109
қарым-қатынас, мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау
орын алып жатады.
Жасөспірімділік шақта жастардың ағзасы – қаңқасы мен бұлшық еттері,
ішкі ағзалары тегіс дамиды. Бұлшық еттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің
нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан,
қоғам алдында тұрған
әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене
қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді,
өздерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың
мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі
іс-әрекеттеріне
жауапкершілігін арттырады.
48-суретте жеке тұлға дамуының көпқырлылығының мәні ашылды.
Сурет-48. Жеке тұлға дамуының көпқырлылығы
Белсенділік адамның іс-әрекеті барысында қоғаммен жеке адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы барысында, өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар
әлеуметтік қоғамдық еңбек процесінде айқын көрінеді. Бала белсенділігінің ең
алғашқы формасының бірі – қарым-қатыныс жасау белсенділігі.
Бұл белсенділік – баланың білім алу, еңбек ету, әртүрлі қоғамдық жұмысқа
қатысу барысында және өзін-өзі тәрбиелеуде бүкіл өмір сүруі барысында
дамитын белсенділік. Жеткіншек жаста бала тәрбиенің
обьектісі болып қана
қоймай, ол тәрбиенің субьектісіне де айналуы керек. Бала тәрбиенің субьектісі
болатын себебі: ол, бір жағынан, өзін қоршаған
ортаны - обьектіні танушы,
білуші, екіншіден, өзінің белсенді іс- әрекеті арқылы сол өзі танып,
ортаға өз
Достарыңызбен бөлісу: