Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру



бет67/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
5.4. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру.

Денсаулық сақтау жүйесі әр мемлекеттің маңызды әлеуметтік саласы болып табылады. Бұл саланы қаржыландыру арнайы заңдар бойынша реттеледі және қоғамның сұранысы мен мемлекеттің экономикалық ахуалына қарай жүзеге асырылады. Кез келген мемлекеттің денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржысы жалпы ұлттық табыстың 3-15% құрайды. Дүние- жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптаушы мамандарының пайымдауынша, денсаулық сақтау саласының негізгі өзекті мәселелерін шешу үшін қоғамның ішкі табысының 6 % жұмсау қажет. Ал тұрғындардың жоғары сапалы және білікті медициналық көмекке сұранысын қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткішті 12 % - ға дейін көтеру керек. Алайда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қыруар қаржы бұл жүйенің өзекті мәселелерін автоматты түрде шеше алмайды. Экономикасы дамыған, мемлекеттік (сақтандыру және бюджеттік) жүйеде ұйымдастырылған денсаулық сақтау саласы қалыптасқан Европа және Америка құрама Штаттары тұрғындардың денсаулығын қорғауда таң қаларлық табыстарға қол жеткізді.Олар жыл сайын денсаулық сақтау саласына ұлттық табыс көзінің 6-8 % жұмсайды. Бірақ Мемлекеттің бөлген қаржысын денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ұтымды пайдаланған елдердің тұрғындары сапалы және аса білікті медициналық көмекке қол жеткізіп отыр. 1990 жылдан бері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің қаржыландыруымен жұмыс істеуде.

1996 жылы құрылған міндетті медициналық сақтандыру қоры 1998 жылға дейін сақтандыру жарнамаларын жинады. Алайда 1999 жылдан бері Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі ескі қаржыландыру тәртібіне қайта көшті.

Сонымен, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен және ақылы медициналық көмектің есебінен жүзеге асырыла бастады.

1996 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын екі жақты қаржыландыру жүйесі ендірілді. Мемлекеттік бюджеттен кезек күттірмейтін медициналық көмек, жоғары білікті медициналық қызмет көрсету (мысалы, онкологиялық ауруларды емдеу) және қоғамдық денсаулық қаржыландырылады.1998 жылғы ресми статистикаға қарағанда, денсаулық сақтау саласына түскен қаржының жартысы мемлекеттік бюджеттен бөлінген болып шықты.

Денсаулық сақтау саласының емханалық көмегіне, стационарлық емдеуге және дәрілік заттарға жұмсалатын шығынын міндетті медициналық сақтандыру қорынан бөлінетін қаржы көзі жабуы тиіс болатын. Қазіргі жүргізіліп отырған қайта құру жұмысы екі түрлі бағытта қаржыландыру жүйесін сақтап қалуы тиіс. Коммерциялық емес мемлекеттік медицина мекемелері мемлекеттік бюджеттен, ал коммерциялық мекемелер – медициналық қызметті төлеу орталығымен жасалған келісім шарт негізінде қаржыландырылады. Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың қосымша көзі ретінде облыстық басқару органдарының табысы қарастырылады.

Жер беті мемлекеттерінде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мақсатында оның әртүрлі көздері қарастырылуда. Оның даму бағыты мемлекеттердің экономикалық жағдайына тікелей байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары денсаулық сақтау саласын қаржыландыру әдісі мен көлеміне қарай мемлекеттерді үш топқа жіктейді.

1. Табысы төмен елдер. Олардың денсаулық сақтау саласына бөлетін қаржысы 1 жан басына балап есептегенде 80 АҚШ долларынан төмен. Денсаулық сақтау жүйесінің жалпы ұлттық табыстың құрамындағы үлесі 3-4% -дан артпайды. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Алайда оның көлемі өте аз. Себебі салық салу көздерінің саны мен олардың қаржылық жағдайы нашар. Бюджеттік қаржы тұтынушылардан жиналатын қосымша салыммен толықтырылады. Бұл елдерде жұмыссыздық деңгейі жоғары, халқы өте кедей, тұрғындардың қаржылық жағдайы нашар.

Ауыр халдегі тұрғындардың емделуге және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндігі шектеулі.

2. Табысы орта деңгейдегі елдер. Бұл мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесіне бөлетін қаржысы 1 жан басына балап есептегенде 80-400 АҚШ долларын құрайды. Денсаулық сақтау саласының ұлттық табыстың құрамындағы үлес салмағы 5-6 % құрайды. Табысы төмен елдерге қарағанда, бұл мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көздері айтарлықтай көп. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлермен ресми секторларда жұмыс атқаратын азаматтар үшін арнайы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары қарастырылған.

Жеке мемлекеттерде тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету шаралары әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларының көмегімен жүзеге асырылса, екінші бір мемлекеттер жалпы ұлттық медициналық қызмет көрсету модельдерін қолдануды дұрыс деп есептейді.

Бұл мемлекеттерде жеке меншіктегі медициналық қызметтер кеңінен етек алуда. Сонымен қатар жеке меншіктегі медициналық сақтандыру жүйесінің беделі арта түсуде. Тұрғындардың ресми жұмыспен қамтылуы жоғарылап, капитал нарығы кеңеюде.

Алайда бұл мемлекеттер де тұрғындарды жаппай медициналық көмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алмай отыр.Бұл жағдайдың ушығуына ауыл тұрғындарының қала тұрғындарына қарағанда кедей өмір сүруі, олардың арасында жұмыссыздықтың жоғары болуы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көздерінің көп болуы, олардың бір мақсатты немесе қарама-қайшы міндеттерді шешуге бағытталуы тұрғындардың сапалы медициналық көмекке сұранысын іске асыруға жол аша алмайды.


  1. Табысы жоғары мемлекеттерде денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталатын қаржы 1 жан басына балап есептегенде 1000 АҚШ долларынан артады. Ішкі жалпы ұлттық табыстан денсаулық сақтау жүйесіне бағытталатын қаржының үлес салмағы 6-15 % дейін жетеді.

1997 жылы Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев мырзаның "Қазақстан 2030″ атты даму бағдарламасы жарық көрді.

Бұл бағдарламада еліміздің әлеуметтік саласын, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бағдарламада денсаулық сақтау саласының дамуын қамтамасыз етудің сегіз бағыты анықталды. Оның ішінде салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

1998 жылдың 18 мамырында Республика Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар туралы″ атты №3956 жарлығы жарық көрді. Бұл жарлықта денсаулық сақтау саласындағы еліміздің алдында тұрған міндеттер кеңінен талқыланды.Осы бағыттағы қайта құру жұмыстарының басымдықтары және 2008 жылғы атқарылатын нақты жұмыстар көрсетілген.Денсаулық сақтау саласының 20-дан астам бағыттары бойынша даму жобалары ұсынылып, мақсаттары анықталған. Қойылған міндеттердің сандық көлемі берілді.

1998 жылы Үкімет салауатты өмір сүру мәселелерінің Ұлттық орталығын құрды және осы бағыттағы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Президенттің 1999 жылғы ″Кепілдендірілген қызметтер тізімі туралы″ №70 жарлығында мемлекеттің қаржыландыруымен азаматтарға көрсетілетін тегін медициналық көмек ауқымы нақты көрінісін тапты.

Тұрғындар денсаулығының маңыздылығы "2002 жылды денсаулық жылы деп жариялау туралы″ Республика Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсанда жарық көрген №751 жарлығында баса көрсетілген. Еліміздің тұрақты экономикалық даму жолына түсуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабында көрсетілген азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы заңды құқықтарын жүзеге асыруға жағдай туды.(30 тамыз 1995 жыл)

Осы бапта мынадай деп атап көрсетілген:

1. Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулықтарын қорғауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары белгіленген заң аясында кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек алуға құқылы:

3. Мемлекеттік және жеке меншіктегі емдеу мекемелерінде, жекеменшік медициналық тәжірибесімен айналысатын тұлғаларда ақылы медициналық көмек алу жұмысы заң негізінде және аясында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі Республикалық бюджеттен қаржыландырылады.Оның көлемі жылдан жылға өсу үстінде. Алайда, денсаулық сақтау саласының бюджеті артқан сайын тұрғындардың денсаулығы мен медициналық көмек сапасы арта түседі деп кесіп айтуға болмайды. Бұл бізді медицина саласын экстенсивті жолмен дамытуға итермелеуі мүмкін. Сондықтан денсаулық саласын жаңаша құруды жүйелі жолмен, отандық медицинаның одан ары дамуына саяси, технологиялық, интелеклектуалдық, құрлымдық тұрғыда кедергі келтіретін себептерден арылту арқылы жүзеге асыру қажет.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев мырзаның 2004 жылғы 13 қыркүйектегі жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын оңтайлау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру міндеті қарастырылған. Бұл жүйе денсаулықты қорғау мемлекет пен адамның бірге жауап беру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басым дамыту және тұрғындардың денсаулығын одан ары жақсарту шартына негізделген. Осы мемлекеттік бағдарламаны орындау барысында біршама жетістіктерге қол жетті.

1. Республика Президентінің 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі жарлығымен ″ Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі бекітілді. Бұл Кодекс медицина саласының қызметін құқықтық тұрғыда қамтамасыз етіп келген 12 заңның орнын басты. Азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын барынша күшейтіп, ұлттық медицинаның басымдылығын арттырды. Денсаулық сақтау саласындағы Отандық заңнамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді;

2. Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің минималдық (ең төменгі шектегі) стандарты бекітілді. Оның тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын шығаратын қаулысымен бекітіледі;

3. Ана мен нәрестелер өлімін төмендету, қан қызметін жетілдіру, жұқтырылған имммундық тапшылық (ЖИТС) синдромы эпидемиясына қарсы күресті күшейту, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту, тұрғындарды туберкулезден сақтау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша салалық бағдарламалар жасалып, тәжірибеге ендірілді;

4.Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметі оңтайландырылды. Осының арқасында медицинаға жалпы дәрігерлік тәжірибе шарты ендірілді.Балалар мен ересектер арасында қан айналу жүйесі ауруларын ерте даму кезеңінде анықтауға арналған профилактикалық тексеру, әйелдер арасында репродуктивтік жүйе ауруларын және онкологиялық патологияларын ерте анықтау жұмыстары жүргізіліп, дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды;

5. Мемлекеттік медицина ұйымдары арасында желілендіру және стандартау жұмысы іске асырылды. Олардың мемлекеттік нормативтері бекітілді;

6. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық –техникалық қорларын күшейту шаралары жүзеге асырылды;

7. Денсаулық сақтау саласында жүргізілетін іс-шаралар стандартталды. Оның ішінде аурулар диагностикасы мен емдеу протоколдары тәжірибеге ендірілді.

8. Салалық медициналық және формацевтикалық істерді қадағалау комитеті және оның аймақтық бөлімдері мен тәуелсіз сараптаушылар институты құрылды;

9. Стационарлық және стационарлық медициналық көмекті ауыстыратын деңгейлердің бюджеттерін облыстық, ал 2010 жылдан бастап Республикалық ауқымда біріктірілді;

10. Денсаулық сақтау саласының менеджерлері даярлана бастады;

11. Дүниежүзілік банкпен бірге денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялар беру және институционалдық оңтайлау жобаларын жүзеге асыру жұмысы қолға алынды;

12. Дәрі-дәрмектердің біріңғай диструбициялау жүйесі ендірілді;

13. Денсаулық сақтау саласының біріңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде барлық аймақтарда (облыстарда) ақпараттық-сараптау орталықтары құрылды, 59 медицина ұйымдарында ақпараттық технологиялар ендірілді;

14. Денсаулық сақтауды бақылау саласында кауіптілікті бағалау жүйесі ендірілді:

15. Шекараны санитарлық қорғау жүйесі құрылды: санитарлық-карантиндік бекеттер ашылып, ел аумағын аса қауіпті инфекция ошақтарынан сақтау ісі қамтамасыз етілді;

16. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде денсаулық сақтау ісінің Біріңғай Ұлттық жүйесі ендіріле бастады.

Біздің елімізде тұрғындар жаппай сапалы және білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Бұл мәселе әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жолымен шешілген. Тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуде теңсіздікті болдырмау үшін арнайы қорлар ұйымдастырылады. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыратын біріңғай ұлттық қорлар бұл саланың тұрақты жұмыс атқаруына жағдай жасайды. Алайда біріңғай Ұлттық қорлардың нарықтық экономикаға тән бәсекелестік ортасы жоқ.

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін нарықтық экономикаға бейімдеп, қайта құру саясатын үш кезеңге бөліп қарастырған дұрыс. Бірінші кезең 1992-1994 жылдар арасында қалыптасты. Бұл кезеңде орын алған әлеуметтік-экономикалық тоқырау денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктерін сақтап қалуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды талап етті. Үкіметтің барлық шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайлауға және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сақтап қалуға бағытталды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі денсаулық сақтау жүйесін нарықтық экономика жағдайында дамыту жобасын қабылдады. Қазақстан Республикасының «Азаматтарды медициналық сақтандыру» туралы Заңы қабылданды. Осы заңның негізінде Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің № 1174 қаулысы қабылданып, міндетті медициналық сақтандыру моделін анықтау мақсатында сынақтар өткізетін аймақтар белгіленді. Бұл кезеңде денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттен қаржыландырылды.

1995-1998 жылдар арасында денсаулық сақтау саласындағы оңтайлау жұмысы одан ары жалғасты. Бұл кезеңде денсаулық сақтау жүйесіне нарықтық экономика механизмдері белсенді түрде енгізіліп, міндетті медициналық сақтандыру шарты қалыптастырылды. Фармацевтика саласында жеке меншік иесі пайда болды. 1998 жылы экономикалық тоқырау бүкіл дүниежүзі елдерін қамтыды. Қазақстан Республикасының Үкіметі экономикалық тоқыраудың алдын алуға бағытталған жедел шараларды қолға алды. Оның бір көрінісі ретінде 1999 жылға арналған бюджетті қарастыруға болады. Оны қатаң экономикалық саясатқа көшу, барлық тұрғындарға арналған әлеуметтік жеңілдіктерді тоқтату, өндіріс пен әлеуметтік салаларды арнайы бағдарлама бойынша Мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландыру арқылы жүзеге асырды. Медицина мекемелерінің Мемлекеттік қазыналық және мемлекеттік мекемелер түріндегі ұйымдастыру-құқықтық жүйелері енгізілді. Мемлекеттік бюджеттен тыс құрылған қорлар, оның ішінде медициналық сақтандыру қоры жойылды. Бұл кезеңді денсаулық сақтау саласын Мемлекеттік тапсырыс бойынша бағдарламалы-бюджеттік қаржыландыру кезеңі деп атауға болады.

Алайда, қазыналық мекемелер үшін қаржыландырудың шаруашылық шарты қалдырылды. Ол медициналық қызметтің ақысын төлеудің әртүрлі жолдарын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Оның ішінде, алғашқы звенода жан басына қаржыландыру, емханалық көмекті алғандар саны немесе амбулаторлық-емханалық тарификатор бойынша, стационарлық медициналық қызмет емделген ауру үшін немесе клиникалық шығындану топтары бойынша (КШТ) қаржыландыру жолдары бар.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін Қазыналық шаруашылықтармен қатар, көпканалды қаржыландыру әдісі де сақталды. Оның қатарында, ақылы медициналық қызметтен, өндіріс орындарымен және сақтандыру компанияларымен келісім шарт бойынша қызмет көрсетуден және өзге көздерден түскен ақшамен қаржыландыру жолдары бар.

1992-2001 жылдарындағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейі тұрғындардың медициналық көмекке сұранысын толық қамтамасыз ете алмады. Денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджеттік қаржы жалпы ішкі табыстың 1,9—2,7 % ғана құрады. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджеттік қаржы жыл сайын артып отырды. 1999 жылы оның өсу жылдамдығы 172,2 % болса, 2000 жылы 121,2 %, 2001 жылы 114,5 % құрады.

Жергілікті денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін теңестіру мақсатында «2002 жылғы Мемлекеттік бюджет туралы» Заң бойынша жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының ең төменгі шегі белгіленді. Республика тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 2011-2015 жылға арналған «Саламатты Қазақстан» атты денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Бұл бағдарлама 2010 жылдың 29 қарашасындағы Президенттің № 1113 жарлығымен бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Республикалық және жергілікті бюджеттерден, Мемлекеттік Заңнамаға қайшы келмейтін өзге көздерден 359358,9 миллион теңге жұмсалады деп күтілуде (26 кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет