Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет80/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   303
педагогикалық аксиология
айналысады. 
Құндылық бағдар мәселесімен (аксиологиялық құндылық, философиялық 
құндылық) 
әлеуметтану, 
жалпы 
психология, 
философия, 
мәдениет 
антропологиясы, педагогикалық психология айналысады. 
Құндылық – бұл обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін 
философиялық-әлеуметтік ұғым. «Құндылық» ұғымы алғаш peт ХІХ ғасырдың 
ортасында пайда болған.
Оған алғаш рет философиялық тұрғыдан Р.Ротце мен Г.Коген түсініктеме 
берген. Ежелгі философтардың пікірінше, құндылықтың әртүрлі көріністеріне 
жататын жеке табиғи, қоғамдық кұбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда 
пайдаланатын сұлулық, қайырымдылық, мейрімділік сияқты этикалық, 
эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық заттың, обьектінің адам үшін 
маңыздылығын айқындайды.
«Құндылық» бағыттарының терминін алғаш рет АҚШ-қа қоныс аударған 
поляк шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін ХХ ңасырдың 20-
жылдары У.Томас қолданған.
«Құндылық» ұғымының мазмұнынан Н.М.Анисимов, М.С.Каган, В.А.Ядов 
және т.б. зерттеді.
Педагогикалық құндылықты жеке тұлғаның дамуына, рухани 
қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты қарастырамыз: оқушыны 
оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен нәтиженің идеалы; білім, қабілет пен 
дағдылар, оқу-тәрбие процесінде мақсатқа жетудің негізі; еңбектегі, 
адамгершіліктегі, саясаттағы тәрбиенің жеке басындағы қасиеті; дүниетаным 
мен сендіру жеке тұлғаның мінез-құлқына байланысты болады.
Аксиология ұғымы грек тілінен «ахіс» – құндылық және «logos» – «ілім» 
деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан, 
орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.


87 
Аксиология ғылымының мақсаты – болмыстың, жалпы құрылымындағы 
құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген 
түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсететін ұғымдарын қалыптастырады. 
И.Кант және Г.Гегель немістің ұлы философтарының танымдары бойынша 
құндылықтар ұғымына зейін қойып, талдаулар жүргізген. Құндылықтар 
теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы құрылым туындап, 
философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың зерттеулерімен танысу 
барысында құндылықтар теориясын өмірге алып келгендігі және оларды 
типтерге 
бөлуге 
арналған 
философиялық 
әлеуметтік 
тұжырымдары 
айқындалады.
Қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы 
адамзаттық 
ұлттық 
құндылық 
тенденцияларына 
ғылыми-теориялық, 
әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, 
Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева және т.б.) жүргізіп келеді.
Құндылықтарды игеру тетігі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы 
арқылы жүзеге асады. Құндылықтар бағдарының әлеуметтік табиғаты оның өзін 
тұрақтандыру функциясында көрінеді.
Адам 
іс-әрекетінің 
құрылымында 
құндылық 
бағдар 
танымдық-
эмоционалды және оның еріктік жақтарымен тығыз байланысты бола отырып, 
жеке тұлғаның шындыққа қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Л.И.Божовичтің пікірі бойынша, құндылық бағдары – адамгершілікке, ал 
мінез-кұлық іс-әрекеті – қоғамның маңызы мен тұрақтылығына ерекше мән 
береді.
Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының арасында өзара 
байланыстар бар. Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының мәнін 
ашатын ортақ категория – қарым-қатынас. Ол тұлғаның рухани дамуын талдай 
отырып, құндылық бағдарының саналы қатынастар жүйесін қамтиды.
Б.Г.Ананьев жеке тұлға көзқарасын «тұлға қатынасының күрделі жүйесі» 
деп, өз іс-әрекетінде басшылыққа алатын бағдар мен мотивтер әрекетіне 
бағытталған мақсаттар мен құндылықтар ретінде түсіндіреді. Психологтар жеке 
тұлғаның құндылық бағдарының психологиялық мазмұны – мотивациялық 
тұтынушылық сферамен өзара байланысты қарастырады. 
Педагогикада құндылық бағдары өмірдегі жеке қасиеттердің қалыптасуы 
және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру құндылықтарын таңдап алу процесі 
ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет