Ертеде емделмейді деген ауруларды жазып, адамдардың еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру оқиғалары күнделікті көрініске айналды. Осының барлығы ғылымның құдіретті күшін айқындайтын дәлел ретінде қарастырылуына және зерттеу жұмыстарын одан ары кеңейтуге жол ашты. Қазақстан Республикасында ғылыми бағдарламаларды қаржыландыруға миллиардтаған ақша бағытталуда. Соңғы кезеңде дәрігер-зерттеушілер өз қолына ешқандай мақсаты жоқ қорларды жинақтады. Ал ауруларға сапалы медициналық көмек беру денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қызметтік көрсеткішіне айнала қойған жоқ. Сондықтан да еліміздің әрбір облысынан денсаулық сақтау жүйесі мекемелері мен дәрігерлерінің сапасыз және тұрғындардың денсаулығына зиянды жұмыстары туралы деректер ақпараттық құралдар арқылы жиі таратылып отырады. Сонымен қатар, емдеудің ең озық және тиімді әдістері туралы нақты бағалау деректері жоқ. Қазіргі медицина саласында ауруларға өте күшті дәрілерді қолдану және негізгі хирургиялық операцияларды жасау, аурулардың денсаулығына өте үлкен қауіп тудырып, кеселдерінің одан ары асқынуына алып келуде. Алайда медицина саласына бағытталатын есепсіз қаржы көздері белгілі бір кезеңде тоқтайтыны анық. Сол кезде медицина қызметкерлерінен қызмет сапасын арттыруға жұмсалған қыруар қаржының тиімділігі мен нақты нәтижелері туралы сұрақ сұралатындығы белгілі. Медициналық диагностика мен емдеу тиімділігі туралы қатаң дәлелдер қажет болды. Осы жерде емдеу шарасы тиімді ме, ол емделген аурулардың қаншасына және қандай дәрежеде көмектесті деген сұраққа жауап беруді талап етеді. Ал бұл сұрақтарға медициналық статистикасыз жауап берудің ешқандай да мүмкіндігі жоқ. Табиғи биологиялық өзгергіш психотерапевтік тиімділік, бағалаудың субъективтігі емдеу шараларының тікелей және нақты тиімділігі туралы сөз қозғауға мұрша бермейді.

Сонымен клиникалық сынақты сандық бағаға аудару қазіргі таңдағы медициналық статистиканың негізгі міндеті болып табылады. Статистикалық сараптауға тек жаңа емдеу әдісі ғана ұшырамайды, сонымен бірге дәрігер жұмысының тиімділігі де алынады.

Жаңа диагностикалық әдістер мен емдеу тәсілдерінің көптігі, олардың ішінен нақты ауруға арналғанын таңдап алуды қажет етеді. Осы жерде стандарттау әдісін қолдана отырып, ұсынылған әдістердің ең тиімдісін таңдап алуға негіз бар. Ал бұл әдісті қолдану медициналық статистика әдістерінің негізін жақсы меңгеруді қажет етеді. Осы күнге дейін медицина қызметкерлері статистикалық сұрақтарды талдауға аса белсенді араласа қойған жоқ. Алайда берілген қорларды пайдалануға қойылатын талаптардың қаталдануына байланысты, дәрігерлердің өздері қолданып жүрген әдістерінің тиімділігін дәлелдеу үшін және қорлардың дұрыс бөлінуін талап ету мақсатында статистикалық әдістерді меңгеріп және оның көмегімен сұраныстарының дұрыстығын негіздеуді үйренуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет