Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Қазіргі мектептегі электронды (Е-lеагnіng) оқыту жүйесі. Өздігінен



Pdf көрінісі
бет204/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Қазіргі мектептегі электронды (Е-lеагnіng) оқыту жүйесі. Өздігінен
E-learning - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды 
мемлекеттік жоба. Бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа 
ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен 
қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, 
электрондық оқыту жүйесі. 
Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік 
оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілік, тьюторлер және де 


224 
басқа білім беру процесіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интернет
желісі ретінде қызмет етуде. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі 
болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке 
меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – компьютерлік 
бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-
аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік 
береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім 
беру процесіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, 
барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы 
болып табылады. Оқушы қай мектепте оқыса да, қалалық немесе шалғайдағы 
ауылдық және шағын жинақты мектепте оқитынына қарамай, оқу процесіне 
енуге тең мүмкіндік алады, басты тұлға оның өз ұстазы болып қала береді, 
бірақ енді жалғыз емес, республиканың озық мұғалімдерімен, ғалымдарымен 
бірге, оқушыға қашықтан жаңа тақырыпты түсіндіреді және әрбір тақырып 
бойынша оның оқу жетістіктерін тексереді. 
Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек 
қана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.
Сонымен қатар, e-learning
 
жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын 
орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді. 
Е-learning-те барлық электрондық білім беру ресурстары жүктеледі және 
жаңартылады. Оқушылардың жеке жетістігін электрондық журналмен 
электрондық күнделікте қарауға болады.
Электрондық оқыту жүйесінің арқасында ата-аналардың мұғалімдермен 
қарым-қатынасуға, білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды білуге, мектептің 
және өзінің баласының өміріне белсенді қатысуға мүмкіндігі бар 
Электрондық оқыту жүйесімен бірге білім беру жүйесінің мазмұны 
цифрлық форматқа ауыстырылады. Цифрлық білім беру контенті алуан түрлі 
болады, 
бұл 
педагогикалық 
және 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың кіріктірілу деңгейіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет