Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Денсаулық сақтау ісін жоспарлау. Жоспарлаудың негізгі түрлері. Оны қалыптастыру және әдістері. Жоспарлаудың маңызы



бет65/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

5.3. Денсаулық сақтау ісін жоспарлау. Жоспарлаудың негізгі түрлері. Оны қалыптастыру және әдістері. Жоспарлаудың маңызы.
Кез-келген қоғамның денсаулық сақтау саласындағы қорлары шектеулі.Сондықтан оны тиімді пайдалану аса маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қаржылық және өзге қорлардың жеткіліксіздігі болашақта да жалғаса береді. Әсіресе тұрғындарды мемлекеттік тұрғыда кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қажетті көлемде және сапада толыққанды қамтамасыз етуге керекті қаржыны табу мәселесі өз шешімін таппай отыр. Осы жағдайда тұрғындардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтауды тиімді ұйымдастыру ісін дұрыс жоспарлаудың маңызы жоғарылай түседі.

Ұтымды жоспарлау денсаулық сақтау корларын басым бағыттарға жұмсауға және медицина ұйымдарының алдында тұрған өзекті мәселелерді кешенді шешуге жол ашады.

Денсаулық сақтау ісін жоспарлау дегеніміз - тұрғындардың медициналық көмекке, дәрілермен қамтамасыз етуге, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке сұранысын мүмкіндікке қарай қанағаттандыруға бағытталған негіздеу және құрастыру жұмысы болып табылады.

Академик Юрий Павлович Лисицын денсаулық сақтау ісін жоспарлау туралы мынадай деп түсінік береді. ″Денсаулық сақтау ісін жоспарлау қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін басқарудың арнайы жасалған көпсебепті басқару жүйесі. Ол динамикалық көпсалалы байланысты және элементтер арасындағы қызметтік қатынасты қамтамасыз ететін кешен.Бұл қатынастар денсаулық сақтауды және өзге салаларды қамтиды″ - деген ұғымды береді.

Нарықтық экономика денсаулық сақтау саласындағы жоспарлау ісін түбірінен өзгертті.Командалық экономика дәуірінде салалық жоспарлау жоғарыдан түскен нұсқауға сәйкес жүзеге асырылды.Оның еңбек бойынша жоспарлау (қызметкерлер саны мен еңбек ақ қоры), материалдық- техникалық қамтамасыздандыру жоспары (медицина мекемелерінің құрылысы мен қондырғылармен қамтамасыздандыру), еңбек қорлары бойынша жоспарлау деген тараулары болған.

Орталықтандырудан арылтқан денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жоспарлаудың мағынасы мен әдісі үлкен өзгеріске ұшырады. Алайда нормативтер мен қалыпты шамаларды қолданып жоспарлау бұл жұмыстың негізі болып қалуда.

Жалпы жоспарлау денсаулық сақтау саласының экономикасын басқарудың құрлымдық бөлімі ретінде, бұл саланың барынша жайлы даму жолын және қорларын тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады.

Жоспарлаудың деңгейіне қарай мемлекеттік , салалық, аймақтық және жеке ұйымдар мен мекемелердің жұмысын жоспарлау; жоспарлаудың уақытына қарай ағымды, болашаққа бағытталған, мақсатты жоспарлау; әдістемесі бойынша баланысты және нормативті жоспарлау деген түрлерге жіктеледі.

Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлаудың негізгі шарттары мыналар:


  • тұрғындардың қажетті медициналық көмекті алуының әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету және бірінші кезекте мемлекеттік кепілдік бағдарламасын жүзеге асыру;

  • денсаулық сақтау жүйесі қорларының тұрғындардың медициналық көмекке сұранысына сай келуі.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуды жоспарлау келесі жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс:

  • денсаулық сақтау жүйесін ағымды және болжамды дамыту жоспары әртүрлі ұйымдастыру деңгейінде біріңғай мақсат бойынша жүзеге асырылу керек;

  • медицина мекемелерінің материалдық,қаржылық, еңбек және өзге қорлары тиімді пайдаланылуы тиіс:

  • медицина мекемелерінің материалдық- техникалық қоры тоқтаусыз жаңартылуы қажет;

  • медициналық қызмет беру сапасы мен тиімділігі үнемі жоғарлауы керек.

Денсаулық сақтау саласына кіретін ұйымдар екі түрлі жоспарлауға, оның ішінде стратегиялық және оперативтік жоспарлауға қатысады. Стратегиялық жоспарлау медицина ұйымының жалпы денсаулық сақтау жүйесінде алатын орнын және жұмыс істеу бағытын анықтау үшін қажет.Бұл жұмыспен ұйымның әкімшілігі айналысады және оның жалпы саясатын белгілейді. Оперативтік жоспарлаумен ұйымның орта буынды басшылығы айналысады. Осы жоспардың көмегімен ұйымның ағымды жұмысын бағыттайды.Бұл жоспарға жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру және медициналық көмектің жаңа түрін енгізу жатады.

Басқаша айтқанда, стратегиялық жоспарлау белгіленген саясаттарды жүзеге асыру әдісі болып табылады.Стратегиялық жоспардың мысалына аурухананың төсек орнын қысқартып, емханалық көмектің көлемін арттыру жоспары жатады. Осы жерде амбулаторлық педиатриялық күндізгі стационарды кеңейту жоспары оперативтік жоспардың мысалы бола алады.

Стратегиялық жоспарды жасау төрт кезеңнен тұрады. Оның ішінде, сыртқы себептерді бағалау, ішкі себептерді бағалау, негізгі мақсат пен міндеттерді анықтау, жоспарды жүзеге асыру және оның нәтижелерін бағалау кезеңдері бар.

Ұйым әкімшілігі стратегиялық жоспарды жасауды өз жауапкершілігіне алуы және қажетті уақыт пен қорды бөлуі қажет. Сонымен қатар, әкімшілік стратегиялық мақсатты анықтап, нақты міндеттерді белгілеуге орта буынды басшыларды тартады.Орта буындағы басшылар стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға жауап береді. Ал стратегиялық жоспарды бағалауға және қажетті өзгерістерді анықтауға басқарушы буындардың екі сатысы да тартылады. Орта буындағы басшылардың ең маңызды жұмысы стратегиялық жоспардың жеке бөлшектерін және олардың арасындағы байланысты анық айқындау болып табылады. Бұл қасиет қала және облыс аумағындағы денсаулық сақтау жүйесінің қызметтік байланысын, жеке мекемелердің арасындағы байланысты дұрыс айқындай білу үшін керек. Басшының жүйелі ойлау қасиеті, болып жатқан өзгерісті анық түсінуге және оның басым бағыттарын белгілеуге қажет. Стратегиялық жоспардың сыртқы және ішкі себептерін бағалау қажет (9 сурет).

Стратегиялық жоспарға әсер ететін сыртқы себептерге – ұйымның қызметіне, оның жоспарына және орындау мүмкіндігіне әсерін тигізетін қоршаған сыртқы ортаның барлық себептері жатқызылады. Сондықтан осы себептерді анықтап, олардың мүмкін бойынша тигізетін әсерін зерттеу қажет.

Сыртқа себептерді анықтаудың бірнеше әдістері бар. Бірінші әдістемеге сәйкес, сіздің ұйыммен байланысты мекеменің стратегиялық жоспарға өз әсерін тигізе алу мүмкіндігі анықталады. Осындай мекемелердің қатарына мемлекеттік ұйымдармен қатар жекеменшік ұйымдар да кіреді.

Екінші әдістеме Майкл Портер құрастырған жан-жақты сараптаумен байланысты.Осындай сараптау барысында, ұйымның барынша үлкен өнімділікке жету мүмкіндігін анықтайтын негізгі күштер белгілі болады. Бұл күштерге жататындар: 1)сатып алушылар немесе осы мекеменің қызметін немесе тауарларын сатып алатын жеке тұлғалар мен ұйымдар; 2) осы мекемеге өз тауарларын немесе қызметін сататын жеке тұлғалар мен ұйымдар; 3) әдепкі медициналық қізметтің орнына жаңа қызмет тағайындау (фармацевтикалық фирмалар, медицина қызметкерлері, стационарлық операцияның орнына амбулаторлық хирургиялық көмек, аурухананың орнына үй жағдайында емдеу); 4) жаңадан құрылған мекеме немесе жаңа клиникалар, ауруханалар және осы аудандағы өзге емдеу мекемелері;

5) сіздің ұйымның стратегиялық жоспарына әсерін тигізетін жұмыс істеп жатқан өзге емдеу мекемелерінің арақатнасы, олардың ағымды және болашаққа бағытталған жоспарлары. Осы себептердің барлығы нақты стратегиялық жоспарларды жасауға әсерін тигізеді. Бастапқыда бұл әдістеме ұйым әкімшілігіне бәсекелестіктің механизмін жете меңгеруге ұйым әкімшілігіне шығын құрамы мен қорлардың көлемі туралы деректерді дұрыс сараптауға және түсінуге жәрдем береді. Осының арқасында ұйымның алдына қойған мақсатын орындай алу мүмкіндігі анықталады.

Сыртқы себептерді сараптаудың үшінші әдісіне «Сұранысты бағалау» жатады. Осы әдістің негізінде медицина мекемесінің қызмет көрсету аумағында тұрғындардың сұранысына сай келетін бағдарламалар мен қызметтер жасау қажет. Бұл үрдіс екінші реттегі мәліметтерді, оның ішінде эпидемиологиялық және демографиялық көрсеткіштерді сараптауды қамтиды.

Өзге медицина мекемелері мен әлеуметтік көмек ұйымдарының басшыларымен, қоғам қайраткерлерімен, тұрғындардың сенімді өкілдерімен кездесулер өткізіп, медициналық қызметті одан ары дамытуда қоян-қолтық жұмыс атқару мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіледі. Осы әдістерді қолдану болашақ бағдарламаларды және қызметтерді жоспарлауға қажетті сандық және сапалық сараптауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс ұйымның субьективтік және обьективтік, біріншілік және екіншілік деректерінен тұрады. Ұйымның жұмысы туралы ресми есептерді, қызметкерлермен бірге талқыланған ресми әңгімелерді жан-жақты сараптау қажет.

Бұл жерде қаржы, бюджет, өнімділік, сапаны қадағалау, мамандармен қамтамасыз ету мәселелері бар. Ұйымның күшті және әлсіз жағын, мүмкінділіктері мен қауіптіліктерін сараптау, жоспарлауды жүзеге асыру құралы болып табылады. Осы төрт категория бойынша жинақталған мәліметтерді жіктеп, олардың жоспарға тигізетін әсерінен туындау мумкіндігі бар өзгерістерді талқылау, ұйым қызметінің басыңқы бағыттарын анықтауға көмектеседі.

Одан ары ұйымның нақты іске асыра алатын мақсаты мен міндеттерін анықтап, оны жүзеге асыру жұмысы басталады. Қол жеткізген нәтижелер, ұйымның негізгі құндылықтары мен философиясы, нақты тауары мен қызметі тұжырымдалады. Басқаша айтқанда, бұл тұжырымдамада ұйымның сипаттамасы мен қандай құндылыққа қызмет көрсететіндігі хабарланады.

Құндылық пен ұйымның болашақтағы даму мүмкіндігі туралы арман басшының санасындағы ұйымның болашақтағы жарқын бейнесі. Ол ұжымды жаңа табыстарға құлшындыруы тиіс. Стратегиялық жоспар жарқын болашаққа апаратын жолнаманың жоспары деп есептеуге болады.

Басшылық болашақтың сипатын және ұйымның алдына қоятын басты мақсатын анықтап, оған қол жеткізудің 4-5 ірі мақсатын белгілеуі қажет. Ұжым осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2-3 жыл бойы бар күшін салып жұмыс істеуі тиіс.

Мақсаттар- қысқаша айтқанда, ұйымның болашақта қол жеткізуге тиісті мәселелері. Әрбір мақсатты орындау үшін бірнеше міндет анықталады. Ол міндеттер негізгі мақсатты шешудің жолдары болып табылады.

Әрбір міндет сандық әдіспен сипатталады, ал оны орындауға нақты белгіленген мерзім беріледі. Міндетті орындау үшін жұмыс жоспары құрылады. Онда кім жауапты, қай мерзімде істеуі және қалай жүзеге асыру керектігі жазылады.

Егер міндетті орта звено басшылығының мүшесі қойса, онда жұмыс жоспары орта звено басшылары мен оның қол астында істейтіндері жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет