Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет192/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   303
 
 
 
Сурет-90. Оқыту заңдылықтары 
Оқыту процесінде әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын мұғалімнің 
басшылығымен оқушыларға жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен олардың 
санасына берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір 
мұғалім оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі шарт. 
Олар оқытуды ұйымдастырғанда оның білім беру, тәрбиелеу және дамыту 
қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы міндетті. 
Сондықтан мұғалімнің оқыту процесінде дидактикалық принциптерді 
дұрыс таңдауы, дұрыс ұйымдастыра білуі сабақтың тиімділігін арттыруда оң 
ықпал етеді. Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтарынан 
дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қорытындыланған түрі және қазіргі 
таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін 
ескеріп отырады.
Принциптер – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-
құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдай, идея, негізгі ереже,
қағида,талаптар.
Оқыту заңдылықтарын жіктеу 
Ю.К.Бабанский бойынша: 

Оқытудың қоғамның 
мұқтаждығына және жағдайына 
байланысты заңдылығы 

Оқытудың білім берудің 
және жеке дамудың өзара 
байланысына тәуелділік 
заңдылығы 

Оқыту процесінде 
оқушылардың жас, жеке 
ерекшеліктерін есепке алу 
заңдылығы 

Оқыту процесінің міндеті, 
мазмұны, формалары және 
әдістерінің өзара байланыс 
заңдылығы. 
Б.Т.Лихачев бойынша


Оқушының білімге 
ынтасына мұғалім әсерінің 
сәйкестігі 

Оқушылардың жеке және 
ұжымдық іс-әрекеттеріне 
мұғалімнің әсерінің сәйкес 
болуы 

Оқушының танымдық, 
ақыл-ой және басқа да 
мүмкіндіктеріне мұғалім 
әсерінің сәйкестігі 

Мұғалім мен оқушының 
іс-әрекеттерінің оқытудың 
техникалық құралдарының 
мүмкіндіктеріне сәйкестігі; 

Мұғалім мен оқушының 
іс-әрекетінің қазіргі таңдағы 
талаптарына сәйкестігі


214 
Оқытудың принциптері – оқытудың мазмұны, ұйымдастыруы және 
әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Оқыту 
процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйену керек. Оқытудың
принциптері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай, оның мазмұнына, әдістеріне, 
ұйымдастыру жолдарына қойылатын белгілі бір талаптар, ережелер жүйесі (91-
сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет